«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 9-сынып


ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ



бет7/8
Дата16.10.2019
өлшемі0,51 Mb.
#49973
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ОШ ФО Казахский язык и литература 9 класс каз

ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

«ЭКСПО-2017 – Қазақстанның белесі» бөлімі





Оқу мақсаты

9.1.3.1. Әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында

айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну



Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсінеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

  1. Мәтінді 2 рет тыңдап, берілген сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.

Пайда болды ... Дүниежүзілік ... Талпынды ...

Сияқты ...

Даму ...


Таңқаларлық ... Заманға сай ... Бірінші ...

Керемет ... Талантты ...


1851 жылы Лондонда алғаш рет Бүкіләлемдік көрме қаланың орталығындағы барлық экспонаттар сиятын ғимаратта өткізілді. Ол үшін сол кезде жаңалық болып табылатын Хрусталь сарайы салынды. 1855 жылдан бастап Бүкіләлемдік көрмені бір ғимаратта өткізу концепциясы ескіріп, көрме кеңістігін ұйымдастырудың жаңа нысаны – көрме алаңдары туындады. Сөйтіп халықаралық көрме қалашықтары пайда болды.

Бүкіләлемдік көрмелерде ұсынылған өнерлер арасында сәулетке маңызды орын берілді. Көрмені қабылдаған қалалар заманауилықтың, техникалық прогрестің және бүкіл әлемге танымалдықтың белгісі болуға лайықты бірегей ғимараттар салуға тырысты: Брюссельдегі Атомиум, Барселонадағы Монжуич Ұлттық сарайы, Париждегі Эйфель мұнарасы…

«ЭКСПО» көрмесінің өзі бір спектакль, мәдени және шығармашылық оқиғалар ретінде орын алып жатқан «әлемдік деңгейдегі театр сахнасы» іспетті. Келушілерге Бүкіәлемдік көрмелердің мұрасы мен тарихы ұсынылды.

Бүкіләлемдік көрмелердің пайда болуы және қалыптасуы қарқынды ғылыми- техникалық прогресс жылдарына келді. Түрлі ғажайып механизмдер мен лайықтандырылған қарапайым құралдар – лифтер, транспортерлер, тігін машинкалары, сондай-ақ заманауи адамға үйреншікті телеграф, электр жарығы, тоңазытқыш қондырғылар әр жылдары Бүкіләлемдік көрмелерде алғаш рет ұсынылатын еді.

Көрмеге дарынды ақындар, суретшілер, мүсіншілер шығармаларын арнады. Вагнер, Штраус, Верди арнайы музыкалық шығармалар жазды. Көрмелер академиялық мәнердегі суретшілермен қатар батыл авангартар жұмыстарын ұсынатын тамаша көркемсурет галереясына айналды. 1867 жылы Мане Париждегі Бүкіләлемдік көрменің суреттерін салса, 1939 жылы Дали Нью-Йоркте сюрреализм павильонын рәсімдейді, ал 1937 жылы Пикассо Париждегі көрмеде XX ғасырдың символына айналған «Герниканы» ұсынды.


  1. Ұсынылған сөйлемдерді перифраз тәсілімен қайта өңдеп жазыңыз. Сөйлемге

айналдыруда сөз таптарының сөйлемде орналасу тәртібін ескеріңіз.


  1. 1851 жылы Лондонда алғаш рет Бүкіләлемдік көрме қаланың орталығындағы барлық экспонаттар сиятын ғимаратта өткізілді.

Қаланың орталығындағы

  1. «ЭКСПО» көрмесінің өзі бір спектакль, мәдени және шығармашылық оқиғалар ретінде орын алып жатқан «әлемдік деңгейдегі театр сахнасы» іспетті.

«Әлемдік деңгейдегі театр сахнасы» іспетті

  1. Түрлі ғажайып механизмдер мен лайықтандырылған қарапайым құралдар әр жылдары Бүкіләлемдік көрмелерде алғаш рет ұсынылатын еді.

Бүкіләлемдік көрмелерде

  1. 1937 жылы Пикассо Париждегі көрмеде XX ғасырдың символына айналған

«Герниканы» ұсынды.

ХХ ғасырдың




Дескриптор


Білім алушы:




  • сөздердің сәйкес мағыналарын мәтіннен тауып жазады;

  • ұсынылған сөйлемдерді перифраз тәсілімен өңдеп қайта жазады.

Оқу мақсаты




9.2.5.1. Сөйлеу барысында түрлі стильде берілген тақырып бойынша қажетті аргументтерді орынды қолдану, диалогте,

полилогте сенімді сөйлеу



Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Тақырыпқа сай аргументтерді қолданып, диалог, полилогке қатысады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Тілші, ЭКСПО көрмесіне келген шетелдік қонақ, халықаралық сарапшы, қазақстандық азамат – төрт қатысушыдан тұратын топ арасында «ЭКСПО көрмесі және Қазақстан» деген тақырыпта сұхбат дайындаңыздар. Сұхбаттарыңызда тақырыпқа қатысты өз пікірлеріңізді білдіріп, пікірлеріңізге аргумент келтіріңіздер.




Дескриптор


Білім алушы:




  • рөлдерге таңдау жасайды;

  • тақырып төңірегінде 3-4 сұрақ әзірлейді;

  • қатысушылар арасында сұхбат жүргізеді;

  • рөлдеріне сай пікір білдіреді;

  • пікіріне дәледеме аргумент келтіреді.




Оқу мақсаты




9.3.1.1. Мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтау,

қорытынды жасау



Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Маңызды ақапараттарды анықтап, қорытынды жасайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді оқып, тақырыптың маңыздылығы туралы туралы ойыңызды «ПТМС формуласы» бойынша білдіріңіз. Мәтіндегі ақпараттарды қолданыңыз



  • Бірінші сөйлем:«Менің ойымша,...»;

  • Екінші сөйлем: «Оның себебін былай түсіндіремін: …»;

  • Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын:…»;

  • Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім...».

Астанада өткізілген ЭКСПО-2017 көрмесінінің басты тақырыбы – «Болашақтың энергиясы» деп аталды. Бұл тақырыпты ұсынудың себебі: бұл көрме энергетикадағы сапалы өзгерістер жолы мен оны тасымалдау тәсілдерін іздестіруге бағытталды.

Халықаралық көрмеге арқау болып отырған «Болашақтың энергиясы» тақырыбы қазіргі таңда өзекті болып отыр. Бүгінде күллі әлемде энергия тапшылығы байқалып отырғаны белгілі. Әлем елдері энергияны үнемдеуге, күн, желден баламалы энергия көздерін алуға көше бастады. Қауіпсіздік жағынан талапқа сай келетін әрі арзан энергия көздерін пайдалануға әлемнің көптеген елдері құштар.

Астанада өткен көрме Орталық Азия өңіріндегі ғана емес, ТМД аумағында өткізілетін алғашқы халықаралық көрме болғалы отыр. Біз бұл биікке де бүкіл ТМД кеңістігінің, бүкіл түркі дүниесінің, бүкіл мұсылман әлемінің арасынан бірінші болып қол жеткіздік.



Дескриптор

Білім алушы:




  • тақырыптың өзектілігі туралы пікір білдіреді;

  • пікіріне аргумент келтіреді;

  • қорытынды жасайды.

Оқу мақсаты




9.4.1.1. Мәтіндердің стильдік және жанрлық

ерекшеліктерін сақтап, шағын мақала жазу



Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Жанрлық және стильдік ерекшелігіне сай шағын мақала жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Мектепішілік «Жас қалам» журналына «ЭКСПО көрмесі – қазақстандықтардың жеңісі» деген тақырыпта мақала жазыңыз. Ұсынылған сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңыз.



Қажетті сөздер мен сөз тіркестері: төрткүл дүние, тарихи күн, инновациялық даму, бедел, «Болашақтың энергиясы», техникалық жетістіктер, мәдениетаралық байланыс, баламалы энергия, энергия тапшылығы, т.б.


Дескриптор


Білім алушы:




  • кіріспе бөлімде көрме тарихы туралы жазады;

  • негізгі бөлімде көрменің тақырыбы мен көрмеге қатысушы елдер туралы жазады;

  • қорытындыда көрменің Қазақстан үшін маңызы туралы жазады;

  • мақала талаптарын сақтайды.



«Биотехнология жаңалықтары» бөлімі





Оқу мақсаты

9.1.5.1. Мәтіннің мақсатты аудиториясын, автордың негізгі

ойы мен көзқарасын анықтау



Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Мақсатты аудиториясы мен автордың негізгі ойын, көзқарасын анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

  1. Мәтінді 2 рет тыңдап, көзделген аудиториясын шеңберлерге орналастырыңыз.

Қазақ ғылымының жаңа жетістігі! Ғалымдар медицинада қолдануға болатын жасанды тері ойлап тапты. Бұл әзірге алғашқы сынақтардың нәтижесі ғана. Барлығы ойдағыдай іске асатын болса, денесі күйген немесе басқа да тері жарақаттарын алған науқастар үшін биотерінің көмегі көп болмақ. Жарақаттарды жасанды терімен емдеу әдісі негізінен әлемнің дамыған бірнеше елдерінде қолданыста бар. Еліміздің ғалымдары енді сол жетістіктерге өз күштерімен жетуге талпынып жатыр. Осыған байланысты қазір Ұлттық биотехнология орталығының жұмысы да қарқынды.

Әдетте денесі қатты күйгендердің терісін қалпына келтіру ұзақ уақытқа созылады. Оның үстіне жарақатты таңатын медициналық жабдықтарды жиі ауыстыру қажет. Емдеу процесінің ұзаққа созылатындығы да сондықтан. Ал жасанды тері арқылы осы қиындықтардан арылуға болады. Ғалымдар ең әуелі егеуқұйрықтарға тәжірибе жүргізген.

Алғашқы тәжірибені сәтті өткізген орталық мамандары енді клиникалық сынаққа дайындалып жатыр. Яғни бұл жолы сынақ адамның өзіне де жүргізілуі мүмкін. Ол үшін ерікті донордан немесе науқастың өзінен тері жасушалары алынады. Сосын оны арнайы зертханада қажетінше үлкейтіп, күйік шалған жерге немесе басқа да жарақаттың үстіне жабыстырады. Бұл ең әуелі зақымданған терінің қалпына келуіне жылдам көмектеседі және астыңғы жараның беті қайтқаннан кейін, он шақты күннің ішінде жасанды тері өздігінен түсіп қалады.

Жасанды теріні науқас адамдарға нақты қашан пайдалануға болады? Ол үшін ғалымдар

«екі жылдай уақыт керек» деп отыр. Биоинженерия саласындағы бұл жаңалықты Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына сәйкестендіру қыруар қаржыны талап еткенімен, ғылым саласындағы айтулы жетістігімізді медицинада қолдану арқылы болашақта кеткен қаржыны қайтаруымыз әбден мүмкін.




  1. Мәтіндегі автор көзқарасын өз сөзіңізбен жазып, оған қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз.


Автор көзқарасын білдіретін сөйлем Менің пікірім

Дескриптор

Білім алушы

  • мәтіннің көзделген аудиториясын анықтайды;

  • мәтіндегі автор көзқарасын анықтайды;

  • автор көзқарасына қатысты өз пікірін білдіреді.

Оқу мақсаты

9.2.3.1. Коммуникативтік жағдаятқа сай сөйлеу тіліндегі

интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп, өз ойын жеткізу



Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Жағдаятқа сай интонация, кідіріс, логикалық екпінді қолданып, ойын жеткізеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Берілген суреттердің ішінен 2 суретті таңдаңыз. Суреттерді қатыстырып, жұппен диалог құрастырыңыз. Ойыңызды жеткізуде логикалық екпінді қолданыңыз.




Дескриптор


Білім алушы:




  • сурет бойынша диалогке қатысады;

  • қажетті сөздер мен сөз тіркестеріне логикалық екпін түсіреді.




Оқу мақсаты




9.4.2.1. Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен

кемшілік тұстарын салыстыра отырып, өз ойын дәлелдеп жазу



Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшіліктерін салыстырып, эссе жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Адамдарды клондау адамзаттың болашағы үшін қауіпті ме? Мәселенің артықшылығы мен кемшілігін салыстырып, эссе жазыңыз.




Дескриптор


Білім алушы:




  • өз позициясын білдіреді;

  • пікіріне аргумент келтіреді;

  • мәселенің шешімін ұсынады;

-.эссе құрылымын сақтайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет