Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет297/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

«Жаңа сөз үйренейік» айдары. Мұғалім Қуаныштың оқушы жауаптарын толықтыруын, түсінік беруін өтініп, аудио не бейнежазбалар арқылы, сурет арқылы Қуанышты сөйлете, жаңа сөздер туралы түсінік береді. Оқушылар қандай сөздерді айтуға қиналуы мүмкін, сол сөздерді үйрету барысында қайталату, жаттықтыру жұмыстарын мұғалім мұқият кезең-кезеңімен жүзеге асырады. Мұғалім сыныппен бірге Қуаныш таныстырған жаңа сөздерді қайталатып, әр оқушыдан жеке-жеке ол сөздердің мағынасын, қолданысын сұрап,
санада бекіттіреді.

5 мин

Мұғалім-сынып

Аудио не бейнежазба

Қуаныштың келесі тапсырмасы мәтінмен жұмыс. «Сен білесің бе?» айдарында жаңа сөздер туралы түсініктерін мәтін арқылы кеңейтіп, тың ақпараттармен толықтыра түседі.

5 мин

Жеке ж. Жұпт. ж.

Сен
білесің бе?

Оқушылар мәтінді іштей тағы бір мәрте оқып, ішіндегі ерекшеленген жаңа сөздердің айтылуы мен жазылуына жете мән береді. Хормен қайталата айттырып, Қуаныш оқушы тілдерін жаңа сөздерге жаттықтырады (диктофон арқылы Қуаныш дауысы беріледі).

7 мин

Жеке ж. Жұпт.ж. Сынып

Аудио

«Оқиық» айдары. Қуаныштың келесі тапсырмасы берілген өлеңді мәнерлеп оқып, түсінгендігін айттыру арқылы астроном мамандығы мен арманы туралы оқушы түсінігін тереңдету болмақ. Яғнх астроном
білімін ұштап, ғылыммен шұғылданатын, жауапкершілігі мол мамандық екеніне оқушылардың көздерін жеткізу болып табылады.

5 мин

Топттық жұмыс
(4 оқушы)

Оқулық

Қуаныштың келесі шарты «Оқиық және жауап берейік» арқылы сұрақтармен танысып, өлеңді талдау жасатып, бұрынғы алған білімдерін еске түсіртіп, тапсырманы күрделендіре қайталау,
білімдерін бекітуді көздейді. Осы тұста сан есімдерді де қоса қайталап кетеді.

3 мин

Жеке ж. Жұптық жұмыс

Қайталау – білім анасы

Қорытынды бөлім

Қуаныш соңғы тапсырмада өлеңді қайталап оқытып, жедел сұрақтар арқылы бүгінгі сабақты бекітеді, нақтылайды. «Ойланайық»
айдарының тапсырмасы орындалады.
«Бағдаршам» әдісі арқылы сабақты Қуанышпен бірге бағалап қорытады.
ҚБ. Әр оқушыда бағдаршамның үш түсіне сәйкес топшамалар болады. Мұғалім оқушылардан материалды түсінгендігі немесе түсінбегендігі туралы белгіні көрсетуін сұрайды, содан кейін оқушылардың сұрақтарға жауап беруін өтінеді.
Жасыл түсті топшаманы (бәрі түсінікті) көтерген оқушыларға:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет