Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет172/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

Тақырып бойынша сұрақтар: 
 
1)
 
Сын есім сөйлемде негізінен қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады ? 
2)
 
Сын есімнің заттануы деген не ? 
92-жаттығу

Мәтінді оқып шығып, сын есімдерге жалпы талдау жасаңдар. 
Енді сол көп қыздардың ішінен бөлініп қалған бір ғана ұзын бойлы, ақ 
сары қыз бар. Сұлу денелі, ашық нұр жүзді , әсем бойжеткен. Жіңішке, қап-
қара қасы Абайға алдымен байқалды. Кейбір кішкентай қозғалыстарымен 
Тоғжанның қасын еске түсірген. Ұзынша боп біткен, үлкендеу келген 
қоңырқай көздері саналы сияқты. Анда-санда күле қарап, жалт етіп қалғанда, 
әлдеқандай көп шұғылалы, мол сәуле төккендей болады. Сопақша біткен сұлу 
жүзінде жұқалаң, әсем қызылы бар ( М. Ә. ).
Содан былай бетінде қорасаннан қалған дағы бар бұжыр адамдай кейіпсіз, 
жаралы жартасты жергілікті жұрт Жүректас атап кетіпті.Ұсқынсыз тастың 
жүрекке ұқсайтын ештеңесі болмаса да, адам баласы қасына барса-ақ, екі 


167 
сәбидің қосыла соққан жүрек дыбысындай, әлгі жер бүкіл алапатымен дүңк-
дүңк етіп, баяу соғып тұрады екен (С.Ж. ). 
VІ м о д у л ь т е с т е р і 
1) Сын есім: 
а) заттың, нәрсенің сынын, сапасын білдіретін сөздер; 
в) қимылдың сынын, сапасын білдіретін сөздер; 
с) сөйлемде анықтауыш қызметінде қолданылатын сөздер; 
d) 
е) 
2) Сын есімнің сұрақтары: 
а) қалай 
?
в) қандай
?
с) қайтып 
?
d) қашан ? е) қанша ? 
3) Сын есімді көрсетіңіз: 
а) шатыр в) жылтыр с) шақыр d) жатыр е) қамыр 
4) Сын есімді сөз тіркесін көрсетіңіз: 
а) Алтын сағат в) тәрбие сағаты с) қымбат сағат d) қол сағат: 
е) сын сағатта 
5) «Малды» деген сөз қай сөйлемде сын есім болып тұр: 
а) Малды малға жаны ашитын адам ғана бағады.
в) Малды адам-бай адам. с) Келін алды, екі қолын ыстық суға малды. 
d) Ғайшаның қалың малын беріп қойған 
е) Мал өрісте 
6) Туынды сын есімді көрсетіңіз: 
а) жұмсақ в) күлгін с) дәмді d) аппақ е) қоңырқай; 
7) Сын есімнің салыстырмалы шырайын көрсетіңіз: 
а) үп-үлкен в) аса үлкен с) үлкендеу d) үлкен-үлкен; 
8) Заттанған сын есімді көрсетіңіз: 
а) жігіттермен әңгімелесті в) келгендермен әңгімелесті
с) жастармен әңгімелесті d) ата-аналармен әңгімелесті; 
9) Есім сөздерден жасалған сын есімді көрсетіңіз: 
а) ұғымтал, сезімтал в) ұшқалақ, сасқалақ с) сабырлы, салмақты; 
d) ақшыл, көгілдір е) аспан түстес 
10) Күрделі сын есімді көрсетіңіз: 
а) күлегеш, сөзшең в) арықтау, бойшаң с) ақ сары, ұзын бойлы;
d) сұрша, бозғылт е) қап-қара, кіп-кішкентай 
11) Сын есімнің негізгі синтаксистік қызметі: 
а) бастауыш в) пысықтауыш с) анықтауыш d) толықтауыш 
е) баяндауыш: 
12) Салыстырмалы шырай тұлғасында тұрған сын есімді көрсетіңіз. 
а) Әдемі в) Сымбаттырақ с) Шыдамды d) Жап-жақсы 
е) Көрікті 
13) Күрделі сын есімді көрсетіңіз.


а) Мерекеге ұласты в) Өнерлеріне разы с) Басына бақ қонды
d) Бидай өңді е) Ақ бидай 
14) Күрделі сын есімді көрсетіңіз. 
а) Аппақ, көкпеңбек в) Найзагер, әуесқой с) Білгіш, сезімтал 
d) Көкшетау, Бурабай е) Қызылшақа, ақүрпек 
15) Сын есім тудыратын жұрнақ: 
а) –шама, -шеме в) –ла, -ле с) –ау, -еу d) –ншы, -нші
е) – ғақ, -гек 
16) Асырмалы шырай тұлғасындағы сын есімді көрсетіңіз. 
а) Таудай, бойшаң в) Тәртіпті, ретті с) Тәтті, дәмді
d) Сарғыш, қызыл күрең е) Нағыз жүйрік 
17) Күрделі сын есім қатысқан сөз тіркесін көрсетіңіз.
а) Ақырын жүріп, анық бас в) Ақша қар с) Қызыл қыш құмыра 
d) Ал қызыл гүл е) Ала ат 
18) Сын есімнің заттануы деген мағынаны беретін тілдік термин: 
а) Аббревиатура в) Агглютинация с) Субстантивтену 
d) Субардинация е) Семасиология 
19) Сын есімнен басқа заттанатын сөз табы: 
а) Сан есім в) зат есім с) Есімдік d) Есімше е) Үстеу
20) Субстантивтенген сын есімді көрсетіңіз. 
а) Оқытушылар в) қыз-жігіттер с) Құда-құдағилар
d) Қарттар, жастар е) Әншілер, бишілер 
21) Қатыстық сын есімді көрсетіңіз. 
а) Айдын көл в) Көлсай с) Аққулы көл d) Алакөл е) Қоскөл 
22) Етістік негізді сын есім дер жазылған қатарды көрсетіңіз. 
а) Өткір, ұшқыр в) Кіршең, сөзшең с) Жирен, шабдар 
d) Қонақжай, берекелі е) Шұрайлы, шалғынды 
23) Біріккен түбірлі сын есімдер жазылған қатарды көрсетіңіз. 
а) Мол сулы в) Мидай жазық с) Жайбасар d) Көкөніс
е) Аумалы-төкпелі 
24) Тұрақты сөз тіркесі арқылы жасалған сын есімді көрсетіңіз. 
а) Аққудың көгілдіріндей в) Сұңқардың баласындай 
с) Келіннің жасауындай d) Кестенің бізіндей 
е) Соқырға таяқ ұстатқандай 
25) Тұрақты тіркестің беретін мағынасы көрсетіңіз.
 Қой үсіне бозторғай
жұмыртқалаған заман
а) Мал басы көбейген молшылық заман
в) Құс жаппай ұя салатын жазғытұрымғы уақыт 
с) Тыныш, бейбіт заман
d) Елдің қан жайлауда отырған кезі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет