«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 9-сынып


«Жастар және бұқаралық ақпарат құралдары» бөлімі



бет6/8
Дата16.10.2019
өлшемі0,51 Mb.
#49973
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ОШ ФО Казахский язык и литература 9 класс каз
24.01, 11 қмжз, 29.01, 6 Сынып математика Жулдыз, 1111111111

«Жастар және бұқаралық ақпарат құралдары» бөлімі





Оқу мақсаты

9.1.2.1. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну,

ақпараттың шынайылығы мен нақтылығын анықтау



Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Мәтін мазмұнын түсініп, ақпараттың шынайылығы мен нақтылығын анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану


Тапсырма.

  1. Мәтінді тыңдап, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

    1. Бұқаралық ақпарат құралдарының адам өміріне тигізетін теріс ықпалдарына 2-3 мысал келтіріңіз.

    2. Ойынқұмарлыққа әкеліп соғатын себептер қандай?

    3. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердің шырмауына түспес үшін қандай әрекеттер жасауға болады?

Жастардың отбасылық ұғымына бұқаралық ақпарат құралдарының жағымды жақтарымен бірге жағымсыз, кері әсері де қоғамда алаңдаушылық туғызуда. Теледидар, радио, кинотеатр және интернет сияқты БАҚ әлеуметтік жүйелерді қалыптастыру және күшейтуде зор ықпалға ие екендігі даусыз. Алайда бұқаралық ақпарат құралдарының жеке өмірге де тигізетін әсерін жоққа шығаруға болмайды. Қатігез бағдарламалар, ойындар мен кинолар, жарнамалар адамның рухы мен жанына кері әсер етеді. Бұлардың бәрі қоғамдағы адамдардың тұрмыс тәсілінің өзгеруіне әкеп соғады. Әрине, дәл осындай ақпараттар адамның адами құндылықтарының жойылуына себепші болады.

Отбасы ең маңызды әлеуметтік мүше ретінде БАҚ ықпалынан көп зардап шегеді. Теледидар жастардың отбасын құру туралы пайымына, отбасында қарым-қатынас құруына, жас ұрпақты тәрбиелеу сапасына әсер етеді. Бала санының азаюы, әйелдердің қоғамдағы рөлінің өзгеруі және тағы басқа әлеуметтік факторлар отбасы құрылымын өзгерткен. Түрлі телебағдарламалар, әлеуметтік желілер мінез-құлық үлгілерін, кино, телехикая және жарнама түрінде ұсынады. Осы үлгілер бала кезден адамның ішкі жан дүниесінен орын алып, ерлі-зайыптылар мен перзенттерінің қарым-қатынасында белгілі бір бейне қалыптастырады. Мәселен, осы қалыптар әйелдердің еркекке ұқсауы, ер адамның әйелге үстемдігі түрінде, ерлі-зайыптылар арасындағы ұрыс-керістер, ата-ана мен бала арасындағы жағымсыз байланыс түрінде көрініс табады.

Ерекше тоқталып өтетін тағы бір ортақ мәселе бар. Ол – жастардың ғаламторға тәуелділігі, ойынқұмарлығы. Бұл адамның әлеуметтік өмірден, мәдениеттен алшақтауына әкеп соғады. Ондай адам үшін компьютер ойындарынан басқа қасиетті ештеңе қалмайды. Ойынға тәуелді болудың да себептері бар – жұмыссыздық, көңіл-күйдің болмауы, көңіл бөлінбеу және т.б. Қатігез ойын ішінде кейіпкер өзінің барлық ой-тәсілін іске асыра алады, адамдарды жазалау немесе проблемадан қашу және т.с.с. Бұндай іс-әрекеттерден бойымызды аулақ ұстау үшін жақындарымызға көбірек көңіл бөліп, баланың қандай іспен айналысып жүргенін қадағалау керек. Балаларымызды барлық нәрседен шектей алмаймыз, дегенмен қадағалап, дер кезінде көмек беруге болады.



  1. Перифраздалған сөйлемдердің мәтін мазмұнымен сәйкестігін анықтап, «+»/«–» белгісін қойыңыз.



Ақпараттар

«+»/«–»

БАҚ-тағы түрлі ақпарат түрлері адамның жан-дүниесіне теріс ықпал

етеді.





Бұқаралық ақпарат құралдарының жеке өмірге де тигізетін әсері жоқ.




Адами құндылықтарының жойылуына қатігез бағдарламалар, ойындар

мен кинолар себепші емес.






Түрлі телебағдарлама, телехикая және жарнамалар отбасы қарым-

қатынасының қалыптасуына әсер етеді.






Ойынға тәуелді адам ойын кезінде басқа әлемге еніп, өмірде жүзеге

асырмаған ойларын орындағандай әсерде болады.






Ойынға тәуелділікті болдырмаудың бір жолы – баланы бақылау.







  1. Мәтіннен 3 нақты ақпаратты анықтаңыз.





Дескриптор Білім алушы:

  • сұрақтарға мәтін бойынша жауап береді;

  • мазмұнға сәйкес ақпаратты анықтайды;

  • мәтіннен 3 нақты ақпаратты анықтайды.

Оқу мақсаты




9.2.2.1 Коммуникативтік жағдаяттарға байланысты сөйлеу

этикеті формаларын дұрыс таңдай білу



Бағалау критерийлері

Білім алушы:

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

БАҚ өкілдері, жастар, ата-ана, қоғамның өзге де өкілдерінің (таңдау бойынша) қатысуымен «БАҚ жастарға тәрбие көзі бола ала ма?» деген тақырыпта ток-шоу ұйымдастырыңыздар. Берілген сөйлеу этикетінің формаларын диалог мазмұнында қолданыңыздар.



Сөйлеу этикетінің формалары: сәлеметсіз бе; сіз қалай ойлайсыз; дегенмен келісесіз бе; мен сіздің ойыңызбен келісемін; өте жақсы ой айттыңыз; пікіріңізге рақмет; сау болыңыз; кешіріңіз, бірақ сізбен келісе алмаймын; өте құнды пікір айттыңыз; сізге қарсылық танытуға мәжбүрмін; деген сөзіңізді түсіндіріп жіберсеңіз.


Дескриптор


Білім алушы:







Оқу мақсаты




9.2.5.1. Сөйлеу барысында түрлі стильде берілген тақырып бойынша қажетті аргументтерді орынды

қолдану, диалогте, полилогте сенімді сөйлеу



Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Тақырып бойынша аргументтерді қолданып, диалог, полилогке қатысады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінмен танысыңыз. Көтерілген мәселеге қатысты 3 ашық сұрақ әзірлеңіз. Сыныптасыңыздың сұрағына жауап беруде мәтін ақпараттарын аргумент ретінде қолданыңыз.


Америкалық психолог А.Моридің зерттеуіне сүйенсек, теледидардың алдында ұзақ отыру адамның ерік-жігерін әлсірете түседі. Көгілдір экранға ұзақ телміру көз жанары арқылы миды «арбап тастайды» екен. Баланың отбасы мүшелеріне, қатарлас құрбыларына деген назары төмендеуінің бір себебі осыған да байланысты көрінеді. Экраннан тамашалаған уақиғаларды ол белгілі бір дәрежеде шынайы деп қабылдайды,

«геройлары» қуанса – қуанып, мұңайса – мұңайып жүреді. Зерттеулер нәтижесінде анықталғанындай, күні бойы әке-шешесімен емес, теледидардағы ертегі кейіпкерлерімен

«сөйлесетін» бала олардың жалған екендігін біліп тұрса да, мойындағысы келмейді.

«Сиқырлы жәшіктің» арбауына түскен балалардың депрессияға ұшырауы, тұйықталуы – осының нышаны.

Медиабілім ХХ ғасырдың 60 жылдарында Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Австралия, Канада және әлемнің тағы басқа да алдыңғы қатарлы елдерінде пайда болды. Медиабілімнің басты мақсаты жас ұрпақты медиамәдениет әлеміне бейімделуге, БАҚ тілін игеруге, медиамәтіндерді талдай білуге көмек көрсету болып табылады. Медиабілім

– бұқаралық коммуникация заңдылықтарын зерттейтін педагогиканың жаңа бір саласы. Жоғарыда аталған елдердің бірқатарында медиабілім міндетті пән ретінде мектептерде оқытылады. Мәселен, 1987 жылы Канаданың Онтарио провинциясының орта білім беретін мектептеріндегі 7-12-сыныптарда «Медиабілім» пән ретінде оқытыла бастады. Ал Австралияда «Медиабілім» ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап міндетті пән ретінде енгізілді. Ресей мен Украинада да өткен ғасырдың 80 жылдарынан бастап медиабілім бойынша сабақтар факультативтер, үйірмелер түрінде немесе оның элементтері жекелеген пәндерді оқыту барысында (әдебиет, химия және т.б.) қолданылып келеді.

БАҚ-тың тәрбиелік ықпалына көбірек көңіл бөліп, керісінше, зиянды саналатын бағдарламаларға тосқауыл қоюдың уақыты келді. Ондай мысалдарды дамыған елдердің тәжірибесінен де кездестіруге болады. Мысалы, АҚШ, Ұлыбритания, Франция сияқты мемлекеттерде балаларға қатысты бағдарламаларды сараптаудан өткізіп, олардың дамуына кері әсерін тигізетін хабарларға қатаң түрде шектеу салынады. Сонымен қатар жеткіншектерді тұлға ретінде дамыту мақсатында ақпараттық өнім жасаушылармен тығыз байланыс орнату жағы да қарастырылған. Ондай қарым-қатынасты жүзеге асыру мемлекеттік деңгейде жүргізіледі.


Дескриптор

Білім алушы:




  • аргументтік ақпараттарды белгілейді;

  • мәтін бойынша 3 ашық сұрақ құрастырады;

  • сыныптасына сұрақ қояды;

  • сұраққа аргументтермен жауап береді.

Оқу мақсаты 9.3.4.1. Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау

Бағалау критерийлері Білім алушы:

    • Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшеліктерін салыстырады

Ойлау дағдыларының деңгейі


Жоғары деңгей дағдылары



Тапсырма


Мәтіндерді оқып, cтилі мен жанрын, олардың ерекшелігін салыстырыңыз. Ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратып, «Венн диаграммасын» толтырыңыз.

1-мәтін

2-мәтін

Жастардың отбасылық өміріне бұқаралық ақпарат құралдарының жағымсыз, кері әсері қоғамда алаңдаушылық туғызуда. Теледидар, радио, кинотеатр және интернет сияқты БАҚ әлеуметтік жүйелерді қалыптастыру және күшейтуде зор ықпалға ие екендігі даусыз. Алайда бұқаралық ақпарат құралдарының жеке өмірге тигізетін әсерін жоққа шығаруға болмайды. Қатігез бағдарламалар, ойындар мен кинолар, жарнамалар адамның рухы мен жанына кері әсер етеді. Бұлардың бәрі қоғамдағы адамдардың тұрмыс тәсілінің өзгеруіне әкеп соғады. Әрине, дәл осындай ақпараттар адамның адами құндылықтарының жойылуына себепші болады.

Отбасы ең маңызды әлеуметтік мүше ретінде БАҚ ықпалынан көп зардап шегеді. Теледидар жастардың отбасын құру туралы пайымына, отбасында қарым-қатынас құруына, жас ұрпақты тәрбиелеу сапасына әсер етеді. Бала санының азаюы, әйелдердің қоғамдағы рөлінің өзгеруі және тағы басқа әлеуметтік факторлар отбасы құрылымын өзгерткен. Түрлі телебағдарламалар, әлеуметтік желілер мінез-құлық үлгілерін, кино, телехикая және жарнама түрінде ұсынады. Осы үлгілер бала кезден адамның ішкі жан дүниесінен орын алып, ерлі-зайыптылар мен перзенттерінің қарым-қатынасында белгілі бір бейне қалыптастырады. Мәселен, осы қалыптар әйелдердің еркекке ұқсауы, ер адамның әйелге үстемдігі түрінде, ерлі-зайыптылар

арасындағы ұрыс-керістер, ата-ана мен


Перизат СЕЙІТҚАЗЫ, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымының докторы

Перизат Байтешқызы, БАҚ арқылы бүгінгі буынды тәрбиелеудің маңызы мен мәнін айтып өтсеңіз.

– Бүгінде медиа адамзат өмірінің маңызды бір бөлігіне айналды. Орташа есеппен қазіргі оқушылар күніне алты сағат уақытын медиамен байланысқа арнайды. Жалпы, ХХІ ғасырда кез келген ұлттың барлық салада, әрине, білім саласын есепке алғанда, медиасыз әлеуметтік-мәдени тұрғыдан қарқынды дамуы да мүмкін емес.

Жаһандану заманында ізденіске және шығармашылыққа қабілетті, ақпараттық заманда өзін еркін сезінетін болашақ мамандарды даярлау мәселесі өте маңызды. Медиабілім – бұқаралық коммуникация құралдарын меңгеруге үйретуді көздейтін педагогикадағы жаңа бағыт.

Қазір жеткіншектерді теледидар алдынан ажырату қиын. Тіпті теледидар балаларды тәрбиелеуге көшкен тәрізді…

– Ол рас. Америкалық психолог А.Моридің зерттеуіне сүйенсек, теледидардың алдында ұзақ отыру адамның ерік-жігерін әлсірете түседі. Көгілдір экранға ұзақ телміру көз жанары арқылы миды «арбап тастайды» екен. Баланың отбасы мүшелеріне, қатарлас құрбыларына деген назары төмендеуінің бір себебі осыған да байланысты көрінеді. Экраннан тамашалаған уақиғаларды ол белгілі бір дәрежеде шынайы деп қабылдайды, «геройлары» қуанса – қуанып, мұңайса – мұңайып жүреді. «Сиқырлы жәшіктің» арбауына түскен балалардың



депрессияға ұшырауы, тұйықталуы – осының нышаны.

бала арасындағы жағымсыз байланыс түрінде көрініс табады.



Дескриптор

Білім алушы:




- мәтіндердің стилін анықтайды;

  • мәтіндердің жанрын анықтайды;

  • стильдік және жанрлық ерекшеліктерін көрсетеді;

  • ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады.




Оқу мақсаты




9.4.2.1 Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыра отырып, өз ойын дәлелдеп

жазу


Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілігін салыстырып, эссе жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Сіздің ойыңызша, жастардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру үшін мектеп бағдарламасына «Медиабілім негіздері» пәнін енгізу дұрыс па? Ойыңызды жинақтап, эссе жазаңыз.




Дескриптор


Білім алушы:




  • мәселеге қатысты өз позициясын білдіреді;

  • пікіріне аргумент келтіреді;

  • аргументтерді дәлелдейді;

  • мәселенің шешімін ұсынады;

  • эссе құрылымын сақтайды.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет