Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


алыстан  көшіп келе жатқандықтарын ұғындырды. (М. Ә.)  166-жаттығу



Pdf көрінісі
бет314/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

алыстан 
көшіп келе жатқандықтарын ұғындырды. (М. Ә.) 
166-жаттығу.
Мәтінді көшіріп жазып, әрбір сөйлемдегі мекен пысық-тауыштың астын 
сызыңдар да, қай сөз табы мен қандай тұлғадан тұрғандығын айтыңдар. 
1) Үзеңгіге аяғын сала бергенде, арт жағынан ат пысқырды. 2) Ана 
Сарымсақтың арғы жағында, бір елеусіз адыр бұйратта бұғып қалмасын. 3) 
Бекбол жуан торының дағдылы бүлкіліне салып тауға қарай тартып берді. 4) 
Тау басында тұрып көз мөлшерімен жасаған бір межесі бар екен. 
(М. Ә.) 
5) 
Қаладан келем, шырағым! 6) Есік алдына Нағима шешейдің көк қошқары да 
келіп қалды. 7) Енді ақырындап ағашқа қарай жылжып барады. 8) Қалада 
қалған халық түгел көтерілді. 
(Ғ. Мүсір.) 
§ 122. Мақсат пысықтауыш 
Етістік баяндауышпен я етістіктен болған өзге мүшемен байланысты 
болып, етістіктегі қимылдың мақсатын білдіретін пысықтауышты м а 
қ с а т п ы с ы қ т а у ы ш дейді. 
Мақсат пысықтауыштар не істеуге? не үшін? не мақсатпен? неге бола? 
неге? деген сұраулардың 
 
біріне жауап береді. 
Мақсат пысықтауыштар мына сияқты сөз таптарының тұлғалық 
ерекшеліктері арқылы жасалады. 
1. Мақсат пысықтауыштары
жорта, әдейі, қасақана 
сияқты
 
мақсат 
үстеулерінен болып келеді. 1)
Мұның бәрін ол жорта істеді. 
2) 
Өзінің 
пароходсымағын бөтен кеменің жолына 
қасақана 
жібереді. (Л. К.)
2. Есім сөздерінен кейін 
үшін 
шылауының тіркесе айтылуы арқылы 
мақсат пысықтауыш болады.
Мен жазбаймын өлеңді 
ермек үшін. 
Жоқ-барды, 
ертегіні 
термек үшін. 
Қөкірегі сезімді, тілі орамды Жаздым үлгі жастарға 
бермек үшін. (А. Қ.)


3. Тұйық райлы етістік тұлғасындағы қимыл есімдері барыс жалғауында 
келіп мақсат пысықтауыш болады. 1) 
Радист қолына қаламын алып, бәрін 
жазып алды да, командирге 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет