Тасымал. Дауыссыз дыбыстардың жуан және жіңішке айтылуы
Аң мен құсын даламның
Баурыма балармын.
Сезінеді олар да
Қамқорлығын адамның.
С.Асанов.
Тасымалдауға болмайтын сөздерді теріп жазыңдар.
Дауыссыз дыбыстары қандай?
Мақал
Ұлтарақтай болса да,
Ата қоныс жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да,
Туып өскен ел қымбат.
Тасымалданатын сөздерді теріп, тасымалдап жаз.
Дауыссыз дыбыстары қандай?
Айгүл
Айгүлдің анасы дүкенге барды.Дүкеннен алма,алмұрт,жүзім әкелді.
Айгүл алманың біреуін алды. Оны әжесіне берді. Әжесі алманы жеді, рақмет айтты. ( 21 сөз)
Алма, алмұрт, жүзім – сөздерін тасымалдап көрсет.
Заттын атын білдіретін сөздер
1.Нан, астық, бидай, егін, егістік,диқаншы, дала,жер.
Абай, Шоқан, Ахмет, Бауыржан, Мәншүк,Әлия, Тоқтар, Талғат, Жамбыл, Ыбырай.
Алматы, Шымкент, Өскемен, Қарағанды, Талдықорған, Тараз, Ақтөбе, Астана.
2.Күн, жел, ауа, қар, мұз, су, қырау, аяз, жаңбыр, кемпірқосақ.
Оқулық, дәптер, қалам, сызғыш, қарындаш, өшіргіш, парта, бор, сынып.
3.Тайлақ бірде тай, лақты,
Менсінбеді кіші деп.
Лақ маңырап,
Аймақты
Жаңғыртты тай кісінеп.
Б. Серікбаев.
Не? сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазыңдар.
Бақшада
Бақшаға барып, Қырмызы қарбыз,
Боласың қарық: Қызықтай нағыз
Көзіннің жауын Қызғылтым сәбіз.
Алатын қауын, Дорбаны салып,
Тамсанар бар қыз. Қайтасың алып.
Қ. Мырза Әли.
Қарамен жазылған сөздерді теріп жаз және сұрақ қой.
Үзіліс
Қоңырау соғылды. Оқушылар үзіліске шықты. Әсем мен Анар келесі сабаққа дайындалды. Келесі сабақ-дене тәрбиесі. Олар дене тәрбиесі сабағын ұнатады.
( 20 сөз)
Кім? Кімдер? Сұрағына жауап беретін сөздерді анықтап, астын сыз.
Фермада
Колхозда ферма бар. Ферма үлкен және таза. Фермада сиыр, қой, ешкі көп. Менің әжем озат сауыншы.Біз фермада сауыншыларға көмектестік. ( 20 сөз)
Сиыр, қой, ешкі сөздеріне қандай сұрақ қойылады?
Достарыңызбен бөлісу: |