Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет77/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

Тақырып бойынша сұрақтар: 
 


1)
 
Фразеология нені зерттейді ? 
2)
 
Ерікті және тұрақты сөз тіркестері деген не ? 
3)
 
Тұрақты сөз тіркестерінің негізгі ерекшеліктері қандай? 
4)
 
Тұрақты сөз тіркестері тіркестің беретін тұтас мағынасы мен 
құрастырушы сыңарларының мағынасының арақатынасына қарай 
нешеге бөлінеді ? 
5)
 
Қандай тіркестер идиомалық тіркестер деп аталады ? 
6)
 
Мақал-мәтелдер –қандай сөзтіркестері Олардың өзара ұқсастықтары 
мен айырмашылықтары қандай ? 
47 - жаттығу.
Төмендегі тұрақты сөз тіркестерін фразеологиялық оралым түрлеріне бөліп 
көшіріп жазып, олардың мағыналарына түсінік беріңдер.
Ауыз жаласу, шегірткеден қорыққан егін екпес, тілі қышу, қыпша бел, 
түймедейді түйедей ету, соқырға таяқ ұстатқандай, құрғақ қасық ауыз жыр-
тады, оймақ ауыз, тамырына балта шабу, с у жаңа, сорлыға сойылдың жуан 
басы тиер, мидай жазық, көрпеңе қарап көсіл, шынжыр балақ, шұбар төс, 
иттің ырылдасқаны-амандасқаны, жақсы ит өлігін көрсетпейді, ит өлген жер, 
48 - жаттығу.
Төмендегі тұрақты сөз тіркестерінің жасалу жолына назар аударып, 
мағыналарына түсінік беріңдер. 
Аузы-мұрны қисаймай, аузының дуасы бар, аузымен құс тістейді, аузын қу 
шөппен сүрту, аузынан түсе қалғандай, от ауызды, орақ тілді, бір елі ауызға 
екі елі қақпақ, оймақ ауыз, қой аузынан шөп алмас, аузын буған өгіздей, үріп 
ауызға салғандай, аузына құм құйылды, аузынан ақ ит кіріп, қара ит шықты
аузының салымы бар, кедейдің аузы кер ауыз, ауызға ілігу, ауыз тию, аузын 
арандай ашу, аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін, жақсы сөйлесе, 
аузынан гүл төгіледі, аузыңа май, астыңа тай.
49 - жаттығу.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін пайдалана отырып, төмендегі сөздермен 
тұрақты сөз тіркестерін құрап жазыңдар. Олардың мағыналарына түсінік беріңдер.
Бет, көз, қол, бас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет