Метафора (грек. «ауысу, ауыстыру») – бір-біріне ұқсас екі не одан да көп зат немесе құбылыстың балама аталуы. Мысалы, Хан емессің, қасқырсың... Хан емессің, шаянсың... өлеңіндегі «қасқыр», «шаян» сөздері жауыз, қатыгез сөздерінің орнына қолданылған.
Метонимия (грек. «атын өзгертіп атау») – ойда сақталып тұрған бірер сөзді айтпай-ақ, ол сөзді екінші бір сөз мағынасына сыйыстырып жіберу. Мысалы, Сәкеннің шығармаларын оқыдым деудің орнына Сәкенді оқыдым деу.
Синекдоха (грек. «бірге жобалап, шамалап түсіну») – бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны, үлкеннің орнына кішіні, немесе керісінше, бөлшектің орнына бүтінді, жалқының орнына жалпыны қолдану негізінде сөз мағынасын алмастыру амалы. Мысалы, Төрт-бес қой-ешкіміз бар деудің орнына төрт-бес тұяғымыз бар деу.
МОРФОЛОГИЯ
Морфология сөз құрамы, қосымша және сөз таптарын зерттейді.
Сөз құрамының 2 түрі бар: дара сөз және күрделі сөз.
Дара сөз
|
Күрделі сөз Жалғау Жұрнақ
|
1) түбір сөз
2) туынды сөз
|
1) қос сөз 1) көптік жалғауы 1) сөз тудырушы
2) біріккен сөз 2) септік жалғауы 2) сөз түрлендіруші
3) қысқарған сөз 3) жіктік жалғауы
4) тіркескен сөз 4) тәуелдік жалғауы
|
Сөз табының 9 түрі бар: 1. зат есім 2. сын есім 3. сан есім 4. есімдік 5. Етістік 6. үстеу 7. Шылау 8. еліктеу сөз 9. одағай
СӨЗ ҚҰРАМЫ
Сөздер құрамына қарай 2-ге бөлінеді: дара сөз және күрделі сөз.
ДАРА СӨЗ
Дара сөз – бір түбірден тұратын сөз. Оның 2 түрі бар: түбір сөз және туынды сөз.
1. Түбір сөз
Түбір сөз – сөздің мағынасы бар ең бастапқы бөлшегі. (ән, дос, бөл, біл, тау, жақсы, қала)
2. Туынды сөз
Туынды сөз түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалады. (әнші, достық, бөлім, білгір, таулы, жақсылық, қалашық)
Достарыңызбен бөлісу: |