Ресми-іскерлік қатынастың жазбаша және ауызша түрлері болады.
1. Қазақ тілінің оқытушысы: Бетпе-бет отырған бір адамға қарата айтылған сөзден бастап, сөйлеушінің көпшілік қауымға қарата айтқан сөзі ресми-іскерлік қатынас тілінің ауызша түріне жатады.
Мемлекет, қоғам, өнер, ғылым қайраткерлерінің жұртшылық алдында сөйлеген сөздері немесе бұқаралық ақпарат арналары арқылы қоғамдық-әлеуметтік мазмұнда сөйлеген сөздері, жоғары мектеп оқытушыларының студенттерге оқыған дәрістері, мектеп мұғалімдерінің оқушыларға сабақ түсіндіруі, сот процесінде адвокаттың сөзі, дін басыларының діни мазмұндағы сөздері, т.б. ресми-іскерлік тілдің ауызша түріне жатады.
Іскерлік қарым-қатынастағы тіл мәдениетінің ауызша түрі ақпарат алмасу, белгілі бір сала жұмысы бойынша талдау мен талқылау мәселелерін қамтиды.
Ауызша әңгімелесу, сөйлесу түрлерін іскерлік қарым-қатынас ыңғайына қарай төмендегідей жіктеуге болады.
Пікір, алған әсер, жаңалық туралы ой бөлісу.
Түрлі жағдайға, ой, көзқарасқа пікір білдіру.
Жиналыс, мәжілісте баяндама жасау, жарыс сөзге шығу.
Жаңа іс, мәселеге байланысты келісім жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |