Қазақ тілі кітабы 2022 жыл Қазақ тілінің шығу тарихы туралы



бет22/104
Дата13.11.2022
өлшемі383,24 Kb.
#157924
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   104
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ (1)
Temperament (2), Taxtakõpir rai-WPS Office
Сөз тудырушы жұрнақ түбірдің негізгі мағынасын өзгертіп оған жаңа мағына береді. (Қой+шы – қойшы, өнер+паз өнерпаз, ой+лa ойла, тау+лы таулы)

  • Сөз түрлендіруші жұрнақ өзі жалғанған сөздің бастапқы мағынасын өзгертпей, сәл түрлендіреді. (Үй+шік үйшік, сандық+ша сандықша, алаң+қай алаңқай, қала+шық қалашық.)

    • Бір сөзге бірнеше жұрнақ жалғана береді. Мысалы, жаз-у-шы-лық.

    • Бір сөзден әр түрлі жұрнақ арқылы туынды сөздер жасалады. Ондай бір түбірден жасалған сөздер түбірлес сөздер деп аталады. Мысалы, біл-ім, біл-дір, біл-гіш т.б.

    • Жұрнақ сөзге жалғаулардан бұрын жалғанады. Мысалы, кітапханалардан, оқушымын т.б.



    ЖАЛҒАУЛАР

    • Жалғаулар сөздерді байланыстырады.

    • Оның 4 түрі бар:

    1. Көптік жалғауы

    2. Тәуелдік жалғауы

    3. Септік жалғауы

    4. Жіктік жалғауы




    1. Көптік жалғауы – көптік мағына береді.

    -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер.

    • Көптік жалғаулары тек қана зат есімдерге жалғанады.

    1. Тәуелдік жалғауы – меншіктілікті білдіреді.

    Жекеше түрі (оңаша тәуелдену)

    І жақ
    ІІ жақ

    ІІІ жақ


    -м, -ым, -ім Менің досым
    -ң, -ың, -ің Сенің досың
    -ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз Сіздің досыңыз
    -сы, -сі, -ы, -і Оның досы




    Көпше түрі (ортақ тәуелдену)

    І жақ
    ІІ жақ

    ІІІ жақ



    -мыз, -ымыз, -міз, -іміз Біздің досымыз
    тарың, -терің, -дарың, -дерің, -ларың, -лерің
    Сендердің достарың
    -тарыңыз, -теріңіз, -дарыңыз, -деріңіз, -ларыңыз, -леріңіз
    Сіздердің достарыңыз
    -сы, -сі, -ы, -і Олардың достары

    Оңаша тәуелдену

    Ортақ тәуелдену




    Менің үй-ім.
    Сенің үй-ің
    Сіздің үй-іңіз
    Оның үй-і

    Біздің үй-іміз
    Сендерің үй-лерің
    Сіздердің үй-леріңіз
    Олардың үй-і






    3. Септік жалғауы

        • Септік жалғаулары – сөздерді байланыстырады. Қазақ тілінде септіктің 7 түрі бар:



    Септік

    Сұрағы

    Жалғауы

    1

    Атау

    кім? не?

    Жоқ. Мектеп

    2

    Ілік

    кімнің? ненің?

    -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің Мектептің

    3

    Барыс

    кімге? неге?

    -а, -е, -қа, -ке, -ға, -ге, -на, -не Мектепке

    4

    Табыс

    кімді? нені?

    -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н
    Мектепті

    5

    Жатыс

    кімде? неде?

    -да, -де, -та, -те, -нда, -нде Мектепте

    6

    Шығыс

    кімнен? неден?

    -дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен Мектептен

    7

    Көмектес

    кіммен? немен?

    -мен (менен), -бен (бенен), -пен (пенен) Мектеппен




        • Септік жалғауының мағыналары:

    1. Ілік септігі бір заттың екінші затқа тәуелді екенін (Қайраттың кітабы) немесе қатысты екенін (алма ағашы) білдіреді.

    2. Барыс септігі қимылдың бағытын, мақсатын білдіреді. Мысалы, Мұса Алматыға (бағыт) кетті. Мұса Алматыға кітап алуға (мақсат) кетті.

    3. Табыс септігі объектіні білдіреді. Мысалы, Мен сөмкені алдым.

    4. Жатыс септігі мекендік, мезгілдік мағына береді. Мысалы, Омар қалада (мекен) тұрады. Оспан жазда (мезгіл) келеді.

    5. Шығыс септігі іс-қимылдың шыққан орнын, мезгілін, себебін білдіреді. Мысалы, Мен әкемнен алма алдым.

    6. Көмектес септігі іс-қимылдың орындалу амалын және ортақтасу қатынасын білдіреді. Мысалы, Мен атпен келдім. Мен әкеммен сөйлестім.




    Жай септеу

    Тәуелді септеу

    А. Үй
    І. Үй-дің
    Б. Үй-ге
    Т. Үй-ді
    Ж. Үй-де
    Ш. Үй-ден
    К. Үй-мен

    А. Үйім
    І. Үй-ім-нің
    Б. Үй-ім-е
    Т. Үй-ім-ді
    Ж. Үй-ім-де
    Ш. Үй-ім-нен
    К. Үй-ім-мен



    4. Жіктік жалғауы

        • Жіктік жалғауы – жақты білдіреді. Ол етістікке және есім сөздерге жалғанады.




    Жақ

    Зат есімнің жіктелуі

    Етістіктің жіктелуі

    Жекеше

    І

    Мен дәрігермін

    Мен келемін , келдім

    ІІ

    Сен дәрігерсің
    Сіз дәрігерсіз

    Сен келесің , келдің
    Сіз келесіз , келдіңіз

    ІІІ

    Ол – дәрігер

    Ол келеді , келді

    Көпше

    І

    Біз дәрігерміз

    Біз келеміз , келдік

    ІІ

    Сендер дәрігерсіңдер
    Сіздер дәрігерсіздер

    Сендер келесіңдер, келдіңдер
    Сіздер келесіздер, келдіңіздер

    ІІІ

    Олар - дәрігерлер

    Олар келеді , келді

    ЗАТ ЕСІМ

    • Зат есім заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз табы. Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер?

    түрі

    ереже

    мысал




    Тұлғасына қарай



    Негізгі зат есім

    Бөлшектеуге келмейтін түбір зат есім.

    у, ат, ант, бата, құдық

    Туынды
    зат есім

    Зат есімге және басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалған зат есім.

    білім, достық,
    боран, тарсыл

    Құрамына қарай

    Дара
    зат есім

    Бір ғана түбірден тұрады.

    от, ара, қант, оқушы, баспалдақ

    Күрделі зат есім

    Кемінде екі сөзден тұрады.

    кемпірқосақ, ата-ана, ҚазМҰУ

    Жалпылай немесе жекелей атауына қарай

    Жалпы есім

    Біртектес заттардың жалпы атауы.

    кісі

    өзен

    тау

    Жалқы есім

    Біртектес заттардың өз ішіндегі жекелеген атауы.

    Асан

    Ертіс

    Алатау

    Мағынасына қарай

    Деректі зат есім

    Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат пен құбылыстардың атауы.

    ағаш, қалам, су, домбыра, есік, сия

    Дерексіз зат есім

    Оймен, ақылмен сезіп білетін ұғымдардың атауы.

    қайғы, арман, сана, қуаныш, жақсылық

    Зат есім жасайтын жұрнақтар

          1. Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақтары



            жұрнақ

            мысал

            1

            -еке, -ке, -қа, -а, -е

            атеке(атке) Исеке (Иса)
            ағеке(ағке) Жәке(Жамбыл)
            әпеке(әпке) Нүке (Нұрпейіс)
            Мұқа(Мұхтар)

            2



            атай, әкей, шешей, жездей

            3

            -тай

            ағатай, апатай, әкетай, шешетай

            4

            -жан

            ағажан, атажан, апажан, Абайжан

            5

            -қан, -кен, -қай, -кей, -ан, -ң

            балақан, бұзауқан, шешекей, Дәкен(Дәріқұл)

            6

            -шақ, -шек

            құлыншақ, інішек

            7

            -шық, -шік

            қапшық, төбешік

            8

            -ша, -ше

            сандықша, күрекше

            9

            -ш, -ыш, -іш

            қалқаш, Нұрыш (Нұртай)

            10

            -сымақ

            қорасымақ, таусымақ

          2. Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақтар



    жұрнақ

    мысал

    1

    -шы, -ші

    қойшы, күйші

    2

    -шылық, -шілік

    шаруашылық, кеңшілік

    3

    -лық, -лік, дық, -дік, -тық, -тік

    балалық, кісілік, адалдық, жеңілдік, жолдастық, биіктік

    4

    -кер, -гер

    айлакер, саудагер

    5

    -кеш, -стан, -хана -паз, -қой, - қор

    шайхана, кітапхана, арбакеш, жемқор




          1. Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар



    жұрнақ

    мысал

    1

    -м, -ым, -ім

    байлам, күзем, қысым

    2

    -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе

    ұрма, көрме, сүзбе, кеспе

    3

    -қы, -кі, -ғы, -гі

    шалғы, тепкі, бұрғы

    4

    -с, -ыс, -іс

    талас, айтыс, жүріс

    5

    -қ, -к, -ық, -ік, -ақ, -ек

    тарақ, күрек, қызық

    6

    -ыш, -іш

    қуаныш, таяныш, өкініш

    7

    -н, -ын, -ін

    боран, жуын, түйін

    8



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   104




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет