Ой қозғау "Нақты сұрақ, дәл жауап" 1. « Қыпшақ-ноғайлы тілдері» тобына қандай тілдер жатады? 2. Адамдар арасындағы қарым-қатынас дегенді қалай түсінесіңдер? 3. Тілдік қарым-қатынаста сөз мәдениетін неше түрге бөліп қарастыруға болады? 4. Ауызекі сөйлеу тілі және жазба тіл дегенді қалай түсінесіңдер? 5. Адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынастағы сөздерді қолдану аясына қарай қанша түрге бөліп қарастыруға болады? 6. Әлеуметтік тұрмыстық тіл дегенге түсінік беріңдер. 7. Ресми – іскерлік бағыттағы қарым-қатынас дегенге түсінік беріңдер. 8. Іскерлік қарым-қатынас дегенді қалай түсінесіңдер? 9. Іскерлік қарым-қатынастағы сөз әдебі дегенге түсінік беріңдер. 10. «Іскер адамдар кімдер?» 11. Қандай қыстырма сөздер ресми іскерлік қатынаста сөзге сыпайылық мән үстейді? 12. Әртүрлі атақ, дәрежені, мамандықты ресми жағдайда кісінің атымен атау және ардақты азаматтардың есімдерін ізетпен атаудың әдебі туралы айтыңыз.