Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет188/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика


Кейбір
 адамдар құс етін 
жемейді. 2)
Әрбір
 халықтың тарихы, ұзақ дәуірдің ішінде қалып-тасқан
берік сақтайтын әдет-ғұрпы болады. 
Бұл сөйлемдердегі 
кейбір, әрбір
деген белгісіздік есімдіктер зат есім сөзі-нің 
алдында келіп, қабыса байланысып, қ а й? деген сұрақа жауап беріп, 
анықтауыш болып тұр. Сондықтан бұлар сын есім орнына жүріп тұр. Мысалы:
 
Екінші бригада жағынан 
бірнеше
 аттылы адам келеді.Олардың келеміз 
дегеніне 
әлденеше 
күн өтіп кетті.
Бұл сөйлемдердегі 
бірнеше, әлде-неше
деген белгісіздік есімдік сөздері зат есім сөзімен тіркесе айтылып, қабыса 
байланысып, қ а н ш а ? деген сұраққа жауап беріп, анықтоауыш болып тұр. 
Бұл- зат есімнің санының белгісіздігін көрсететін болғандықтан, сан есімнің 
орнына жүретін белгісіздік есімдіктер деп қарау керек болды.
Әрқалай, әлдеқалай, әлдеқашан, әлдеқайдан
деген сөздер етістік сөзімен 
байланысып, етістіктегі қимылдың болмысы мен орнының және мезгілінің 
белгісіздігін білдіреді де, көптелмейді, септелмейді, тәуелденбейді. Сөйлемде 
пысықтауыш болып келеді.Сондықтан бұлар үстеу сөздің орнына жүреді. 
Мысалы: 
Бұл
- әлдеқалай
 бола қалған оқиға емес. 2. Алматы- Москва поезы 
әлдеқашан 
кетіп қалған болатын. 
Бұл сөйлемдердегі 
әлдеқалай, әлдеқашан
деген сөздер қ а л а й? қ а ш а н? деген сұрақтарға жауап беріп, пысықтауыш 
болып тұр. 
Белгісіздік есімдіктер 
кей, қай, қайсы, әр, әлде, бір
сөздерінің өзге сөздермен 
немесе өзара біріктірілуі арқылы жасалады. Бұлар - біріккен сөз ретінде бірге 
жазылады. Мысалы: 
әлдекім, бірнеше, әлдеқалай, әркім, кейбір.
Ал бұл сөздердің бірқатары өзге сөз таптарымен тіркесіп айтылғанда бөлек 
жазылады. Мысалы: 
қай жылы, әр күні, бір жұма, кей уақытта, әлде алыс, 
әлде жақын. 
 


105-жаттығу
.
Мына сөйлемдерді көшіріп, ондағы белгісіздік есімдіктердің астын 
сызып, олардың сөйлемде қай мүше болдып тұрғанын айтыңдар. 
1.- Қазақстан! –деймін ішімнен әрбір қарпына көңіл құлағын тосып.
2. Кеудемді әлдене көріп бара жатқандай, өзімді өзім үлкен сезінемін. 3. 
Жоғары көтерілген сайын көкжиек шалқайып, көз шаларың көбейе береді 
десем, ал адам ойының әлдеқашан орай кеткен жері. 4. Әйтеуір оқып шықсам, 
бір-демеге жарармын деген шала буалдыр ойым болатын. 5. Қоңырау 
әлдеқашан соғылыпты, сен кешігесің! 6. Енді, міне, көзіңді жұмғанмен көңіл 
ояу, шарқ ұрып қыдырып, әлдеқайдан ірілі-ұсақты ойларды сүйреп 
қайтады.(
Ғ.Мүсір.)
7. Әр тұстан дыбырласып, сөйлесіп қалған үндер 
шығады.8. Кеудесіндегі тірлік қайғысы мұның әрбір оңаша кезде, Әбіштің 
қабақ шытып, өзімен -өзі боп ойланып қалатын мұңы еді. 9. Біреулер алға 
қарай дыбыстап үн қатса, тау іші күңгірлеп, жаңғырып, аз ғана дыбысты да 
әуліктіріп, алысқа әкетеді. (М.Ә) 10. Жан тірі болса, уәде бірдеме болар. (Ғ.М)
6. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет