Қазақ тілі кітабы 2022 жыл Қазақ тілінің шығу тарихы туралы



бет32/104
Дата13.11.2022
өлшемі383,24 Kb.
#157924
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   104
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ (1)

Дара бастауышбір сөзден тұратын бастауыш. Мысалы: Біз алғашқыда өз көзімізге өзіміз сенбедік. Жігіттер аттарын жетектеп, бұлақ басына жақындай берді.

  • Күрделі бастауыш – кемінде екі сөзден тұратын бастауыш. Мысалы: Кеншілер сарайы адамға лық толы. Ырыс алды - ынтымақ.

  • Үйірлі бастауыш – үйірлі сөздерден тұратын бастауыш. Мысалы: Уайымы көптер тез қартаяды.

    Баяндауыш
    Баяндауыш бастауыштың жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, сөйлемді тиянақтап тұратын тұрлаулы мүше.

    • Қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрақтарына жауап береді.

    • Баяндауыштың төмендегідей сөз таптарынан жасалды:

    етістік

    Күн жылынды. Досым келді.

    зат есім

    Бұл-үлкен үй. Оның алғаны - кітап.

    сын есім

    Дала тап-таза. Күн ыстық.

    сан есім

    Екі жерде екі - төрт. Оның жасырғаны- бес.

    есімдік

    Менің айтарым осы. Біздің ауыл әне.

    Баяндауыш құрылысына қарай 3-ке бөлінеді:
    1.Дара баяндауыш – бір сөзден тұратын баяндауыш. Мысалы: Олар алыс жерден келді. 2.Күрделі баяндауыш – кемінде екі сөзден тұратын баяндауыш. Мысалы: Ауыл мәдениеті өсіп келеді. Мен бұл аттан күдерімді үзіп тұрмын.
    3.Үйірлі баяндауыш – үйірлі сөздерден тұратын баяндауыш. Мысалы: Оның ең үлкен кемшілігі – сабақ оқымау.
    СӨЙЛЕМНІҢ ТҰРЛАУСЫЗ МҮШЕЛЕРІ
    Анықтауыш
    Анықтауыш зат есімнен болған мүшенің сын-сипатын анықтап тұрады.

    • Сұрақтары: қандай? қай? кімнің? ненің? неше? нешінші? қанша? қайдағы? қашанғы?

    • Анықтауыштың төмендегідей сөз таптарынан жасалады:

      сын есім

      Зерделі қыздың зерек ойы қиядағы жұмбақты іліп әкетті. Олар шалғай ауылдарды аралады.

      есімдік

      Кейбір аңдар ертемен азықтануға шығады.

      зат есім

      Өзен бойында қора-қора қой жайылып жүр.

      сан есім

      Оныншы сыныпта бұл тақырыптарды өткен едік.

      есімше

      Айтқан сөзің дәл келсе, саған сыйлығым бар.

    • Анықтауыш құрылысына қарай 3-ке бөлінеді:

    1. Дара анықтауыш – бір сөзден тұратын анықтауыш. Мысалы: Ұлыған қасқырды көріп зәре-құтымыз қалмады. Сары жапырақтар жерге түсіп жатыр.

    2. Күрделі анықтауыш – кемінде екі сөзден тұратын анықтауыш. Мысалы: Қара торы ат бірінші келді. Олардың қыл өтпестей татулығы елге үлгі-өнеге болып отыр 3. Үйірлі анықтауыш – үйірлі сөздерден тұратын анықтауыш. Мысалы: Ақылы бар жігіт өмірден опық жемейді.

    Толықтауыш
    Толықтауыш іс-оқиғаны заттық мағына жағынан сипаттайды.

    • Сұрақтары: кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? (атау мен ілік септіктерінен басқа септіктердің сұрақтарына жауап береді.)

    • Толықтауыш төмендегідей сөз таптарынан жасалады:

    зат есім

    Қорқақ көлеңкесінен қорқады. Апама көмектестім.

    есімдік

    Бұл сөз оған қатты әсер етті.
    Оспан ешкімнен қорықпайды.

    сын есім

    Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Жақсыны жамандаса, әруағы тасады.

    сан есім

    Бестен үшті алса, екі қалады.

    етістік

    Оны айтар-айтпасын білмеді. Үйге баруға қолы тимей жүр.




    • Толықтауыш құрылысына қарай 3-ке бөлінеді:

    1. Дара толықтауыш – бір сөзден тұратын толықтауыш. Мысалы: Жіңішке жолмен бір қос ат келеді. Оны ешкімге көрсетпе.

    2. Күрделі толықтауыш – кемінде екі сөзден тұратын толықтауыш. Мысалы: Олар аттардың қара торысын таңдап алды. Қорыққанда Отанын сататын су жүректерден қорқу керек.

    3. Үйірлі толықтауыш – үйірлі сөздерден тұратын толықтауыш. Мысалы: Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас.

    Толықтауыш мағынасына қарай 2-ге бөлінеді:

    1. Тура толықтауыш – табыс септік тұлғасындағы толықтауыш. Мысалы: Суды шым тоқтатар, сөзді шын тоқтатар. Оны ешкімге көрсетпе. Мен кітап оқыдым.

    2. Жанама толықтауыш – барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктері тұлғасындағы және туралы, жөнінде, жайында шылауларымен тіркесіп келген сөздер тұлғасындағы толықтауыш. Мысалы: Екі қарт кісімен амандастым. Оның ұзақтан келе жатқандарға көзі түсті. Сабақта жарыс туралы сөйлестік.

    Пысықтауыш
    Пысықтауыш – сөйлемде іс-қимылдың түрлі белгісін (мекенін, мезгілін т.б) анықтайтын мүше.

    • Сұрақтары: қайда? қайдан? қалай қарай? қашан? қашаннан бері? қалай? қалайша? қайтіп? неліктен? не үшін? неге? не мақсатпен? қаншалықты?

    • Пысықтауыш төмендегідей сөз таптарынан жасалады:

    Үстеу

    Ол ілгері басты. Кеше күн суық олды.

    Барыс, жатыс, шығыс септ-гі сөздер

    Бүгін мал біткен аулағыраққа өрістеген. Балалапандардың даусы таяудан естіледі.

    Есім сөздер

    Оқушылар емтиханға зор дайындықпен кірісті. Ол екі сөйлемейтін.

    Еліктеу сөз

    Бұл сөзіме Шаймерден кеңк-кеңк күлді.

    Көсемше

    Шешесі баласының жүзіне мейірлене қарады. Қыз енді айқайлап сөйледі.




    • Пысықтауыш құрылысына қарай 3-ке бөлінеді:

    1. Дара пысықтауыш – бір сөзден тұратын пысықтауыш. Мысалы: Лавада жұмыс қызу жүріп жатыр. Ол сұраққа ойланбастан жауап берді.

    2. Күрделі пысықтауыш – кемінде екі сөзден тұратын пысықтауыш. Мысалы: Мерей жымың-жымың етіп сахнаға шықты.

    3. Үйірлі толықтауыш – үйірлі сөздерден тұратын толықтауыш. Мысалы: Уақытым барда сабаққа дайындалсам деймін.

    • Пысықтауыш мағынасына қарай 5-ке бөлінеді:

    түрі

    ережесі

    сұрағы

    мысал

    Мекен

    Іс-әрекеттің болу орнын, мекенін білдіреді.

    қайда? қайдан? қалай қарай?

    Олар жоғары көтерілді. Ауылға қарай аттылы біреу келе жатыр.

    Мезгіл

    Іс-әрекеттің мезгілін білдіреді.

    қашан? қашаннан бері?

    Ол түске шейін ұйықтады. Олар қыс бойы демалды.

    Себеп-салдар

    Іс-әрекеттің себебін білдіреді.

    неліктен? не үшін? неге?

    Кешке амалсыздан үйге қайттым. Ол Отаны үшін өлді.

    Сын-қимыл

    Іс-әрекеттің жүзеге асу амалын, мөлшерін білдіреді

    қалай? қалайша? қайтіп?

    Оны зорға далаға алып шықты. Ол аптығып сөйледі.

    Мақсат

    Іс-әрекеттің мақсатын білдіреді.

    неге? не мақсатпен?

    Оқу үшін қалаға келді.Біз әдейі жарыстық.

    СӨЙЛЕМНІҢ БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРІ


    Сөйлемнің бірыңғай мүшелері – сұраулары мен қызметі ортақ болып, сөйлемнің бір ғана мүшесімен байланысатын кемінде екі сөзден тұратын мүше.

    Сөйлем мүшесі

    Мысалы

    Бірыңғай
    бастауыш

    Бүріскен мал мен жүдеген жан Абайға үлкен ой салды.

    Бірыңғай
    баяндауыш

    Бір батальон артта, алыста.

    Бірыңғай
    анықтауыш

    Жүрісіміз -кейде бүлкіл, кейде бөкен жүріс.

    Бірыңғай
    толықтауыш

    Түн не қойыңды, не өзіңді жұтып қоятын сияқты.

    Бірыңғай
    пысықтауыш

    Мәкіш Абайға кінәлай да, сынай да қарады.



    Бірыңғай мүшелердің жалғаулық шылаулар арқылы байланысуы

    ыңғайластық



    қарсылықты

    талғаулы

    кезектестік

    да, де, та, те, және, әрі, мен, бен, пен

    бірақ, алайда, әйткенмен

    я, не, немесе, әлде

    бірде, біресе, кейде

    Асан мен Үсен жұртта қалып қояды. Кеше де, бүгін де мазам болмады.

    Тек жері биік болғандықтан жеміс өседі, бірақ піспейді.

    Мұнда шөп немесе сабан әкеліңдер, -деді Дубровский.

    Ақан біресе ұшаққа, біресе сағатына қарайды.

    Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері
    Мынадай жағдайларда бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады:

    Бірыңғай мүшелер өзара жалғаулықсыз байланысса

    Аспан айқын, анық.

    Жалғаулық шылаулар бірыңғай мүшелердің арасында қайталанып келсе

    Рахима-әрі әнші, әрі биші.

    Бірыңғай мүшелер бірақ деген қарсылықты жалғаулық арқылы байланысса

    Ол орта бойлы, бірақ толықша келген сұр жігіт еді.

    • Мынадай жағдайларда бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылмайды:

    Бірыңғай мүшелердің арасында мен, және, пен, бен жалғаулықтары бір-ақ рет келсе

    Ауыл мен қаланың арасы алшақ екен.

    да, әрі, не, немесе жалғаулықтары қайталанбай, бір-ақ рет келіп тұрса

    Төрт бөлмелі үй салқын да жайлы.



    ЖАЛПЫЛАУЫШ СӨЗ
    Жалпылауыш сөз – бірыңғай мүшелермен қызметтес, тұлғалас болып, оларды ортақ жинақтау мәнін білдіретін мүше.
    Жалпылауыш сөздің жасалу жолдары



    Сөз табы



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   104




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет