-у
|
сабау, жамау, көсеу
|
9
|
-ынды, інді
|
шайынды, үйінді үгінді
|
10
|
-ғыш, -гіш, -қыш, -кіш
|
сүзгіш, сыпырғыш, білгіш
|
11
|
-уыш, -уіш
|
өлшеуіш, бастауыш
|
12
|
-ыр, -ір, -р, -ар, -ер
|
үңгір, шұқыр
|
Зат есімнің сөйлемдегі қызметі
|
Ереже
|
Мысалдар
|
Бастауыш
|
Зат есім сөйлемде атау септігінде тұрып бастауыш болады. Кейде кім? не? сұрақтары тәуелденіп қойыла береді. (кімім? неңіз?)
|
Жел күшейе түсті. Ер елімен көрікті, жер кенімен көрікті. Менің әкем -кәсіпкер.
|
Анық-тауыш
|
Зат есім ілік септігінде тұрып және өзінен кейінгі сөзді айқындап, анықтауыш болады.
|
Алтын сағат сыйлаған екен. Қырда ауылдың малдары жайылып жүр.
|
Толық-тауыш
|
Зат есім атау мен ілік септіктерінен басқа септіктер тұлғасында тұрып, толықтауыш болады.
|
Тәрбие тілден басталады. Ертегімен ұрпағыңды естелікке үйрет.
|
Пысық-тауыш
|
Зат есім барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде келіп немесе көмекші есіммен, септеулік шылаумен тіркесіп пысықтауыш болады.
|
Біз мектепке қарай жүгірдік. Мен оқу үшін қалаға барамын. Көлеңкеде атам отыр.
|
Баяндауыш
|
Зат есімдер жіктеліп келіп немесе атау септігінде тұрып сөйлемде баяндауыш болады.
|
Біз бейбіт еңбекті
сүйетін елміз. Бала – артта қалған із, байлық – қолдағы
мұз.
|
КӨМЕКШІ ЕСІМ
Көмекші есім – лексикалық мағынасынан айырылып, сөйлемде екінші бір сөздің шылауында қолданылатын зат есім. Мысалы, сырт, іш, маң, алд(ы), арт(ы), үст(і), қас, жан т.б. (Ауылдың жаны терең сай)Әдетте көмекші есім тәуелдік жалғауында тұрып, негізгі зат есіммен тіркесіп сөйлемнің бір ғана мүшесі болады.
Ескерту: Кейде көмекші есім көптік, септік жалғауларында келіп, басқа сөзге тәуелді болмай, жеке тұрып та сөйлем мүшесі бола алады. Мысалы Арттағылар(кімдер?) жетіп қалды. Сыртын(нені?) көріп, ішінен(неден?) түңілме.
СЫН ЕСІМ
Сын есім – заттың түрін, түсін, сапасын, салмағын, көлемін білдіретін сөз табы. Сұрақтары: қандай? қай?
Негізгі
сын есім
|
Түбір сын есім.
|
сары, таза, тәтті, терең, жұқа, кең.
|
Туынды
сын есім
|
Жұрнақ арқылы жасалған сын есім.
|
көшпелі, сөзшең, оқымысты, әлсіз.
|
Құрамына қарай
|
Дара
сын есім
|
Бір ғана сын есімнің сындық белгіні білдіруі.
|
ақ, бойшаң,
жасыл, баласыз.
|
Күрделі сын есім
|
Тіркескен және қосарланған сын есімнің сындық белгіні білдіруі.
|
ақ киімді, қара торы, көп балалы, тап-таза
|
Мағынасына қарай
|
Сапалық сын есім
|
Сындық белгіні анықтайтын төл сын есім.
|
сұр, қызылдау, биік, үлкен, көкпеңбек.
|
Қатыстық сын есім
|
Басқа сөз таптарынан жасалған туынды сын есім.
|
бойшаң адам, өнерлі бала, аспалы шам, ашық есік.
|
Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар
|
жұрнақ
|
мысал
|
Есім сөздерден сын есім жасайтын
|
-лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті
-сыз, -сіз
-ғы, -гі, -қы, -кі
-лық, -лік, -дық, -дік, тық, -тік
-шыл, -шіл
-шаң, -шең
-дай, -дей, -тай, -тей
-қой, -қор, -паз, -кер, -гер
-и, -ы, -і
|
1.далалы, орманды;
2. баласыз,үйсіз;
3. жазғы,ішкі;
4.балалық, жылдық
5. ұйқышыл, кекшіл;
6. сөзшең, бойшаң;
7. тастай, судай;
8. сәнқой, әуесқой;
9. тарихи, қазақы;
|
Етістіктен сын есім
жасайтын
|
-ғақ, -гек, -қақ, -кек, -ақ, -ек
-ық, -ік, -қ, -к
-ғыш, -гіш, -қыш, -кіш
-ғыр, -гір, -қыр, -кір
-шақ, -шек
-ынды, -інді, -нды, -нді
-малы, -мелі, -палы, -пелі, - балы, -белі
-ымды, -імді, -мды, -мді
-аған, -еген
- улы, -улі
-ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе
-ыңқы, -іңкі, -ңқы, -ңкі
|
1. жабысқақ, үркек;
2. ашық, ақсақ;
3. білгіш,айтқыш;
4. тапқыр, алғыр;
5. ұялшақ, сүріншек;
6. асыранды, үйінді;
7. созбалы, аспалы;
8. шыдамды;
9. сүзеген ,қабаған,
10. ілулі,асулы;
11. қызба, бөспе;
12.басыңқы, көтеріңкі;
|
Сын есімнің шырайлары
|
Ереже__жасалу_жолдары__мысал'>Ереже
|
жасалу жолдары
|
мысал
|
Жай шырай
|
Заттың жай ғана сындық белгісін білдіретін сын есім жай шырай болады.
|
Ешбір қосымшасыз түбір және туынды сын есімдердің өзінен жасалады.
|
биік
жақсы үлкен
тәтті
қызыл
|
Салыстырмалы шырай
|
Бір заттың сындық белгісін екінші затпен салыстырғанда кем не артық екенін білдіретін шырайдың түрі.
|
1. -ырақ, -ірек, -рақ,
-рек
2. -лау, -леу, -дау,
-деу, -тау, -теу
3. -қыл, -ғыл, -қылт, -ғылт, -ғылтым, -шыл, -шіл, -аң, -қай, -ғыш, -шылтым, -шілтім, -ілдір, -ша, -ше, -қай
|
ауырырақ кішірек
үлкендеу
жылылау
ақшыл
көгілдір
бозаң
қоңырқай
ұзынша
|
Күшейтпелі (асырмалы)
шырай
|
Белгілі бір сындық белгінің бір нәрседен өте артық не өте кем екенін білдіретін шырайдың түрі.
|
1. Сын есімнің алдынан күшейткіш буынның қосарлануы арқылы жасалады.
2. Сын есімнің күшейткіш үстеумен (тым, өте, ең, нағыз, орасан, кілең, аса, нақ т.б.) тіркесуі арқылы жасалады.
|
сап-сары,
үп-үлкен
өте жарық
тым ауыр
ең әдемі аса маңыз-ды
|
Ескерту:
Ақ, көк сөздерінің күшейтпелі шырай түрі төмендегідей болады: аппақ, көкпеңбек.
Жаңа буын оқулығында сын есімнің шырайлары екіге бөлініп берілген:
А) Салыстырмалы
Ә) Күшейтпелі
Асырмалы шырай күшейтпелі шырайға қосылып көрсетілген. Ал жай шырай сөздердің шырайлық қосымшалары болмағандықтан, оларды шырай түріне жатқызбаған.
Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
|
Ереже
|
Мысалдар
|
Анық-тауыш
|
Сын есім сөйлемде
негізінен анықтауыш болады.
|
Қырдағы қызыл-сары гүлдер көздің жауын алады. Саматтың жүйрік тазысы бар. Біз таудағы аспалы көпірден өттік.
|
Бастауыш
|
Заттанған сын есім2 атау септігінде тұрып, бастауыш болады.
|
Сыпайы сырын сақтар, әдепті арын сақтар. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар. Үлкендер төрге шықты.
|
Толық-тауыш
|
Сын есім заттанып келіп, толықтауыш болады.
|
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Жаманға сырыңды айтпа. Ол судың ыстық-суығына қарамады.
|
Пысық-тауыш
|
Сын есім етістіктің алдынан келіп, іс-әрекеттің сынын білдіріп, пысықтауыш болады.
|
Ол домбырада шебер ойнады. Ол футболды керемет ойнайды. Ол әнді жақсы айтады. Ол бүгін көңілді жүр.
|
Баян-дауыш
|
Сын есім сөйлем соңында келіп, баяндауыш болады.
|
Сен менен өткен ақылдысың. Сен одан үлкенсің. Бүгін ауа райы суық. Бөлме кең.
|
САН ЕСІМ
Сан есім заттың санын, ретін білдіреді.
Сұрақтары: неше? қанша? нешінші? нешеу?
Сан есім құрамына қарай 2-ге бөлінеді: Дара сан есім және күрделі сан есім.
Дара сан есім бір ғана түбірден (негізгі, туынды) тұрады. (Бес, жүз, мың, отыз, ондаған, жетеу, сегізінші)
Күрделі сан есім кемінде екі сөзден тұрады. (Он бес, жүз екі, мың тоғыз жүз тоқсан екі, отыз жеті, үш-үштен, бес-алты, онға жуық, екіден бір)
Сан есім мағынасына қарай төмендегідей 6 түрге бөлінеді:
Есептік сан есім
Реттік сан есім
Жинақтық сан есім
Болжалдық сан есім
Топтау сан есім
Бөлшектік сан есім
Есептік сан есім нақты санды білдіреді.
Сұрағы: қанша? неше?
Түбір сан есімнің өзінен болады. Мысалы, бес, он екі, жиырма үш т.б.
Реттік сан есім заттың реттік қатарын білдіреді.
Сұрағы: нешінші?
Сан есімге -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы, бірінші, бесінші, алтыншы, жетінші, екі жүз он үшінші т.б.
Жинақтық сан есім жинақталған санды білдіреді.
Сұрағы: нешеу?
Бірден жетіге дейінгі есептік сан есімге -ау, -еу жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы, Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу.
Топтау сан есім заттың санын топтап көрсетеді.
Сұрағы: нешеден?
Сан есімге шығыс септігі жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы, үштен, екеуден, он-оннан, үшеу-үшеуден т.б.
Болжалдық сан есім заттың санын болжап көрсетеді.
Сұрағы: қанша? неше? қай шамалы?
Жасалу жолдары:
Сан есімге -даған, -деген, -таған, -теген -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы, жүздеген, қырықтай т.б.
Сан есімге көптік жалғауы мен септік жалғауы қатар жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, отыздарда, елулерге т.б.
Сан есім мен шақты, жуық, тарта, таман т.б. септеулік шылаулардың тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы, он шақты, жүзге жуық т.б.
Екі түрлі санның қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы, екі-үш, он-он бес т.б.
Бөлшектік сан есім заттың бөлшектік санын білдіреді. Мысалы, 1/2 (екіден бір, екінің бірі, екіден бірі), 2,5 (екі жарым), 1/2 (екіден бір) т.б.
Сан есімнің емлесі
Күрделі сан есімнің әр сыңары бөлек жазылады. (Он бес, жүз жиырма үш, екі мың төрт т.б.)
Реттік сан есім араб цифрымен берілсе, -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағының орнына дефис қойылады. (8-сынып, 25-пәтер)
Реттік сан есім рим цифрымен берілсе, дефис қойылмайды. (І том, ХХІ ғасыр)
Күн, ай, жыл аттарымен тіркескен реттік сан есімнен кейін дефис қойылмайды. (2004 жыл, 1 қыркүйек)
"Екі, алты, жеті" сандарына -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы ы, і дыбыстары түсіп қалады. (Екі+еу = екеу, алты+ау = алтау, жеті+еу = жетеу.)
Болжалдық сан есім цифрмен берілгенде, қосымша дефис арқылы жазылады. (10-даған, 5-терде т.б.)
Болжалдық сан есім қосарланып келгенде, дефис арқылы жазылады. (Он-он бес, қырық-елу, 40-50 қой т.б.)
Болжалдық сан есім жасайтын шамалы, шақты т.б. шылаулары өздері тіркескен сандардан бөлек жазылады. (он шақты, жүзге шамалы, мыңға жуық, елуге тарта т.б. )
Қосарланып айтылған топтау сан есімдер сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де, дефис арқылы жазылады. (Екі-екіден, 10-10-нан, 30-30-дан т.б.) Цифрмен таңбаланатын дара және күрделі сан есімдерге жалғанатын жалғаулар дефис арқылы жазылады. (15-тен, 20-дан, 25-ке т.б.)
Сан есімнің сөйлемдегі қызметі
Достарыңызбен бөлісу: |