«Жаттығайық» айдарымен берілген тапсырма оқушылардың леп белгісі туралы алған білімдерін пысықтауға арналады. Оқушылар дайын сөйлемдерді оқып, олардың айтылу мақсатына зер салып, сөйлем соңына қойылатын тыныс белгіні тиісінше таңдап қояды. Осы тапсырманың логикалық жалғасы іспеттес болып келетін екінші тапсырмасы оқушыларды үлгіге қарап диалог құрастырып үйренуге жетелейді. Диалог құрастыру уақыты аяқталғаннан соң, мұғалім оқушылардың өз мәтіндерін өңдеуіне, сенімсіз тұстары болса мұғалімнен немесе сыныптасынан сұрауына мүмкіндік береді. Балалар өзін-өзі тексеріп, кейін сынып алдында өз диалогтерін оқып берулері
кезінде бірін-бірі бағалайтын болады.
7 мин
Мұғалім-сынып
Оқулық
«Көрсетейік және айтайық». Оқулықтың келесі тапсырмасын орындауда оқушылар ғаламшарлар туралы тың мәлімет алады. Ғаламшарлар туралы сөйлемдерді оқи отырып, суреттен ақпараттарды іздеп табады, күн жүйесіндегі ғаламшарлармен танысады. Осы тапсырмны орындау барысында мұғалім оқушыларға «ұсақ» және «ірі» сөздерінің мағынасын ұғындырады. Тапсырманы тереңдету, күрделендіру мақсатында оқушыларға «ең ірі ғаламшарды көрсет» немесе «ең ұсақ ғаламшарды көрсет» деп мұғалім нұсқау беру арқылы әрі жаңа сөздерді жаттатып әрі аспан денелері туралы тың мәліметті беру арқылы оқушы бойында жаңа білім қалыптастырады. 4.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру\сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау\кесте толтыру\кластер құрастыру\болжау аталатын оқу мақсаты жүзеге асады. Осы тұста оқушылардың ұсынылған білімді қаншалықты меңгере алғандығын өздері бағамдай алуы үшін,
бағдаршам түстерін көрсетулері сұралады.
5 мин
Жеке жұмыс. Жұптық жұмыс Сынып
Оқулық
Оқушылар («Жазайық» айдары) жазылым тапсырмасын орындау алдында бірнеше басқыштардан өтіп, жазуға жеткізетіндей тапсырмаларды орындайды. Осы тапсырма аясында мұғалім оқушылардан ғаламшарлар туралы қандай білім алғандарын қағазға түсірулерін өтінеді. Бұл тапсырма оқушылар үшін аса қиын тапсырма емес, алайда тілдік дағдылары белгілі себептермен әлі де болса қалыптасу үстінде болатын балаларға арнап дайын шаблондар немесе сөйлем құрау сызбаларын қосымша дайындап қоюдың артықтығы болмайды.
(Не?) ең (қандай?) ғаламшар.
Аталмыш тапсырманы орындау барысында жазылым аты болғанымен ішкі мақсаты 4.5.1.3өз бетіншешағын мәті нненетістіктің шақ,райформаларынауызша\жазбашатілдеқолдану 4.5.1.5сөйлемдегісөздердіңорынтәртібінсақтап,жайжәнеқұрмалас сөйлем құрастыру сынды оқу мақсаттарын өн бойына игеріп тұрады.