Латын тілінен: деректемелер - реквизиты (reguisit).
Француз тілінен: баянат - рапорт (rapport), түйіндеме - резюме (resume), төлқұжат - паспорт (passeport).
Глоссарий
Өмірбаян –автордың өзі туралы жазатын құжаты.
Мінездеме – белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, адамшылық тұрғыда сипаттайтын құжат.
Өтініш - мекеме басшысының атына азылып, белгілі бір тілек өтінішті білдіретін құжат.
Түйіндеме –талапкердің өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі туралы қысқаша жазылған құжат.
Анкета –белгілі бір қызмет орнына жұмысқа тұрар алдында толтыратын өзің жайлы толық мәлімет беретін ең қажетті жазбаша құжат түрі.
Әдеп – адамның жылдар бойы қалыптасқан өзіндік жақсы мінез-құлқы мен қасиеттерінің қоғамның басқа мүшелерімен қарым-қатынасында көрініс табуы.
Достарыңызбен бөлісу: |