«Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасы «Бекiтемін»


Есімдерден зат атауын жасайтын жұрнақтар 1. Лексикалық мағынаны өзгертетін жұрнақтар



бет16/45
Дата08.11.2023
өлшемі163,07 Kb.
#190447
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45
Байланысты:
УМК сөзжасам

Есімдерден зат атауын жасайтын жұрнақтар 1. Лексикалық мағынаны өзгертетін жұрнақтар
Туынды зат есім сөздер жасаушы жұрнақтардың көбі сөз мағынасын өзгертуші жұрнақтарға жатады. Олар ңегіз сөздің мағынасын алуан түрлі мағынаға өзгертеді, оларды мағынасына карай топтастыру өте қиын, оны түгел қамту мүмкін де емес және ондай тәжірибе де жоқ. Дегенмен, оқулықта сөз өзгертуші жұрнақтар мағыналық ерекшелігіне қарай берілді.
Лексикалық мағынаны өзгертетін зат есімнің сөзжасамдық жұрнақтарының мағынасы түрлі-түрлі, оларды түгел көрсету мүмкін емес. Мұнда солардың ішінен ірілерін жинақтап, 13 мағыналық түрі берілді.
1.Мамандық мәнді жұрнақтар
Кәсіп, мамандық мәнді сөз жасау тілде қай заманнан бері бар. Қазір тілде мамандық мәнді мынандай жұрнақтар бар: -шы/-ші. -кер/-гер, -піз, -пан, -кіш, -лық/-лік. Бұл жұрнақтар мамандық атауын жасап, белгілі бір кәсіппен шүғылданатын адамды білдіреді.
Мысалы, Әнші Бибигүл халықтың сүйіктісі. Дәрігер адам денсаулығынның сақшысы. Аспаз болу оңай іс емес. Арбакеш болып жүрді. Ол молдалык құрып жүрді.
Ал -кеш, -паз, -пан (сақпан) жұрнактары өнімсіз қалыпта қалып тұр. Мысалы, Шоқайдан құрылыс жабдықтарын тасушы арбакештер үлкен керуен болып, жол үстінде жылжып келеді. (Ғ.Мүстафин).
2.Орын-жай мәнді жұрнақтар
Олар: -стан, -кент, -хана, -дық, -дік. Бұл жұрнақтардың мағынасында да, қолданысында да біраз ерекшелік бар.
-стан жүрнағы халық атына жалғанып, сол халыктың елі, мемлекеті деген мағына береді. Мысалы, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Татарстан. Ол онша өнімді жұрнақ емес.
-кент жұрнағы да мекен атауларын жасайды. Мысалы, Жаркент, Манкент, Шымкент, Ташкент. Кейінгі кезде атакент сияқты жекелеген туынды сөздер қосылды. Өнімсіз жұрнақ санауға болады.
-хана мекеме, орын-жай мағынасын білдіреді. Бүрын өнімсіз саналатын бұл жұрнақтың қазір өнімділігі артып келеді. Соңғы кезде бұл жұрнақ арқылы сәулетхана, дәріхана, перзентхана, емхана, жетімхана сияқты туынды сөздер қосылды.
-дық/-дік жұрнағы да жер, орын мағынасында қолданылады. Мысалы, шабындық, егіндік т.б. Егіндікте жұмыс қызған. (газеттен)
3.Лауазым атаулары мәнді жұрнақтар
Билік, лауазым мәнін тудыратын жұрнақтар: -дык/-тық,
-лық/-лік: патшалық, хандық, сұлтандық, болыстық, өкімдік, төрелік, үлықтық, билік, бектік. Бұл лауазым атаулары қазір ескірген. Мысалы, Бекбосын хатшыдан істі алып, болыстықты өзіне икемдеп барады (Б.Майлин). Бірақ бұл жұрнақ арқылы жасалған лауазым атаулары қазір де бар. Мысалы, бастық, министрлік, офицерліқ, адвокаттық, капитандық т.б. Мысалы, Колхоз басқармасының бастығы — Күлзира дейтін әйел (Б.Майлин).
4. Кісі аттарын жасайтын жұрнақтар
Кісі аттарында жиі кездесетін біраз жұрнақтар бар. Олар:
-зада, -қан, -жан, -бай, -бек.
-зада, -зат. Мысалы, Гүлзада, Бекзада, Асылзада, Шайзада, Ханзада, Айзада, Бекзат, Пәкизат, Асылзат т.б.
Бұл жұрнақ арқылы жасалған жалпы есім сөз де кездеседі. Мысалы, арамзада, арамза.
-хан жұрнағы еркек кісі атында жиі қолданылады. Мысалы, Асылхан, Әлімхан, Жомартхан
-жан жұрнағы әйел, еркек адамдар атында қолданыла береді. Ол өзінің лексикалық мағынасынан айрылған. Мысалы, Гүлжан, Айжан, Балжан, Күмісжан, Әсемжан, Айтжан, Құтжан, Бақытжан, Қыдыржан.
-бек: Асылбек, Мұратбек, Жұмабек, Жолдасбек т.б.
-бай жұрнағы ер адамдар атын жасауда жиі қолданылған. Мысалы, Қырықбай, Оразбай, Сембай, Сәрсенбай т.б.
Шығарма, жазылған зат мағынасын беретін жұрнақ
-нама/-дама жұрнағы арқылы жасалған біраз туынды түбір зат есім сөздер кзғазға түскен, жазылған шығарма, кітап сияқты мән береді. Жарнама, жылнама (летопись), баяндама, ғұмырнама, мінездеме, кепілдеме, түсініктеме, деректеме. Мысалы, Бұған түсініктеме жазыңыз (С.Мүқанов). Баяндама өте кажет мәселені көтерді (газеттен).
5.Салт-дәстүрге қатысты атаулар жасайтын жұрнақтар -лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік: құдалық, базарлық, қалыңдық, түстік, бақастық, дұғалық. Мысалы, Қалыңдығы кім екен? (К,Жүмаділов).
-ын: ұрын бару. Мысалы, Абай қалыңдығына ұрын баруға дайындалды (М.Әуезов). -іт: киіт кигізу. -у: ілу сыйлау.
6. Туыстық атаулар жасайтын жұрнақтар
-лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік: ағалық, жиендік, туыстық, тоқалдық т.б. -дас/-тас: қарындас, бауырлас, туыстас, қандас. Мысалы, Қарындасы Астанада оқиды (газеттен).
7. Тағам атауларын жасайтын жұрнақтар
-дық: тұздық, уыздык, Мысалы, Уыздыққа тоймаған баладай (сөйлеу тілі)
-не: сірне. Мысалы, Сірне жасау әркімнің қолынан келмейді
-шік: ірімшік.
-лақ, -дак/-тақ: балмұздақ, тұздақ, ұнтақ.
-сын: сусын.
8. Дене мүшелері атауларын жасайтын жұрнақтар
тақ: шынтақ.
9. Мезгіл атауларын жасайтын жұрнақ
-лық: апталық, күздік, айлық, жетілік, жыддық, қыстық т.б.
10. Дерексіз мәнді зат атауларын жасайтын жұрнақ
-лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік: ғұламалық, әзәзілдік, зұлматтық, зәбірлік, кәпірлік, батырлық, кұпиялық, достық, қателік, қастықтық. Мысалы,
Адам топ әскерді алдап, өлімге апара алса да, өзіне зұлымдықты қойғыза алмайды (Шәкәрім).
-ым/-ім, -м: қайырым, мейірім, қарым.
-шілік/-шылық: кәріпшілік, мүмкіншілік, бейбітшілік, шүкіршілік, адамшылық, әурешілік. Мысалы, Сондай бейбітшіліктің бәрінде мүлік артқан, керуен тартқан саудагер найман еліне келіп, дастарқан басында әңгіме- дүкен құрып, өздерінің Сарыөзектен кедергісіз өткенін айтады (Шыңғыс Айтматов).
11. Қарым-қатыс атауларын жасайтын жұрнақ -дас/-дес, -тас/-тес, -лас/-лес: замандас, жолдас, отандас, әріптес, күндес, жерлес, мұңдас. Мысалы, Заманымыз бір сыйлы замандасым сенен жасыратын сыр жоқ (С.Мәуленов).
12. Аспаптар атауын жасайтын жұрнақ
-ген: сазген, жетіген. Мысалы, Жетіген көне аспап (газеттен). -ган, -кен: құмған, желкен. Мысалы, Желкенге міндім, көзді жұмдым (Қ. Асанов). -ман: сайман. -пар: шоқпар.
13. Деректі зат атауларын жасайтын жұрнақ
-тық, -тік: істік, желдік, терлік, бұғылық, белдік, жаялық, ауыздық,
мойындық, көздік, оттық, кдзандық, кездік, орындық.
-сіз/-сыз: жеңсіз. Мысалы, Қызыл көйлек, көк барқыт жеңсіз киген
әйел маған таныс көрінеді (С.Мүканов).
-ык/-ік, -ақ, -ек: шырақ, мойнақ.
-ша/-ше: бақша, жүрекше.
-шық/-шік: ойыншық, қапшық, тығыншық. Мысалы, Биғайшаға
көйлек, балаларына киім-кешек, ойыншықтар сатып алды
(С.Жүнісов).
-ілдірік: көзілдірік, кекілдірік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет