Қазақ тілі кітабы 2022 жыл Қазақ тілінің шығу тарихы туралы



бет26/104
Дата13.11.2022
өлшемі383,24 Kb.
#157924
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   104
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ (1)

4

5

6

ы+у=у
і+у=у

йы+у=ю
йі+у=ю

у+у=уу

оқы+у=оқу
жекі+у=жеку

байы+у=баю
кейі+у=кею

жу+у=жуу
қу+у=қуу

Етістіктің сөйлемдегі қызметі




Ереже

Мысалдар

Бастауыш

Есімше мен тұйық етістік атау септігінде тұрып, бастауыш болады.

Ізденген жетер мұратқа.
Оқу-білім бұлағы.

Баян-дауыш

Етістіктер жіктеліп келіп, баяндауыш болады.

Мен биыл мектепті бітіремін. Мен қалаға баратынмын.

Толық-тауыш

Есімше және тұйық етістік атау және ілік септіктерінен басқа септіктерде тұрып, толықтауыш болады.

Білгенге маржан, білмеске арзан.
Біз енді жарысуға кірістік.

Пысық-тауыш

Қимылдың әр түрлі қасиетін білдіріп,пысық-тауыш болады.

Ол күлімсіреп қарады.
Оны жеңу үшін күш керек.

Анық-тауыш

Есімшелер және ілік септігіндегі тұйық етістік анықтауыш болады.

Оқудың шегі жоқ.
Ақыл- тозбайтын тон, білім- таусылмайтын кен.

ҮСТЕУ
Үстеу – қимылдың түрлі белгісін (мезгілін, мекенін, себебін, мақсатын) білдіретін сөз табы.

  • Үстеудің құрамына және тұлғасына қарай түрлері мынадай:

Құрамына қарай

Тұлғасына қарай

Дара үстеу

Күрделі үстеу

Негізгі үстеу

Туынды үстеу

Бір ғана түбірден
(негізгі / туынды) тұрады.

Кемінде екі түбірден тұрады.

Бөлшектеуге келмейтін төл үстеулер.

Түбірге жұрнақ жалғануы арқылы немесе кейбір септік жалғаула-рының көнеленуі арқылы жасалған үстеу.

кеше, былтыр

бүгін, қыс бойы

ең, ертең, бұрын

бірге, зорға, балаша

Ескерту: оқулықта үстеудің құрамына қарай 3 түрі бар деп берілген: негізгі үстеу, туынды үстеу және күрделі үстеу.
Үстеудің мағынасына қарай 7 түрі бар. Олар төмендегідей:

түр

ереже

сұрақ

мысал

Мекен

Қимылдың болу
орны мен бағытын білдіреді.

қайда? қалай қарай? қайдан?

ілгері, осында,
бері т.б.

Мезгіл

Қимылдың мезгілін білдіреді.

қашан? қашаннан бері?

бүгін, таңертең,
түнде, т.б.

Себеп-салдар

Қимылдың болу
себебін, салдарын білдіреді.

неге? не себепті? неліктен?

амалсыздан, лажсыздан, босқа, бекерге т.б.

Қимыл-сын

Қимылдың жүзеге асу амалын білдіреді.

қалай? қайтіп? қалайша?

емін-еркін, әрең т.б.

Мөлшер

Қимылдың мөлшерін, көлемін білдіреді.

қанша? қаншама? қаншалық?
қаншалап?

неғұрлым,
әжептәуір,
біршама соншалық,

Күшейт-кіш

Қимылдың белгісі мен сапасын тым күшейтіп не солғындатып көрсетеді.

қалай? қандай?

ең, тым, аса,
өте, нағыз, кілең, орасан т.б.

Мақсат

Қимылдың болу мақсатын білдіреді.

қалай? не мақсатпен?

әдейі,
қасақана, жорта т.б.



Туынды үстеудің жасалу жолдары

  • Жұрнақтар арқылы:

-ша, -ше

-лай, -лей,
-дай -дей
-тай -тей

-дайын
-дейін
-тайын
-тейін

-ншама,
-ншалық

-майынша
-мейінше
-байынша
-бейінше
-пайынша
-пейінше

бұлбұлша,
сәбише, көзінше

осылай,
шикілей,
қыстай

тотыдайын, жорғадайын

осыншама, соншалық, осыншалық

алмайынша, жемейінше




  • Түбірге сіңісіп кеткен септік жалғаулары арқылы:

Барыс септігі



Жатыс септігі

Шығыс септігі

Көмектес септігі

бірге, босқа,
зорға, текке

баяғыда,
аңдаусызда

шалқасынан, шетінен

кезекпен,
ретімен




  • Екі я да одан көп түбірдің

бірігуі және кірігуі арқылы:

қосарлану мен қайталануы арқылы:

тіркесуі арқылы:

Жаздыгүні, (жаздың + күні), таңертең (таң+ертең),

Жоғары-төмен, әрең-әрең, бет-бетімен, қолды-қолына.

Күні бүгін, ала жаздай, таң сәріде, кешке дейін,



Үстеудің сөйлемдегі қызметі




Ереже

Мысалдар

Баста-уыш

Үстеу атау септігінде тұрып бастауыш болады.

Еріншектің ертеңі бітпес. Бүгін-Ұлыстың ұлы күні.

Баян-дауыш

Үстеу жіктеліп келіп немесе заттанып, баяндауыш болады.

Мен сенімен біргемін.
Талапты бала -талпынған құстай.

Толық-тауыш

Кейде үстеу заттанып келіп, толықтауыш болады.

Естілер ертеңгіні ескере, көре сөйлейді.
Бүгінгісін ғана қамдан-ған алысқа бармайды.

Пысық-тауыш

Үстеу қимылдың әр түрлі белгісін білдіріп, пысықтауыш болады.

Кеше қар жауды.
Ол лезде келді.
Мен амалсыздан үйге кеттім.

Анық-тауыш

Мөлшер үстеу зат есіммен, күшейткіш үстеу сын есіммен тіркесіп келіп, күрделі анықтауыш болады.

Ең берекелі, ең парасатты тәжірибе-халық түйген тұжы-рымдар.Сонша алтынды қайдан алады?



Үстеудің емлесі

  1. Негізгі және туынды үстеулер көбінесе айтылуынша жазылады және кейбір туынды үстеулер морфологиялық принцип бойынша жазылады. (ертең, төмен, лажсыздан т.б.)

  2. Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған күрделі үстеулердің әрбір сыңары бөлек жазылады. (құр әншейін, ала жаздай, күн ұзаққа, күн ілгері т.б.)

  3. Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған күрделі үстеулер сызықша арқылы жазылады. (көзбе-көз, олай-бұлай, тұс-тұстан)

  4. Сөздердің кірігуі арқылы жасалған күрделі үстеулердің көпшілігі сыңарларының дыбысталуынша, өзгеріске түскен күйінде жазылады. (бүгін (бұл+күн), биыл (бұл+жыл), қыстыгүні (қысты ң+күні) т.б.)



ЕЛІКТЕУ СӨЗ
Еліктеу сөз – әр түрлі дыбысқа, құбылысқа еліктеуден және олардың бейнесін елестетуден туындаған сөз.

  • Құрамына және тұлғасына қарай мынадай түрлері бар:

    Құрамына қарай :

    Тұлғасына қарай:

    Дара е.с.

    Күрделі е.с.

    Негізгі е.с.

    Туынды е.с.

    Бір ғана түбірден
    (негізгі /
    туынды
    ) тұратын төл еліктеу сөз.

    Екі сөздің қосарлануы-нан жасалған еліктеу сөз.

    Бөлшектеуге келмейтін
    түбір еліктеу сөз.

    Жұрнақ
    жалғануы арқылы
    жасалған. Жұрнағы:
    -аң, -ең, ың, -ің, -ң

    тарс, күмп, жымың т.б.

    тарс-тұрс, қисаң-қисаң т.б.

    морт, күрс,
    селк т.б.

    қиса-ң, елп-ең, ырж-ың-ырж-ың т.б.

  • Еліктеу сөздің мағынасына қарай 2 түрі бар:

1. Еліктеуіш

2. Бейнелеуіш

Түрлі дыбыстарға еліктеуден
туындаған еліктеу сөздер.

Көру арқылы сипаттайтын
еліктеу сөздер.

дыбысқа негізделеді

көрініске негізделеді

тарс, сарт-сұрт, тасыр-тұсыр, салдыр-гүлдір т.б.

маң-маң, сылқ, жалт, күрт, морт, қисаң-қисаң т.б.



Еліктеу сөздің сөйлемдегі қызметі




Ереже

Мысалдар

Бастауыш

Көмекші етістікпен
тіркесіп келген еліктеу сөз заттанып, бастауыш болады.

Тарс-тұрс еткендер жақындаған-дай болды.
Жарқ-жұрқ еткен су екен.

Баян-дауыш

Еліктеу сөз көмекші
етістікпен тіркесіп келіп көбіне күрделі баяндауыш құрамында жұмсалады.

Торғайдың үні шыр-шыр етеді. Сұр жылан тілін сумаңдатып, ыс-ыс етеді.

Толық-тауыш

Еліктеу сөз көмекші
етістікпен тіркесіп келіп, сондай-ақ заттанып, толықтауыш болады

Ол тасыр-тұсырды
алыстан естіді. Қорс-қорс еткеніңді тый.

Пысық-тауыш

Еліктеу сөз
етістікпен тіркесіп, пысықтауыш болады.

Ала мысық әрі-бері
зу-зу етіп өте шығады. Ол қираң етіп қайта құлады.

Анық-тауыш

Еліктеу сөз көмекші
етістікпен тіркесіп, зат есім алдында тұрып оны анықтайды.

Сол кезде тура
алдынан бұрқ еткен шаң шықты. Мылтық атылғандай шаңқ еткен оқыс үн қатты. естілді.



ШЫЛАУ
Шылау - сөз және сөйлемді байланыстырады және сөзге қосымша мағына береді.
Оның 3 түрі бар: септеулік шылау, жалғаулық шылау, демеулік шылау
1. Септеулік шылау : атау, барыс, шығыс және көмектес септіктерінде тұрған сөзбен тіркесіп қолданылады. Сөздің септігіне қарай оның 4 түрі бар:

септік

шылау

мысал

Атау септігіне қатысты

туралы, жайында, сияқты, тәрізді, секілді, үшін, сайын т.б.

Отан үшін отқа түс – күймейсің.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет