Қазақ тілі және Қазақстан тарихы, ағылшын тілі пәндерін кіріктіріп оқыту



бет2/2
Дата06.02.2022
өлшемі73,41 Kb.
#37246
1   2
меңгеруі (біздің жағдайымызда – қазақ тілі) болып табылады.
Тіл мен пәнді кіріктіріп оқыту ең алдымен тілдік іс-әрекеттің төрт түрін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) меңгеруге бағытталған болады. Мысалға, 10 орыс сыныбына арналған сақ дәуірі аясына арналған тақырыптарға тоқталар болсақ, бағдарлама бойынша іс – әрекетке қойылатын талаптарды жүзеге асыруда кіріктіріп оқытудың тиімді тұстары басым деуге болады.
Тыңдалым: сақ дәуірі туралы мәтіндерді түсіну .
Оқушы өз ана тілінде (орыс тілінде) ойлайды және Қазақстан тарихы пәнінен алған білімін еске түсіре отырып, мәтінді қазақша оқып түсінеді.
Оқылым: мәтінді түсініп оқу. Сақ дәуірі туралы мәтіндерге талдау жасау.
Тақырыбын аша отырып, өздіктерінен жоспар құрып, тақырыптық ауызша диалог құрастыруда қиындық болмайды.
Айтылым: сақ дәуірі туралы баяндау. Сақ дәуірі туралы баяндауда тарих пәнінен алған қосымша деректерге сүйене отырып, баяндамасын картамен бекіте алады.
Жазылым: жазбаша жұмыстарды орындау. Оқыған мәліметтерді жазу. Жазбаша жұмыстарға Томирис ханшайымды, Алтын адамды сипаттау, мәтін бойынша сұрақтар дайындау және мағлұматтарды толықтыр сынды тапсырмаларды орындауда оқушы Қазақстан тарихынан алған біліміне сүйінеді және ағылшынша сөздерді аудару арқылы ізденімпаздық қабілеті жетіледі, пәнге қызығушылығы артады және пәнаралық байланыстың қажеттілігін мойындау арқылы жауапкершілігі нығаяды.
Жалпы, тілдік іс – әрекеттерді тақырыптар бойынша оқушыларға алдын – ала беріп қою, олардың келесі сабаққа өздіктерінен дайындалып келуін де қамтамасыз етер еді. Және де әр сабақ сайын сөздік жұмыстарына басым көңіл тек қазақ тілі сабағында емес тарих , ағылшын пәндерінде де іске асар еді. Осы жұмыстар арқылы оқушының тілдік қорын дамыту үш пәнде бір тақырып аясында өткізілер еді. Биылғы оқу жылына арналған бір мәтіннің қазақ - орыс - ағылшын тілдеріндегі нұсқасы http: nao.kz ғаламтор сайтында берілген. Арнайы курс бағдарламасын сол тақырыптар арқылы да жасауға болар еді. Әсіресе, қазақ халқының мәдениетін, өркениетін, тарихын танытатын тақырыптар. Жоғарыда айтылғандар, оқу материалының мазмұнына сәйкес жаңа оқу ақпаратын құруды, жаңа технологиялармен оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді талап ететін оқытудағы кіріктіру мәселесінің өзектілігін айқындайды.

Пайдаланылған әдебиеттер





  1. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2016 жыл. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен бекітілген.

  2. Холодная М. А. Психология интеллекта: парадоксы исследования. - Томск: изд-во Томского ун-та. М.: изд-во «Барс».1995.-250 с.


  1. http://nao.kz/ Ағылшын тілін және жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді (информатика, физика, химия, биология, жаратылыстану) кіріктіріп оқыту

Оқу-әдістемелік құрал
Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет