Қазақ тілі кітабы 2022 жыл Қазақ тілінің шығу тарихы туралы



бет30/104
Дата13.11.2022
өлшемі383,24 Kb.
#157924
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   104
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ (1)
Temperament (2), Taxtakõpir rai-WPS Office
Жалаң сөйлем

Тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем.

Ол келді.

  1. Жайылма сөйлем

Тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем.

Ол ерте келді.

  1. Толымды сөйлем

Ойға қажетті мүшелердің бәрі қатысқан сөйлем.

Қыста ауа райы өте суық болды.

  1. Толымсыз сөйлем

Айтылуға тиісті мүшелердің бірі түсіп қалған сөйлем.

-Балам, қайдан келдің?
- Астанадан.
Толымды түрі:
-Балам, (сен) қайдан келдің?
- (Мен) Астанадан (келдім).

  1. Атаулы сөйлем

Іс-оқиғаның, құбылыстың атауын ғана көрсететін сөйлем.

Жаз.



Ескерту:
1) Бастауышы айтылмаған жағдайда баяндауышқа сұрақ қою арқылы табуға болады: Ертең мұнда кел. (Сен ертең мұнда кел)
2) Кейбір құрмалас сөйлемде екі жай сөйлемнің бастауышы ортақ болады. Ондай сөйлемді жалпылама жақты сөйлем дейді. Мысалы, Аз сөйле, көп тыңда. (Сен аз сөйле, көп тыңда.)


Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдары
Жақсыз сөйлемнің баяндауышы күрделі болып келеді және мынадай жолдармен жаслады:

  1. Қалау рай арқылы: Менің оқығым келеді.

  2. Барыс септігіндегі тұйық етістіктің бол, жара, тура кел деген көмекші етістіктермен тіркесуі арқылы: Ауылға баруға тура келді.

  3. Атау және барыс септіктеріндегі тұйық етістіктің керек, жөн, мүмкін деген бейтарап сөздермен тіркесуі арқылы: Менің сабақ оқуым керек.

  4. -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшенің болымсыз түрдегі бол етістігімен тіркесуі арқылы: Оның не айтып отырғанын түсініп болмайды.

  5. Құрамында бастауышы бар тұрақты тіркестер арқылы: Оның үрейден төбе шашы тік тұрды.

  6. Ілік септігіндегі тұйық етістіктің керегі жоқ, қажеті жоқ, қажеті не деген бейтарап сөздермен тіркесуі арқылы: Оны айтудың қажеті жоқ.

СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ

  • Сөйлем мүшелері – сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы, белгілі бір сұраққа жауап беретін және сөйлемдегі басқа сөздермен байланысып тұратын сөздер.

  • Сөйлем мүшелері құрамына (құрылысына) қарай 3 топқа бөлінеді: дара мүше, күрделі мүше және үйірлі мүше.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет