Ескерту: Қысқарған сөздердің 1,2-түріне және қысқарған өлшем бірліктеріне қосымшалар дефис арқылы жалғанады. Мысалы. ТМД-ға, АҚШ-қа, см-ге т.б.
4. Тіркескен сөз
Тіркескен сөз – екі немесе одан көп сөздер тіркесіп келіп, бір ұғымды білдіретін қүрделі сөздің түрі. Мысалы,
Тіркескен сөздің екі түрі бар: еркін тіркес және тұрақты тіркес.
Еркін тіркестің құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе басқа сөзбен алмастыруға болады. Мысалы, оқып отыр, оқып жүр т.б.
Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе басқа сөзбен алмастыруға келмейді. Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздер бірігіп бір ғана мағына береді. Мысалы, қас пен көздің арасында (тез) деген тіркесті кірпік пен көздің арасында десек «тез» деген мағынаны бермейді.
ҚОСЫМША
Қазақ тілінде қосымшаның 2 түрі бар. Олар: жұрнақ және жалғау.
ЖҰРНАҚ
Жұрнақ өзі жалғанған сөзге жаңа мағына беріп, туынды сөз жасайды.
Жұрнақтың екі түрі бар: сөз тудырушы жұрнақ және сөз түрлендіруші жұрнақ.
Достарыңызбен бөлісу: |