8.Блау таблеткасы. Жерді бөлудің Сармат (дай-массагеттер) кезеңі ең ежелгі құжаты. Б.д.д. 2900-2800 жж.
Келесі суретте(8) жерді бөліп бергендігін растайтын ең ежелгі (еншілік) құжат (шамамен б.д.д. 2900-2800 ж.ж.) Блау таблеткасында белгіленген. Бұнда жерді берудің рәсімі (салты) көрсетілген. Үлкен ауқатты отбасылар немесе храмдар жерді йарду(м), уарду(м) – (орыс тілінде «нисшедший, низведенный» қазақша дәл мағынасында жарлы, жалқыбайларға (кедей, құлдарға) жалға берілетіндігі айтылған. Жетінші (Үстіртте табылған (б.д.д. ІІІ ғ.) тастағы белгі) және сегізінші суреттегі (Блау таблеткасы. Б.д.д. 2900-2800 жж.) басы ромб жалғасы крест секілді таңбалардың бір бірінен аумайтынына қалай таңданбауға болады.
Шумерлер оқулықтар жазбас бұрын алдымен шумер-аккад сөздігін жасаған. Олардың екі түрі бар; жалпы және терминдік (мыс, ботаника, фармацевтика, зоология, минералогия және т.б.) сөздіктен үзінді: шумерлік – дир, дири – аккадша – ватру – превосходящий (асып түсетін) қазақша – аса, дүр, дүрдей. Шумерлік оқулықтардың үлгісі «қыш кітапханалар» арасынан табылған э – дуба (оқу, оқыту, оқулық, яғни әдаба) шумерлердегі бала оқытуды, мектепті және оқу құралы әдебиетті айқындаушы болып табылады. Мұнда, мысалы емші – «ашутасу», дұғалаушы – «машмаш» деп берілген (қазақта аштау, ұшықтау деген сөздер бар, ал «машмаш» – шаман дегенге келеді). Шумер тілін грамматикалық жағынан зерттеу үшін арнайы оқу құралы (өзгерген сөздер, оның айтылуы туралы) жасалды. Оны «Ана иттишу» - «согласно извещению об этом» – «анадай айтылуы», яғни бұл туралы айтылуына сәйкес деп атаған. Сол оқулықтардың бірі жорамал кітабы.
9. Көне бабылдық жорамал кітабы (малдың ішек қарнымен)
Достарыңызбен бөлісу: |