Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дарынды оқушылармен жұмыс



бет6/6
Дата08.02.2022
өлшемі117,5 Kb.
#122870
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
0001d066-4e2948d3
0001d066-4e2948d3, 6 сынып тапсырма №1, 5-с деңгейлік тапсырмалар, Экономикалық география сөж, ref 1388, Ақсеңгір ОМ
III бөлім




Сыныптан тыс кезеңдерде жүргізілетін жұмыс түрлері

Уақыты

1.

Мектепішілік және қалалық, аудандық танымдық шараларға қатысту. (соның ішінде дебаттарға)

Ұйымдастырылған уақытта

2.

Аудандық, облыстық, халықаралық Бітібаева Қ.О. атындағы олимпиадаларға қатысу.

Желтоқсан, мамыр.

3.

Қашықтан өткізілетін олимпиадаларға қатысу:
КИО 1 және 2-туры. «Айналайын» сайысы.

Қыркүйек, желтоқсан

4.

Мектепішілік, қалалық, аудандық, облыстық «Жарқын болашақ» сайысына қатысу.

Ақпан, сәуір айлары

5.

Қалалық «Оралхан Бөкей» оқуларына қатысу.

Маусым

6.

Қалалық, аудандық «Абай мен Шәкәрім» оқуларына қатысу.

Наурыз.

7.

ШҚМУ ұйымдастыратын шығармалар сайысына қатысу.

Сәуір

8

Басылымдарға өлеңдер мен материалдар жариялауды жалғастыру.




БЕКІТЕМІН:


«Зырян қаласының №9 орта мектебі»КММ
директоры:----------------------Тогузова А.З.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс
ЖОСПАРЫ.
Дайындаған: Саньязова Б.Қ.
Зырян, 2015-2016 оқу жылы.
Мақсаты: пән бойынша оқушыларға мемлекеттік стандартты меңгеру,
үлгермеушілікті, нашар оқитын оқушылар қатарын азайту.


Міндеті:

  • Оқушылардың кластағы, мектептегі психологиялық микроклиматына ерекше мән беру;

  • оқушыларға тактикалық түрде көңіл бөліп қарау;

  • оқушылардың қызығушылығын ескеру.

Түсінік хат:
Е.С.Рабунский «оқушыға жеке қатынас тұрғысынан қарап оқыту мен тәрбиенің негізгі принципі,ал оны әр оқушының жан-жақты, өзіндік жеке қасиеттерінің дамуын қамтамасыз ететіндей, олардың жалпы және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие жұмысының әдістері мен ұйымдастыру формаларын үнемі түрлендіру,өзгерту арқылы жүзеге асыруға болады» деп есептейді. Кирсанов «оқушыларды дифференциалап оқыту-оқыту мақсатын ескере отырып, оқушылар тобы мен жеке оқушының, сынып ұжымының шынайы танымдық мүмкіндіктері мен іс-әрекет мақсатына сай келетін тәрбиелік және дидактикалық құралдар жүйесі» деп анықтама берген.
Оқушылардың бәрі де жақсы оқығысы келеді. Бірақ олардың ақыл-ой қабілеті, бағдарламадағы берілген материалды ұғуы бірдей емес.Оқушылардың кейбіреулері мұғалімнің түсіндірген сабағын тез ұғады кейбіреулері орташа ұғады. Кейде үлгіре алмайтын да оқушылар кездеседі.Сондықтан да барлық оқушының қолын білімге жеткізу үшін өз мүмкіндіктеріне сәйкес үйретудің маңызын зерттеуші ғалымдарымыз ғылыми жағынан дәлелдеп берді.
Оқытудың түрі:

  • жеке (бір ғана оқушымен жұмыс істейді);

  • жеке –жұптық (оқушы- оқушы, мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы, қазіргі жағдайда оқушымен қарым-қатынасы жеке оқушының әзірлік үрдісіндегі қызметі мен айқындалады );

  • жеке-топтық топ мектепте жұмыс істейді, бірақ бір мектепте оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады (оқытудың бұл түрі орта ғасыр мектептерінде қолданылған).

  • Өзара бірлесіп оқыту, (аталған оқыту жүйесі Англияда пайда болған, атауы-беланкастер жүйесі және ЖАДА );

  • Саралап оқыту, оқытудың бұл түрі оқушылардың қабілетіне қарай өтіледі (мангейм жүйесі);

  • Бригадалық оқыту,тапсырманы бригада алады: бір сыныпта 5-6 оқушы ұйымдасады, есеп беруші-бригадир оқытудың бұл түрі ХХ ғасырдың 20-жылдарына тән);

  • Американдық «Винетка-жоспар», «Трампа-жоспар» және т.б

  • Оқытудың микротоптық жүйесі (фронтальді, ұжымдық жұмыс және т.б.).

Жұмыс жоспары.





Жұмыс түрі.

1.

Сабақ барысында жеке жұмыстар ұйымдастыру

2.

Сабақтан тыс жеке жұмыстар ұйымдастыру

3.

Ата-аналармен әңгімелесу

4.

Тестік, бақылау жұмыстары алe

5.

Үлгермеу кестесін құру.

6.

Оқушылардың үлгермеушілігін болдырмау шараларын құру.

I.

  • жеке тапсырмалардың төмендегідей жүйесін ұсынуды :

  • өз қалауы бойынша орындайтын тапсырмалар.

  • нұсқалық тапсырмалар.

  • оқушылар тобына берілетін тапсырмалар.

  • жеке тапсырмалар.

  • оқушылар жұбына берілетін тапсырмалар.

  • тексеру және бағалаудың пайдасын көрсететін жағдаяттар жасау;

Сыныптан тыс шараларға, қызығушылығы бойынша үйірмелер мен таңдау курстарына оқушыларды тарту.

II.

  • жақсы көңіл-күйге бөлеу;
    • оқушының жауапты ойланып беруіне уақыт бөлу;
    • оқушылардың жауаптарын мұқият тыңдау, мадақтау;
    • жауапты соңына дейін тыңдау, талдау және ескертулерді кейін жасау;
    • оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру (жай, темперамент, тіл кемістігі);
    • оқушы өзін еркін сезетін жағдай жасау:
    • оқушының жауабын талдау, жеке тұлғасын сынамау;
    • оқушылар бағасын көтергісі келсе, оларға тапсырманы қайта беру;
    • жауап бергенде, тапсырманы орындағанда тірек сызбаларды қолдануға рұқсат беру;
    • бақылау және тексеру әдістерін түрлендіріп отыру;
    • тестілік бақылауды жиі қолдану.

Оқушы үлгеріміндегі қиындықтарды анықтап, көмек көрсету жолдарын қарастыру мақсатында ата-аналар оқуын ұйымдастыру «Оқушы үлгеріміне ата-ана көмегі».




Оқушылардың үлгермеушілігін болдырмау шаралары:
Үлгермеушілікті болдырмау үшін оқу материалдарын түсінбеу себептерін анықтау керек. Үлгермеудің негізгі себептерінің бірі - жұмыс істеу қабілетінің, ынтаның, зейіннің жоқтығы. Егер бұл сапалар отбасында қалыптаспаса, онда балаға мектепте оқу қиынға түседі.
Екінші себеп - білімнің жүйесіздігі, жауапкершіліктің төмендігі. Оқушы бұрынғы оқу материалдарын түсінбегенін мұғалім уақытында байқамаса, онда оқушының оқуға қабілеті жеткіліксіз болады. Әдетте мұндай оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіліп, оларға кеңес беріледі.
Үшінші себеп - материалдан мәнді белгілерді бөле алмау, негізгі мен негізгі емес мәселелерді ажырата алмау, оқушылардың жаттап оқып, бәрін есте сақтауға тырысуы. Мұндай оқушыларға абстрактілі ойлауларын дамыту үшін талдауға, қорытындылауға жаттығулар беріледі.
Төртінші себеп- пәнге деген қызығушылықтың жоқтығы. Нәтижесінде оқушының зейіні, білімге деген ықыласы төмендейді. Бұл тәжірибесіз мұғалімнің ашу-ызасын туғызып, түрлі дау-жанжалдарға себепші болады. Оқушыларға талап қою, құрметтеу, оқушының жеке тұлғалық сапаларын ескеру, баланы қызықтыру оның оқу жұмысын белсенді етіп, кемшіліктерін түзетуге ықпал етеді.
Бесінші себеп-оқушының отбасындағы қолайсыз жағдай, құрбыларымен тіл табыса алмау, оқушының оқу жұмысын атқара алмауы, "қиын" балаларға еліктеуі.
Үлгермеудің басқа да себептері бар.
Ең бастысы – үлгермеу себебін анықтап, жеке жұмыстың жолдарын белгілеу. Мұғалімнің, мектептің міндеті әрбір оқушының жақсы оқуына көмектесу.




Үлгермеушілермен жұмыс жинағын құрастыру

  • Пән бойынша үлгерімі нашар оқушылар тізімін жасау.

  • Нашар үлгеру себептерін анықтау технологиялық картасын құру.

  • Жұмыс жоспарын жұру.

  • Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілген жұмыстарды жинаққа топтастыру, нақты жұмыстарды жинау.

консультанттар бөлу, жұмыстарына қадағалау жасау, бақылау қорытындысын тіркеп отыру.

  • үлгерімдеріне диагностикалық зерттеулер жасау, зерттеу жұмысының қорытындысын жазу.

  • Жұмыс түрін, өткізктін уақытын, нәтижесін жазу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет