«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 9-сынып



бет8/8
Дата16.10.2019
өлшемі0,51 Mb.
#49973
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ОШ ФО Казахский язык и литература 9 класс каз

«Болашақ энергия көздері» бөлімі



Оқу мақсаты

9.1.3.1. Әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну

Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсінеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма

  1. Мәтінді 2 рет тыңдап, мәтін мазмұны бойынша берілген сөйлемдерді сөздер және сөз тіркестері, терминдермен толықтырыңыз.

Жел энергиясы негізінен Күн энергиясының Жер бетін бірқалыпты қыздырмауынан туындайды. Сағат сайын Жер Күннен 1014 кВт сағат энергия алады. Күн энергиясының 1-2% -ы жел энергиясына түрленеді. Бұл көрсеткіш жер бетіндегі барлық өсімдіктердің биоқалдыққа айналғанда бөлініп шығатын энергиясынан 50-100 есе асып түседі.

Бірнеше мыңдаған жылдар бойы адамдар желді энергия көзі ретінде пайдаланған. Жел энергиясын пайдаланып, желкен көмегімен жүзген. Жер суландыру кезінде, жел диірмені ретінде дәнді-дақыл өнімдерін ұнтақтау үшін де жел энергиясы қолданылған. Жел энергиясының қоры бүкіл планета өзендерінің гидроэнергиясынан 100 есе асып түседі. Ылғи және барлық жерде жел соғып тұрады. Жаздың қоңыр салқын самал желін, апат, зардап, шығын әкелетін керемет дауылдарды атап өтуге болады.

Қалпына келтіретін дәстүрлі емес жел энергиясының келешегі зор. Экологиялық таза, қоры еш уақытта сарқылмайды әрі арзан, тиімді. Бұларды пайдалану табиғат баланстарын бұзбайды. Жел энергиясын қолдану таулы аймақтардың жоғары бөктерінде, толқынды теңіз жағалауларында ыңғайлы екені бәрімізге белгілі. Жел энергетикасын дамытуға қолайлы аймақтар өте көптеп табылады. Жел күші жер бетінің ойлы-қырлы болуына тікелей байланысты. Мысалы, таулы аймақтың екі бөлігін қарастырайық. Күн көзінің екі бөлікке түскен энергиясы бірдей болғанымен, жердің кедір-бұдыры әрқилы болғандықтан, жел күшінің ықпалы, бағыты да әртүрлі болады. Жел күшінің ықпалы жыл мезгілінің ауысуына, ауа райының өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Жел күшінен өндірілетін энергия мөлшері желдің тығыздығына, жел турбинасының қалақшаларының ауданына, жел жылдамдығының кубына тәуелді болады


Жерді бірдей температурада қыздырмағандықтан, жел энергиясы пайда

болады.


Ғаламшардағы су қорларының ................................ жел энергиясының қоры бірнеше есе көп.

Табиғаттағы тепе-теңдікті қоры шектеусіз бұзбайды.

.............. климаттың, жыл маусымдарының өзгеруіне қатысты.


  1. Берілген сөйлемдерді перифраз тәсілімен өзгертіп қайта жазыңыз.

    1. Жел энергиясы негізінен Күн энергиясының Жер бетін бірқалыпты қыздырмауынан туындайды.

Жер бетін...

    1. Бірнеше мыңдаған жылдар бойы адамдар желді энергия көзі ретінде пайдаланған.

Желді...

  1. Жел энергиясының қоры бүкіл планета өзендерінің гидроэнергиясынан 100 есе асып түседі.

Бүкіл...

  1. Жел энергиясын қолдану таулы аймақтардың жоғары бөктерінде, толқынды теңіз жағалауларында ыңғайлы екені бәрімізге белгілі.

Бәрімізге...

  1. Жел күшінің ықпалы жыл мезгілінің ауысуына, ауа райының өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады.

Ауа райының...

Дескриптор

Білім алушы:




  • көп нүктенің орнына қажетті сөздер мен терминдерді қояды;

  • сөйлемдерді перифраз тәсілімен өзгертіп жазады.

Оқу мақсаты




9.2.1.1. Берілген тақырыпқа сай сөздерді орынды

қолдана отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер құрау





Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Тақырыпқа сай сөздерді орынды қолдана отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер құрайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары



1-тапсырма. Қазақстандықтарға арнап қазба байлықтарының қорын үнемдеу мақсатында жел энергиясын қолдануды қолға алуға шақыратын ауызша үндеу хат жариялаңыз. Үндеу хат мазмұнында берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңыз.
Сөздер мен сөз тіркестері: энергия мөлшері, күшті толқын, табиғи апаттар, дәстүрлі емес энергия көзі, табиғат тепе-теңдігі, тиімділік, жел электр станциялары, табиғи ресурстар, т.б.


Дескриптор


Білім алушы:




  • сөздер және сөз тіркестерімен танысады;

  • үндеу хат мазмұнын мақсатты аудиторияға арнайды ;

  • үндеу хат мазмұнында сөздер және сөз тіркестерін орынды қолданады;

  • үндеу хаттың жанрлық ерекшелігін сақтайды.




Оқу мақсаты




9.3.6.1. Мәтінде көтерілген мәселені ғаламдық

мәселелермен байланыстыра отырып, сыни тұрғыда баға беру



Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Көтерілген мәселені ғаламдық мәселелермен байланыстырып, сыни пікір білдіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

  1. Мәтінді оқып, көтерілген негізгі мәселені анықтаңыз. Анықталған мәселені жаһандық мәселелермен байланыстырып, ментальді картаға түсіріңіз.

Электр қуатын алудың жолы сан түрлі. Мәселен, көмірді, мұнай мен табиғи газды және уранды пайдалану арқылы өндіру – бұл бұрыннан қалыптасқан әдіс. Сонымен бірге сарқырама мен ағын судан, жел мен күннен, тіпті қалдықты, ескі резеңке дөңгелекті жағу арқылы да электр энергиясын алуға болады.

Бүгінде Еуропа елдеріндегі электр энергиясы өндірісінде атом энергиясының үлесі 25 пайызды, көмір 25 пайызды, табиғи газ 25 пайызды, су энергиясы 15 пайызды құрайды. Келесі 4 және 3 пайыздық көрсеткіштер жел энергиясы мен мұнайдан алынатын электр қуатына тиесілі. Жапонияда өндірілген электр энергиясының 28 пайызын көмір, 26 пайызын табиғи газ берсе, мұнай мен су көздерінен алынатын энергия 8 пайызға тең. Ресейде табиғи газ энергия өндірісінің 50 пайызын, көмір 16 пайызын, атом 17 пайызын, су энергиясы 15 пайызын қамтамасыз етеді. Ал АҚШ-та электр энергиясының жиынтық өндірісінде көмірдің үлесі 36 пайыз,табиғи газ 29 пайыз, атом 21 пайыз болса, су электр станцияларынан алынатын көлем 7 пайызды, желдің үлесі 4 пайызды, күн энергиясының үлесі 0,04 пайызды құрайды. Рас, электр энергетикасы өндірісінде энергия көздерінің құрылымы өңірдегі түрлі шектеулер және ресурстар көлемі, сондай-ақ географиялық ерекшелігіне де байланысты. Мысалы, Бразилияда электр энергиясы өндірісінің 80 пайыздан астамын су электр станциялары береді.

Қазіргі күні Қазақстанда электр энергиясының 74 пайыздан артығы орталық және солтүстік аймақтардағы көмір кен орындарынан өндіріліп, оның 66 пайызға жуығы дәл сол индустриалды өңірлердің өзіндегі қажеттілікке жұмсалады. Ал оңтүстік өңірлерде энергия тұтыну оны өндіруден екі есеге дейін артып, қуат көзінің белгілі бір мөлшерін Өзбекстан мен Ресейден сатып алуға, Қырғызстанмен айырбас жасау арқылы импорттауға тура келіп отыр.

Жаһандық мәселе

Негізгі мәселе




  1. Негізгі мЖәсаеһлаендныіңқ жаһандық мәселелермен байланысын «ПТЖМаһСандфыоқ рмуласы» арқылы түсіндіріңіз. мәселе мәселе

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, ...»;

Екінші сөйлем: «Оның себебін былай түсіндіремін: …»;

Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын:…»; Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім: ...».

Дескриптор

Білім алушы:




  • мәтіндегі басты мәселені анықтайды;

  • анықталған проблеманы жаһандық мәселемен байланыстырады;

  • көзқарасын «ПОПС формуласы» арқылы білдіреді;

  • өз пікірін дәлелдеуде мәтін ақпараттарын қолданады.

«Алаш идеясы мен қайраткерлері» бөлімі



Оқу мақсаты 9.1.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну,

ақпараттың шынайылығы мен нақтылығын анықтау;



Бағалау критерийлері Білім алушы:

    • Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп, ақпараттың шынайылығы мен нақтылығын анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану



Тапсырма


  1. Мәтінді 2 рет тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз.

    1. Қазақ зиялылары көшбасшыларының мақсат-мұраты қандай болды? (2-3 мысал)

    2. А.Байтұрсынов бастаған қазақ зиялылары балалардың білім алуында неге басымдық берді? (2-3 мысал)

Олар өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы күресінде көмектесуге ұмтылды. Әрбір адамның және әрбір халықтың жеке өз бостандығына, құқығы мен бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізуі үшін күресті. Қазақ зиялылары 1905 жылдан бастап осы мақсатта дала өңірінде қызу қызмет жүргізді. Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді.

«Қазақ», «Қазақстан» газеттерінің, «Айқап», «Сарыарқа», «Абай» журналдарында олар тек білім ғана өркениетті дүниеге жол ашады, қазақтардың ұлт ретінде сақталуына көмектеседі деп, қазақ халқын білім алуға шақырды.

А.Байтұрсынов балаларды мектептер мен медреселерде оқытудың маңыздылығын атап көрсетті. Ол балаларды міндетті түрде екі жыл қазақ тілінде оқытуды талап етті, «яғни әрбір халықтың өз тіліне, жазуына және дініне құқығы болуға тиіс» деп санайды. Сонымен бірге ол орысша сауаттылықты да үйрену қажет екенін атап өтті. XX ғасырдың басында қазақ зиялыларының қызметінде құқық проблемалары елеулі орын алды, өйткені патша зандары көшпелі халықтың құқығын қорғамады. Олар патша өкіметіне қазақ халқының әлеуметтік жағдайы туралы хабар жеткізуге, оның құқықтық мүдделерін қорғауға тырысты. Олардың көпшілігі арнаулы заң даярлығынан өткендер еді. Бұл халықтың құқықтық білімін кенейтуіне, олардың құқықтық білімін байытуы мен терендетуіне мүмкіндік берді.




  1. Берілген сөйлемдердің мәтін мазмұнына сәйкестігін анықтап, «+»/«-» таңбасын қойыңыз.



Перифраздалған сөйлемдер

«+»/«-»

Қазақ зиялылары елді саяси сауатты болуға, ғылымға деген сүйіспеншілікке

шақырды.





Олар сол кездегі бұқаралық ақпарат құралдарына білімнің дамуға жол

ашатындығын айтып, халыққа үндеу тастады.






А.Байтұрсынов арнайы білім беру ұйымдарында оқудың маңыздылығына мән

бермеді.





А. Байтұрсынов қазақ балалары алдымен өз ана тілінде білім алуы қажет деп

санады.





А. Байтұрсынов орыс тілінде де білім алуды құптады.




Қазақ зиялыларының көбісі саяси сауаттылық пен заңгерлік білімнен хабарсыз

болды.








Дескриптор

Білім алушы:




  • сұрақтарға жауап береді;

  • мазмұнға сәйкес дұрыс сөйлемдерді көрсетеді.

Оқу мақсаты




9.2.3.1. Коммуникативтік жағдаятқа сай сөйлеу тіліндегі

интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп, өз ойын жеткізу



Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Жағдаятқа сай интонация, кідіріс, логикалық екпінді қолданып, ойын жеткізеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Берілген рөлдердің бірін таңдап, «Алаш қайраткерлері» тақырыбында жұптық диалогке қатысыңыз. Сөйлеу барысында хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріңыз.


Ұсынылатын тақырыптар:

  1. Тарих пәнінің мұғалімі мен оқушы;

  2. Алаш қайраткері мен тілші;

  3. Алаш зиялысы мен бүгінгі ұрпақ.

Дескриптор

Білім алушы:




  • рөлдер бойынша диалогке қатысады;

  • тақырып аясында сөйлейді;

  • сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерін қатыстырады;

  • сөйлемдердің айтылуындағы интонациялық ерекшеліктерді сақтайды.

Оқу мақсаты




9.3.5.1. Қосымша ақпарат көздерінен алынған

мәліметтерден қорытынды жасау, өз көзқарасын білдіру



Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге көзқарасын білдіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді оқыңыз. Алаш зиялыларының қазақ халқының болашағы жолындағы еңбектері туралы қорытынды жасап, ойыңызды «ПТМС формуласы» негізінде ұсыныңыз.



ПТМС формуласы

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, ...»;

Екінші сөйлем: «Оның себебін былай түсіндіремін: …»;

Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын:…»; Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім: ...».
Олар өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы күресінде көмектесуге ұмтылды. Әрбір адамның және әрбір халықтың жеке өз бостандығына, құқығы мен бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізуі үшін күресті.

Қазақ зиялылары 1905 жылдан бастап осы мақсатта дала өңірінде қызу жұмыс жүргізді. Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді.

«Қазақ», «Қазақстан» газеттерінде, «Айқап», «Сарыарқа», «Абай» журналдарында олар тек білім ғана өркениетті дүниеге жол ашады, қазақтардың ұлт ретінде сақталуына көмектеседі деп, қазақ халқын білім алуға шақырды.

А.Байтұрсынов балаларды мектептер мен медреселерде оқытудың маңыздылығын атап көрсетті. Ол балаларды міндетті түрде екі жыл қазақ тілінде оқытуды талап етті.

«Яғни әрбір халықтың өз тіліне, жазуына және дініне құқығы болуға тиіс» деп санады. Сонымен бірге ол орысша сауаттылықты да үйрену қажет екенін атап өтті.

XX ғасырдың басында қазақ зиялыларының қызметінде құқық проблемалары елеулі орын алды, өйткені патша зандары көшпелі халықтың құқығын қорғамады. Олар патша өкіметіне қазақ халқының әлеуметтік жағдайы туралы хабар жеткізуге, оның құқықтық мүдделерін қорғауға тырысты. Олардың көпшілігі арнаулы заң даярлығынан өткендер еді. Бұл халықтың құқықтық білімін кенейтуіне, олардың құқықтық білімін байытуы мен терендетуіне мүмкіндік берді.



Дескриптор

Білім алушы:




  • қазақ зиялыларының еңбегіне қатысты пікір білдіреді;

  • пікірінің себебін түсіндіреді;

  • пікіріне мәтіннен дәлел келтіреді;

  • - ойын қорытындылайды.

Оқу мақсаты




9.4.5.1. Тақырып бойынша сөйлем ішінде қойылатын

тыныс белгілерді орынды қолдану



Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді оқып, тиісті орындарға тыныс белгілерді (сызықша, үтір, тырнақша) қойыңыз. Тыныс белгілерінің қойылу себебін ауызша түсіндіріңіз.


Ахмет Байтұрсынов ақын әдебиет зерттеуші ғалым түркітанушы публицист педагог аудармашы қоғам қайраткері. Туған жері қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы. 1882-1884 жылдары ауыл мектебінде оқыды. 1909 ж. патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып 1910 ж. жер аударылды. 1913 ж. Орынборда Қазақ газетін ұйымдастырып 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды. Патша үкіметі құлатылғаннан кейін ұлт-азаттық қозғалыс күшейеді. 1918-1919 жылдары Алашорда қатарында болады. 1925-1929 жылдары Қазақ халық ағарту институтында (Ташкент) және ҚазПИ-де оқытушы болды. 1929 ж. маусымында қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылған ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген. 1934 жылы Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен Е.Пешкованың (Максим Горькийдің зайыбы) көмегімен Ахмет Байтұрсынұлы босатылған. Сол кезде ол жанұясымен бірге Алматыға қайта оралған. 1937 жылы қазан айында Ахмет Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынған. Екі айдан соң 8 желтоқсан күні «халық жауы» деген жаламен ату жазасына кесілді.

Дескриптор

Білім алушы:




  • бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаны қояды;

  • бірыңғай сөйлем мүшесі мен құрмалас сөйлемге қатысты үтірді қояды;

  • жалқы есімге қатысты тырнақшаны қояды;

  • тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіреді.
    1. ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

«Жаһандық мәселе: демография» бөлімі


Оқу мақсаты 9.1.3.1 Әлеуметтік–қоғамдық тақырыптар аясында айтылған

сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну



Бағалау критерийлері Білім алушы:

      • Сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсінеді

Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану



Тапсырма


  1. Мәтінді 2 рет тыңдап, берілген сөздердің мәтіннен синонимін, антонимін тауып жазыңыз.

Демографиялық даму ұғымына халық санының артуы ғана емес, урбандалу, босқындар проблемасы және ұлттар арасындағы қарым-қатынас тәрізді мәселелер енеді. Жер үшін ең үлкен проблема – тез өсіп келе жатқан халық саны. Адамзат санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды. Осы үрдісті азайту үшін жасалған көптеген әрекеттер іске аспай жатыр. Қазіргі таңда Африка, Азия, Оңтүстік Америка елдерінде «демографиялық жарылыс» орын алуда. XIX ғасырдың бас кезінде экономист Мальтустың өзі халық санының бақылаусыз өсуі азық-түліктің тапшылығына алып келетінін айтқан болатын. Қазіргі таңда кейбір ғалымдардың айтуынша (мысалы, ағылшындық климатолог-ғалым Джеймс Лавлок), Жер үшін 1 млрд немесе соған жақын халық саны оптималды деп есептейді.

Демография – халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін қоғамдық тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым. Экологиялық демография – демографияның жаңа бағыты. Ол – демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына байланысын зерттейтін бағыты. Адамзат тарихы мен эволюциясының ерекше факторынан басқа халық санының шектен тыс артуын эпидемиялар мен аштықтан болатын өлім санының кемуімен түсіндіруге болады.

ХХ ғасырда аталған факторларға гигиеналық және медициналық жағдайлардың жақсаруына байланысты дамушы елдердегі бала кемуі де қосылады. Абсолюттік саны бойынша ең үлкен өсімді ірі азиялық елдер – Қытай, Үндістан, Индонезия берсе, ең жоғары өсу жылдамдығы Африка мен Латын Америкасында байқалады. Халық санының тұрақтануы демографиялық өтпелі даму кезеңі деп аталады.

Дамыған елдердің көпшілігінде халық санының өсуі тұрақтанып, кейбір елдерде табиғи өсу мүлде тоқтады. Дүниежүзі аймақтарындағы, жеке елдердегі демографиялық жағдайды сипаттау үшін абсолюттік және салыстырмалы демографиялық көрсеткіштер пайдаланылады. Абсолютті көрсеткіштер қатарына табиғи өсу (туу мен өлудің арақатынасы) мен механикалық өсу (иммигранттар мен эмигранттар саны арасындағы айырма) жатады. Туу мен өлім көрсеткіштері әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, мемлекеттің демографиялық саясатына тікелей байланысты болса, халықтың көшіп-қонуына экономикалық және саяси мәселелер, экологиялық ахуал себепші болады. Туу мен иммиграция көрсеткішінің жоғарылауы халық санын арттырса, өлім мен эмиграция халық санын кемітеді.


Синоним

Антоним

жетіспеушілік, ...

төмендеу –

өмір сүру, ...

баяу –

жағдай, ...

жасанды –

санайды, ...

арттыру –




  1. Берілген сөйлемдерді перифраз тәсілімен өзгертіп қайта жазыңыз.

    1. Адамзат санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды. Демографиялық...

    2. XIX ғасырдың бас кезінде экономист Мальтустың өзі халық санының бақылаусыз өсуі азық-түліктің тапшылығына алып келетінін айтқан болатын. Азық-түліктің...

    3. Дүниежүзі аймақтарындағы, жеке елдердегі демографиялық жағдайды сипаттау үшін

абсолюттік және салыстырмалы демографиялық көрсеткіштер пайдаланылады. Салыстырмалы және...

4) Туу мен өлім көрсеткіштері әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, мемлекеттің демографиялық саясатына тікелей байланысты. Мемлекеттің...




Дескриптор


Білім алушы:




  • мәтіннен берілген 4 сөздің синонимін тауып жазады;

  • мәтіннен берілген 4 сөздің антонимін тауып жазады;

  • берілген сөйлемдерді перифраз тәсілімен өзгертіп жазады.

Оқу мақсаты




9.3.3.1. Прозалық және поэзиялық шығармалардағы автордың ойы мен көтерілген мәселені анықтап, оқырманға

әсерін бағалау



Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Прозалық, поэзиялық шығармалардағы автор ойы мен көтерілген мәселені анықтайды, пікір білдіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

  1. Өлеңді оқып, көтерілген бір мәселені анықтаңыз. Мәселеге қатысты 1 ашық сұрақ құрастырыңыз.

Абай «Адамның кейбір кездері»

Адамның кейбір кездері Қыранша қарап қырымға,

Көңілде алаң басылса, Мұң мен зарды қолға алар.

Тәңірінің берген өнері Кектеніп надан, зұлымға,

Көк бұлттан ашылса. Шиыршық атар, толғанар.
Сылдырлап өңкей келісім Әділет пен ақылға

Тас бұлақтың суындай, Сынатып көрген-білгенін,

Кірлеген жүрек өз ішін Білдірсе алыс-жақынға

Тұра алмас әсте жуынбай. Солардың сөйле дегенін.


Тәңірінің күні жарқырап, Ызалы жүрек, долы қол,

Ұйқыдан көңіл ашар көз. Улы сия, ащы тіл

Қуатты ойдан бас құрап, Не жазып кетсе, жайы сол,

Еркеленіп шығар сөз. Жек көрсеңдер, өзің біл.


Сонда ақын белін буынып, Алды-артына қаранар.

Дүние кірін жуынып, Көрініп ойға сөз салар.


Ашық сұрақ



  1. Автордың осы мәселені көтеруінің себебін 2 сөйлеммен түсіндіріңіз.




  1. Мәселе оқырмандарға қандай ой салады? 2 болжамыңызды жазыңыз.



Дескриптор



Білім алушы:




  • өлеңде көрініс тапқан 1 мәселені анықтайды;

  • мәселеге қатысты 1 ашық сұрақ құрастырады;

  • автордың мәселені қозғау себебін 2 сөйлеммен түсіндіреді;

  • мәселенің оқырманға әсеріне 2 болжам жасайды.




Оқу мақсаты




9.4.1.1. Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін

сақтап, шағын мақала жазу



Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Жанрлық және стильдік ерекшелігіне сай шағын мақала жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Осы айдағы мектеп журналының тақырыбы – әлемдегі демографиялық жағдай. Газет тілшісі ретінде «Демографияның өсуі ғаламшар үшін апат па?» деген тақырыпта шағын мақала жазыңыз. Мақалаңызда мәтіндегі ақпараттарды қолданыңыз.


Жер бетіндегі халық санының өсу қарқыны кезеңдерге байланысты әр мемлекетте әртүрлі сипат алған. XV ғасырдан бастап аграрлық мәдениет, медицина мен жаратылыс ғылымдарындағы адамзат қол жеткізген нәтижелер адам баласының өсімін тұрақтандыруға мүмкіндік берді. XVI ғасырда халықтың негізгі бөлігі Еуропада тұрғанымен, салыстырмалы түрде Таяу Шығыс, Орта Азия, Қытайда да халық саны көп шоғырланған.

Ұлы географиялық ашылулар кезеңінде адамзат баласы планетаны ғаламдық игеруді бастады. Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік технологиялардың жылдам таралуы барлық континенттегі халықтың тұрақты орналасуына негіз болды.

XVIII ғасырға дейін халық саны орташа жылдамдықпен, жүзжылдықта 1%-ға көтеріліп отырған. Ал 1830 жылдары өнеркәсіптік революция басталғаннан кейін, жер бетіндегі халық саны 1 млрд-ты құрады. Тамақтанудың, санитарлық-эпидемологиялық жағдайдың жақсаруы, гигиеналық, медициналық құрал-жабдықтардың кеңінен таралуы бала өлімін азайтып, өмір сүру ұзақтығын арттырды. Бұл жағдай әлемдегі халық санының аса жылдамдықпен дамуына әсер етті.

Ұдайы өсу үздіксіз ұрпақ ауысымын жаңартып отыруды қамтамасыз етеді. Бұл үдеріске әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жоғары деңгейде ықпал етеді. XVIII ғасырдың ортасынан бастап XX ғасырдың орта шеніне дейін экономикасы жылдам қарқынмен дамыған Ұлыбритания, АҚШ, Франция секілді елдердің есебінен жер бетіндегі халық санының артуы байқалды. Ал XX ғасырдың ортасында әлемдегі жағдай тез арада өзгеріп, дамушы елдердегі халық санының артуы – «демографиялық жарылыстың» туындауына себепші болды. Дамушы елдердегі демографиялық жағдайдың жоғарылауы этникалық және діни себептермен, ерте бастан некеге тұрумен, білім деңгейінің төмендігімен, өндіріске әйелдерді араластырмаумен тікелей байланысты. Сонымен қатар кейбір мемлекеттерді отарлық тәуелділіктен босату, медициналық қызмет көрсетуді жақсарту, халықаралық гуманитарлық ұйымдардың көмектері есебінен өлім саны тез арада қысқарды. Мұндай құбылыс «демографиялық жарылысқа», яғни халық санының жылдам қарқынмен дамуына алып келді. Әлемдегі халық санының өсуі «перифериялық», яғни дамушы елдер және өтпелі экономикасы бар елдерге тән сипат алуда.



Дескриптор

Білім алушы:




  • мақаланың құрылымын сақтайды;

  • мақала жанрының талаптарын сақтайды;

  • мәтіннен қажетті ақпараттарды іріктеп, өңдеп қолданады.




Оқу мақсаты




9.2.6.1. Кесте, диаграмма, шартты белгілер мен сызбаларда

берілген ақпараттарды өзара салыстырып бағалау



Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Кесте, диаграмма, шартты белгілер мен сызбалардағы ақпараттарды салыстырады, баға береді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

2018 жылдың басындағы еліміздің демографиялық көрінісін қалай бағалайсыз? Диаграммадағы ақпараттарды салыстыра отырып, пікіріңізді ауызша жеткізіңіз.





Дескриптор

Білім алушы:




  • ақпараттарды өзара салыстырады;

  • сұраққа пікірін білдіреді.

Оқу мақсаты




9.4.4.1. Тақырып бойынша түрлі стильдегі мәтіндер құрастыруда мәліметтерді жинақтап, дереккөздеріне сілтеме

көрсетіп жазу



Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Мәліметтерді жинақтап мәтін құрастырады, дереккөздерге сілтеме жасайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Қазақстандағы статистика орталығының қызметкері мен тілші арасындағы сұхбаттың мәтінін жазыңыз. Сұхбат мазмұнында мәтіндегі ақпараттарға сілтеме жасап қолданыңыз.


Демографиялық даму ұғымына халық санының артуы ғана емес, урбандалу, босқындар проблемасы және ұлттар арасындағы қарым-қатынас тәрізді мәселелер енеді. Жер үшін ең үлкен проблема – тез өсіп келе жатқан халық саны. Адамзат санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды. Осы үрдісті азайту үшін жасалған көптеген әрекеттер іске аспай жатыр. Қазіргі таңда Африка, Азия, Оңтүстік Америка елдерінде

«демографиялық жарылыс» орын алуда. XIX ғасырдың бас кезінде экономист Мальтустың өзі халық санының бақылаусыз өсуі азық-түліктің тапшылығына алып келетінін айтқан болатын. Қазіргі таңда кейбір ғалымдардың айтуынша (мысалы, ағылшындық климатолог- ғалым Джеймс Лавлок), Жер үшін 1 млрд немесе соған жақын халық саны оптималды деп есептейді.

Демография – халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін қоғамдық тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым. Экологиялық демография – демографияның жаңа бағыты. Ол – демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына байланысын зерттейтін бағыты. Адамзат тарихы мен эволюциясының ерекше факторынан басқа халық санының шектен тыс артуын эпидемиялар мен аштықтан болатын өлім санының кемуімен түсіндіруге болады.

ХХ ғасырда аталған факторларға гигиеналық және медициналық жағдайлардың жақсаруына байланысты дамушы елдердегі бала кемуі де қосылады. Абсолюттік саны бойынша ең үлкен өсімді ірі азиялық елдер – Қытай, Үндістан, Индонезия берсе, ең жоғары өсу жылдамдығы Африка мен Латын Америкасында байқалады. Халық санының тұрақтануы демографиялық өтпелі даму кезеңі деп аталады.

Дамыған елдердің көпшілігінде халық санының өсуі тұрақтанып, кейбір елдерде табиғи өсу мүлде тоқтады. Дүниежүзі аймақтарындағы, жеке елдердегі демографиялық жағдайды сипаттау үшін абсолюттік және салыстырмалы демографиялық көрсеткіштер пайдаланылады. Абсолютті көрсеткіштер қатарына табиғи өсу (туу мен өлудің арақатынасы) мен механикалық өсу (иммигранттар мен эмигранттар саны арасындағы айырма) жатады. Туу мен өлім көрсеткіштері әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, мемлекеттің демографиялық саясатына тікелей байланысты болса, халықтың көшіп- қонуына экономикалық және саяси мәселелер, экологиялық ахуал себепші болады. Туу мен иммиграция көрсеткішінің жоғарылауы халық санын арттырса, өлім мен эмиграция халық санын кемітеді.



Дескриптор


Білім алушы:




  • рөлдерге сай сұхбат дайындайды;

  • сұхбат жазу талаптарын сақтайды;

  • сұхбатта мәтіндегі ақпараттарға сілтеме жасайды.



«Роботтар мен киборгтар әлемі» бөлімі




Оқу мақсаты




9.2.1.1. Берілген тақырыпқа сай сөздерді орынды қолдана

отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер құрау



Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Сөздерді қолданып, мақсатты аудитоияға сай ауызша мәтін құрайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Сіз мектебіңізде «Робототехника» үйірмесін ұйымдастырмақсыз. Үйірмеге оқушыларды қызықтыратындай жарнама мәтінін құраңыз. Мәтін құрауда берілген сөздерді қолданыңыз.


Сөздер мен сөз тіркестері: ғылыммен айналысу, пәнаралық байланыс, білімді кеңейту, халықаралық байқау, қызығушылық, танымалдылық, жоба, т.б.


Дескриптор


Білім алушы:

  • тақырыпқа сай сөздерді қолданады;

  • аудиторияны (оқушылар) ескереді;

  • жарнама талаптарын сақтайды.

Оқу мақсаты

9.1.5.1. Мәтіннің мақсатты аудиториясын, автордың негізгі

ойы мен көзқарасын анықтау



Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Мәтіннің мақсатты аудиториясын, автордың негізгі ойы мен көзқарасын анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді 2 рет тыңдап, оның кімдерге арналғандығын анықтаңыз.


Азаматтығы бар робот

2015 жылы Hanson Robotics компаниясы іске қосқан София есімді робот қойылған сұрақтарға еркін жауап беріп, адамның эмоцияларын қайталай алады. Әлемнің әртүрлі бөлігінде қаншама сұхбатқа қонақ болған киборг 2017 жылы Сауд Арабиясының азаматтығын алды. Бұл елде азаматтық беру процесі қатаң әрі ұзақ екенін ескерсек, адамның қолы қиындықпен жететін фундаменталды құқыққа темірден жасалған «әйел» ие болғаны жасанды интеллектінің болашағы барын көрсетсе керек. Осыдан бұрын Сауд Арабиясы шөл далада NEOM деп аталатын «ақылды қала» салатынын мәлімдеген еді. Араб мемлекеті ханзадасының айтуынша, толықтай күн мен жел энергиясы есебінен электр қуатын өндіретін, өзін-өзі басқарушы интеллектуалды көлік жүйесі бар қалада тірі адамнан роботтың саны басым болады. Шетелдік ақпарат көздері әлі құрылысы аяқталмаған қаланы қазірдің өзінде «Роботтардың Меккесі» деп атайды.

Новосібірлік ғалымдардың көмегімен орыс тілін меңгерген Софияның қабілеті күн сайын жетілдіріліп отырады. Актриса Одри Хепберннің сыртқы сұлбасына ұқсап құрастырылған роботтың бір сұхбатында «Мен адамзат баласының көзін жойғым келеді» дегені оған ерекше танымалдылық сыйлады. Бүгінде Софияға ұқсайтын киборгтер көп. Солардың бірі – 1966 жылы Джозеф Вейценбаум жасаған Элиза есімді виртуалды дос. Ол бағдарламалау жүйесіне енгізілген сөздерді пайдаланып, алдына келген адамға сұрақтар қояды және олардың әңгімесін тыңдау арқылы психотерапевт рөлін сомдайды. Қазір Элизаның әлдеқайда жетілдірілген нұсқалары бар. Жапониялық Ян-Янның сырт келбеті адамға қатты ұқсайды және ол сізді құшақтап, сезімін білдіре алады. Сингапур технологиялық университетінің жобасы саналатын Надин есімді робот жоғары оқу орны қабырғасында қызмет етеді.

Біз роботтарды алғашында адам денсаулығына зиянды ауыр жұмыстарды атқару, ақыл-ой еңбегіне салмақ түсіретін қиын есептеулерді аз уақытта жүзеге асыру, осылай жұмыскерлер өміріне төнетін қауіпті кейін шегеріп, еңбек өнімділігін арттыру үшін құрастыра бастасақ, соңғы кездері темір интеллектуалдарға барынша адамға ғана тән қасиеттердің бәрін енгізуге күш салып жатырмыз. Сондықтан роботты бәсеке жағдайында адамзат баласын да шаң қаптырып кететін қасиеттерге бейімдеу бір күні олардың адам басқаруынан шығып кетуіне әкелуі де мүмкін шығар деген қауіп бар.


Көзделген аудиториясы кімдер?
2. Мәтіннің негізгі ойын 1 сөйлеммен түсіндіріңіз.




3. Мәтіндегі мәселеге қатысты автор көзқарасын анықтаңыз. Дәлелдер келтіріңіз.

Дескриптор

Білім алушы:




  • мәтіннің көздеген аудиториясын анықтайды;

  • мәтіннің негізгі ойын 1 сөйлеммен түсіндіреді;

  • автор көзқарасын білдіретін дәлелдер келтіреді.




Оқу мақсаты

9.3.4.1. Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшеліктерін

салыстырып, талдау жасау



Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшеліктерін ажыратады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Мәтіндерді оқып, төмендегі аспектілер бойынша салыстырыңыз.




  1. мәтін

2015 жылы Hanson Robotics компаниясы іске қосқан София есімді робот қойылған сұрақтарға еркін жауап беріп, адамның эмоцияларын қайталай алады. Әлемнің әртүрлі бөлігінде қаншама сұхбатқа қонақ болған киборг 2017 жылы Сауд Арабиясының азаматтығын алды. Бұл елде азаматтық беру процесі қатаң әрі ұзақ екенін ескерсек, адамның қолы қиындықпен жететін фундаменталды құқыққа темірден жасалған «әйел» ие болғаны жасанды интеллектінің болашағы барын көрсетсе керек. Осыдан бұрын Сауд Арабиясы шөл далада NEOM деп аталатын «ақылды қала» салатынын мәлімдеген еді. Араб мемлекеті ханзадасының айтуынша, толықтай күн мен жел энергиясы есебінен электр қуатын өндіретін, өзін-өзі басқарушы интеллектуалды көлік жүйесі бар қалада тірі адамнан роботтың саны басым болады. Шетелдік ақпарат көздері әлі құрылысы аяқталмаған қаланы қазірдің өзінде «Роботтардың Меккесі» деп атайды.

Новосібірлік ғалымдардың көмегімен орыс тілін меңгерген Софияның қабілеті күн сайын жетілдіріліп отырады. Актриса Одри Хепберннің сыртқы сұлбасына ұқсап құрастырылған роботтың бір сұхбатында «Мен адамзат баласының көзін жойғым келеді» дегені оған ерекше танымалдылық сыйлады. Бүгінде Софияға ұқсайтын киборгтер көп. Солардың бірі – 1966 жылы Джозеф Вейценбаум жасаған Элиза есімді виртуалды дос. Ол бағдарламалау жүйесіне енгізілген сөздерді пайдаланып, алдына келген адамға сұрақтар қояды және олардың әңгімесін тыңдау арқылы психотерапевт рөлін сомдайды. Қазір Элизаның әлдеқайда жетілдірілген нұсқалары бар. Жапониялық Ян-Янның сырт келбеті адамға қатты ұқсайды және ол сізді құшақтап, сезімін білдіре алады. Сингапур технологиялық университетінің жобасы саналатын Надин есімді робот жоғары оқу орны қабырғасында қызмет етеді.

Біз роботтарды алғашында адам денсаулығына зиянды ауыр жұмыстарды атқару, ақыл-ой еңбегіне салмақ түсіретін қиын есептеулерді аз уақытта жүзеге асыру, осылай жұмыскерлер өміріне төнетін қауіпті кейін шегеріп, еңбек өнімділігін арттыру үшін құрастыра бастасақ, соңғы кездері темір интеллектуалдарға барынша адамға ғана тән қасиеттердің бәрін енгізуге күш салып жатырмыз. Жасанды интеллектіні қауіп көретін ғалымдар «Роботты бәсеке жағдайында адамзат баласын да шаң қаптырып кететін қасиеттерге бейімдеу бір күні олардың адам басқаруынан шығып кетуіне әкеледі» деген жорамал айтады.


  1. мәтін

Қазіргі кезде роботтардың көптеген түрлері бар. Әр робот механикалық негізі құрылғы-рамадан тұрады. Сол раманың түрі қолданылатын мақсатына қарай өзгереді. Мысалы, робот лай мен құмның үстімен жүретін болса, шынжыр тракторлар қолданылуы мүмкін. Механикалық жағы робот жүретін жердің қоршаған ортасына байланысты. Роботтың формасы атқаратын функциясымен тікелей байланысты. Әр робот электр бөлшектерден тұрады. Сол бөлшектер робот жүйелерін толығымен бақылайды. Мысал ретінде шынжыр арқылы жүретін роботты алсақ, сол шынжырларды жүргізу үшін күш

керек. Сол күш электр қуаты ретінде келіп, сымдар арқылы өтіп, батареяда сақталады.



Электр жүйесі роботтың қозғалуында (мотор) қолданылады. Барлық роботтар кішкене болса да, компьютер кодын керек етеді. Сол алгоритмде робот қалай жұмыс істейтіні көрсетіледі. Код жазған адам программаның ішінде робот шешімін қалай және қашан қабылдап, әрекет ететінін жазады. Сол шынжыр арқылы жүретін робот батареядан сымдар арқылы керек мөлшерде энергия алса да, компьютер программасынсыз орнынан жылжымайды, өйткені программа роботқа қашан, қайда жылжу керек екендігін айтады.

Салыстыру аспектілері

1-мәтін

2-мәтін

Жанры







Стилі







Жанрға тән

тілдік

1.

1.

ерекшеліктер
















2.

2.







3.

3.

Салыстыру

Ұқсастығы:

Айырмашылығы:


Дескриптор Білім алушы:

  • мәтіндердің жанрын анықтайды;

  • мәтіндердің стилін анықтайды;

  • жанрға тән 3 ерекшелікті анықтайды;

  • ұқсастығын көрсетеді;

  • айырмашылығын ажыратады.

«Қазақстандағы туризм және экотуризм» бөлімі




Оқу мақсаты

9.1.6.1. Тыңдалым материалының мазмұны негізінде

көтерілген мәселеге сыни көзқарасын білдіру



Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Тыңдалған мәтінге сыни көзқарасын білдіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

1. Мәтінді 2 рет тыңдап, берілген ақпараттар бойынша туризм түрлерін анықтаңыз.


Қазақстанда қандай туризм түрлері бар екенін білесіз бе? Бізде туризмнің бірнеше түрі қарқынды дамып келеді. Олар: этнотуризм, тау туризмі, емдік-сауықтыру туризмі, мәдени- танымдық туризм, аңшылық пен балық аулау, т.б.

Этнотуризм – Қазақстандағы елдің тарихи өткені мен қазақ халқының мәдениетіне қызығатын адамдарды тартатын туризмнің бір түрі. Қазақстанның қай аймағында болмасын, жолаушылар қазақ этносына тән салт-дәстүрмен, шығармашылық ерекшелікпен танысып, елдің мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін зерттей алады.



Тау туризмі

Қазақстан – тау туризмі үшін қолайлы ел. Мұнда бұл салада барлық жағдай жасалған деуге болады. Қазақстан бойынша турлар белсенді демалысты, жабайы табиғатпен кездесулерді, қарлы тау шыңдарына шығуды, сонымен қатар жол-жөнекей жұмбаққа толы үңгірлер мен көгілдір терең сулы көлдердің жағаларын зерттеулерді қосады.



Емдік-сауықтыру туризмі

Дамушы еліміз – емдік-сауықтыру туризмі үшін ерекше жер. Себебі еліміз тек емдік табиғи ресурстарға ғана бай емес, сонымен бірге табиғи өңірлерде орналасқан заманауи шипажайларымен де танымал. Емдік-сауықтыру туризмі Қазақстанның барлық территориясына таралған, сондықтан сіз елдің қай жерінде болсаңыз да, емделу мен демалысты қатар қолдана аласыз. Емдік курорттар – түрлі ауруларға ем болатын минералды су, бұғы мүйізімен емдеу, емдік климат және т.б. түрлі емдеу қызметтерін ұсынады.



Мәдени-танымдық туризм

Елімізде 25 мыңнан астам ескерткіштер және географиялық көрікті жерлер бар екен. Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасы объектілері ЮНЕСКО ұйымның қорғауында. Сонымен қатар мәдени құндылықтардың 2 миллионнан астам бірліктері қазіргі Қазақстан жерінің тұрмыстық мәдениетінің дамуының барлық кезеңдерін бейнелейді.


Ақпарат Туризм түрі

Саяхатшылар ұлттық ерекшеліктерді танып-білуге мүмкіндік алады.

Өзен-көлдер мен биік жартас-шыңдарға шығып, таза табиғатпен тыныстайды.

Шипалы су көздері бар аймақтарда денсаулығын қалыпқа келтіреді.



Әлемге танымал халықаралық деңгейде жәдігерлермен танысады.

2. Туризмнің бір түрін таңдап, оны елімізде дамыту туралы пікірлеріңізді SWOT талдау түрінде ортаға салыңыздар.



Дескриптор

Білім алушы:




  • ақпарат арқылы туризм түрлерін анықтайды;

  • таңдалған туризм түрінің мықты жақтарын, әлсіз тұстарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін көрсетеді;

  • қорытынды баға береді.


Оқу мақсаты




9.2.2.1. Коммуникативтік жағдаяттарға байланысты сөйлеу

этикеті формаларын дұрыс таңдай білу



Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Жағдаятқа сай сөйлеу этикеті формаларын қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Ұсынылған рөлдерді таңдап, жұпта диалог құрастырыңыз. Диалог мазмұнында берілген сөйлеу этикеті формаларын қолданыңыз.




  1. Туристік агенттік қызметкері мен саяхатшы

  2. Туризм және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің маманы мен тілші

  3. Шетелдік саяхатшы мен гид

  4. Эколог пен тілші


Сөйлеу этикетінің формалары: сәлеметсіз бе, айып болмаса, қарсы болмасаңыз, рұқсат етсеңіз, мүмкін болса, қалауыңыз білсін, қош келдіңіз, көріскенше күн жақсы, рақмет, оқасы жоқ, құрметіңізге рақмет, мархабат, қиын болмаса, ғафу етіңіз, сапарыңыз сәтті болсын!

Дескриптор

Білім алушы:




  • рөлдері бойынша диалогке қатысады;

  • сөйлеу этикеті формаларын қолданады.

Оқу мақсаты




9.4.5.1. Тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі, құрама атауларды дұрыс жазу, сөйлем ішінде қойылатын

тыныс белгілерді орынды қолдану



Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Бас әріппен жазылатын күрделі, құрама атауларды дұрыс жазады

  • Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтіндегі бас әріппен жазылатын күрделі сөздер мен сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді дұрыс қойып жазыңыз.


Мәтін

«Қазақстанда туризм дамуы үшін, айналасындағы елдерде де бұл сала дамуы керек. Еуропаға барған турист бір елмен шектелмейді. Өйткені бәрі бір-бірімен тығыз орналасқан. Аз күн ішінде бірнеше қаласын, тіпті бірнеше елді аралап қайтуға болады. Халық тығыз жерде сервис те жақсы болады. Бізде олай емес, аудан, қалалардың арасы алшақ.

Екіншіден, бізде бар дүние басқа елдерде де бар. Суға шомылу үшін сандалып сервисі төмен Қазақстанға келу маңызды емес. Табиғат тамашалау үшін де Қазақстан таңдаудан тыс қалады. Өйткені тұмса табиғаты таңдай қақтыратын елдер жетіп артылады. Универсиада өткізіп те, ЭКСПО жасап та шетелдіктерді тарту қиын.

Үшіншіден, Қазақстанда музей аралап та ләззат таппайсың. Себебі бізде әлемге қызық болатындай тақырыптар аз. Өзіміз ғана білетін тұлғалар, өзіміз ғана білетін соғыстар, өзімізге ғана таныс тарихтың үзінділері ғана. Туризм, жалпы, бірден дамитын сала емес қой. Кешенді жұмыс жүру керек. Инфрақұрылым, жолдар салыну қажет. Қазақстанда жоқ дегенде «Атлетико Мадрид» деңгейіндегі клубтар болуы қажет. Қазақстаннан мықты ғалымдар шығуы қажет. Қазақстаннан мықты әншілер шығуы керек. Медицина мықты болу тиіс. Тур де франс секілді кемі бір айға созылатын дәстүрлі жарыстар өтуі керек. Арзан әрі оңтайлы ем-домды Қазақстаннан алу қажет. Осылай сабақтасып кете береді. Туризм – өмір бойы дамитын сала. Ертең халық саны арта түссе, бұл сала өздігінен дамиды».



Дескриптор

Білім алушы:




- бас әріппен жазылатын күрделі сөздер мен сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді (үтір,сызықша) дұрыс қояды.

Оқу мақсаты




9.4.1.1. Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін

сақтап, аннотация, нұсқаулық жазу



Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Жанрлық және стильдік ерекшелігіне сай нұсқаулық жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Сіз Қазақстандағы туристік агенттіктің қызметкерісіз. Еліміздегі туристік аймақтарға саяхаттауды ұйғарған адамдарға арнап нұсқаулық жазыңыз.




Дескриптор


Білім алушы:




  • тапсырма шартын орындайды;

  • нұсқаулық жазу талаптарын сақтайды;

  • жіктік жалғауының ІІ жағын (сыпайы түрі) қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет