Сабақтың тақырыбы
|
Жәндіктердің айтысы. (3-тақсан, 6-тарау). 95-сабақ
|
Дағды
|
оқылым және жазылым
|
Оқыту мақсаттары
|
4.3.4.1 Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкердің іс- әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру
4.4.4.1 Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазу
|
Лексикалық минимум
|
өрмекші, маса, инелік
|
Алдыңғы білім
|
Қайталау
|
Пәнаралық байланыс
|
Дүниетану
|
Сабақтың барысы
|
С.кезеңі
|
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
|
уақыты
|
Қар.қат
|
Оқыту ресурс- тары
|
Кіріспе
|
-Балалар, бүгінгі сабақ тақырыбы: «Жәндіктер айтысы». Жалпы,
«айтыс» деген не? Ал жануарлар айтысы бола ма?
-Иә, дұрыс айтасыңдар, жануарлар айтысын біз ауыз әдебиеті жанрынан білеміз. Адамдар жануарлар мінезін, қасиеттерін сөзге қосып сынайды, өлеңдете айтысады. Ал жәндіктердің айтысы бола ма екен? Ендеше, жәндіктерді де сөйлетіп көрейік. Сабақта болымсыздық мәнді сөздерді дұрыс қолдану көзделеді. Жәндіктер туралы мол мағлұмат алатын болады.
|
2 мин
|
Мұғалім-сынып
|
|
«Жаңа сөз үйренейік» айдарында оқушыларға жалпы жәндіктер туралы мәлімет беру қарастырылады. Жәндік суреттері оқушы назарларына ұсынылып, астына жәндік атаулары жазылады. Оқушылар табиғат ананың тіршілік иелері жәндіктермен танысып болған соң, олардың тіршілігі туралы дүниетанымдарының кеңеюі мақсатында мәтін беріледі.
|
5 мин
|
Жеке жұмыс
|
|
Негізгі бөлім
|
«Оқиық» айдарында берілген жұмбақ жауаптарын табу арқылы жәндік иелерін анықтайды, олардың ерекшеліктеріне, қасиеттері мен әрекеттеріне, көлем пішіндеріне де назар аударады. Жұмбақ сөздеріндегі
таным-деректерге сүйене жұмбақтарды шешеді.
|
3 мин
|
Топтық жұмыс
|
|
«Ойланайық» тапсырмасында жәндіктердің қайсысы қаншалықты пайдалы, пайдасыз екеніне оқушылар назарын аудартады. Оқушылардың өз ойларымен ойша тұжырым жасауына ықпал етеді. Оқушылар суретпен қатар берілген ақпаратты оқи отырып, өз таңдаулары бойынша екі
текшеге топтастырады. Бұл ретте сан есімдер қайталанып, 4.1.3.1 мақсаты қосымша жүзеге асырылады.
|
5 мин
|
Мұғалім - сынып
|
|
|
«Оқиық» айдарында оқушыларға рөлге ене отырып, оқып танысу мақсатында диалог беріледі. Диалог жәндіктердің өз қасиеттері мен қабілеттерін жарыса айтқан айтыстарын баяндайды. Мұнда диалогпен таныса, орындай отырып, қарамен жазылған жаңа аталым, сөздерге және
болымсыздық мәнді сөздерге назар салу басшылыққа алынады.
|
3 мин
|
Мұғалім- сынып
|
Оқулық
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |