Қорытынды: "Бағдаршам" әдісі арқылы сабақты бағалау.
Сабақтың критерийлері: Өткен тақырыптар бойынша білімдері ойларында қалған ба?
Берілген тапсырма аясында толық жауап бере алды ма?
жасыл-бәрі түсінікті.
сары -толық емес.
қызыл- ештеңе түсінбедім.
Студенттер қажетті түсті көтеру арқылы түсінгенін көрсетеді.
Кері байланыс- Оқытушы ауызша кері байланыс жасайды.
Тамаша! Жарайсыңдар! « Мадақтау» әдісі.
Топтық бағалауға парақша таратылады.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Оқытушы: Ресми-іскерлік қатынас- адамдардың кәсібі мен мамандығына байланысты қызмет орындарында, мәдени-көпшілік мекемелерде жүзеге асатын қарым-қатынастың түрін айтамыз. Мұндай орындардағы қарым-қатынастың түрі ресми сипатта болады. Мемлекеттік қызметшілердің сөз қолданысы ресми-іскерлік қарым-қатынасқа жатады.