«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен
қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 9-сынып
Нұр-Сұлтан, 2019
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл – мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейненұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне/аудиоматериалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
МАЗМҰНЫ
ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 4
«Қазақ жазуының даму жолы» бөлімі 4
«Жолың болсын, жолаушы» бөлімі 11
«Көшпенділер мәдениеті» бөлімі 16
ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 22
«Заң – қоғамның тірегі» бөлімі 22
«Жастар және бұқаралық ақпарат құралдары» бөлімі 36
ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 43
«ЭКСПО-2017 – Қазақстанның белесі» бөлімі 43
«Биотехнология жаңалықтары» бөлімі 48
«Болашақ энергия көздері» бөлімі 52
«Алаш идеясы мен қайраткерлері» бөлімі 57
ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 62
«Жаһандық мәселе: демография» бөлімі 62
«Роботтар мен киборгтар әлемі» бөлімі 69
«Қазақстандағы туризм және экотуризм» бөлімі 74
ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ «Қазақ жазуының даму жолы» бөлімі
Оқу мақсаты 9.1.1.1 Тыңдалатын мәтіндегі фразалар мен дәйексөздерді
талқылай отырып, тақырып пен көтерілетін мәселені болжау
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Мәтіндегі фразалар мен дәйексөздер негізінде тақырып пен көтерілетін мәселені болжайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген сөз тіркестерінің мағынасын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз. Жұпта талқылаңыз.
Фразалар
|
Мағынасы
|
қазақ фонетикасының ерекшеліктері
|
|
«төте жазуды» пайдалану
|
|
латын графикасына негізделген
|
|
қазақ тілінің әліпбиін өзгерту
|
|
Мәтіннің тақырыбы мен көтерілетін мәселені болжап көріңіз.
Мәтін тақырыбы
|
Мәтіндегі көтерілген мәселе
|
|
|
Мәтінді тыңдаңыз.
1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылды. Алайда оның өзіндік қиындықтары болды, себебі онда қазақ тілінің ерекшеліктері ескерілмеген. ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері сақталып жасалған, араб графикасына негізделген «төте жазу» пайдаланылған. Дегенмен ол да мәселе туғызды, себебі араб әріптері сөз басында, ортасында және соңында әртүрлі таңбаланады. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирилл графикасы әліпбиін қолданып келеді. Кирилл жазуы Қазақстанның бүкіл жерінде және Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында, көршілес Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан елдерін мекендеген қазақ жұрты пайдаланады. Сондай-ақ Түркия, Германия, АҚШ, т.б. батыс елдерінде қазақ диаспорасы қалыпты емес әртүрлі латын жазуын пайдаланады. Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді. Латынға Түркия 1928 жылы көшсе, Өзбекстан, Әзірбайжан КСРО тарағаннан кейін ауысты. Cол елдердің тәжірибесіне қарасақ, мысалы, Өзбекстан 1928 жылға дейін араб әліпбиін қолданған. 1928-40 жылдар аралығында жазулары латын әліпбиі негізінде болған. 1940- 1992 жж. кириллица қолданылып, 1993 жылы өзбек тілі қайта латын тіліне көшіп, қазіргі кезге дейін қолданып келеді.
4. Сұраққа жауап беріңіз.
- Сіздің болжамыңыз мәтін мазмұнымен сәйкес келді ме? Неге?
|
Дескриптор
|
Білім алушы:
|
|
берілген сөз тіркестерінің мағынасын өз сөзімен түсіндіреді;
мәтіннің тақырыбын болжайды;
мәтінде көтерілген мәселеге болжам жасайды;
сұраққа жауап береді.
|
Оқу мақсаты
|
9.2.1.1 Берілген тақырыпқа сай сөздерді орынды қолдана отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер
құрау
|
Бағалау критерийлері
|
Білім алушы:
Cөздерді орынды қолдана отырып, мақсатты аудиторияға сәйкес ауызша мәтіндер құрады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
Тапсырма
Тілдер мерекесі қарсаңында мектепішілік оқушылардың ғылыми қоғамында «Латын графикасы – ел болашағының кепілі» деген тақырыпта ауызша үндеу жариялаңыз. Үндеуіңізде берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңыз.
Сөздер мен сөз тіркестері: жаһандық әлемге жол, мемлекеттік тілдің позициясын нығайту, ұлттың сақталуы, әліпби реформасы, қоғамның қолдауы, «Көш жүре түзеледі», қанатын кеңге жайған ағылшын тілі, елу жылда ел жаңа, қолданыс аясын кеңейту, т.б.
|
Дескриптор
|
Білім алушы:
сөздерді қолданады;
мақсатты аудиторияны анықтайды;
үндеудің жанрлық ерекшелігін сақтайды;
тақырыпты ашады.
|
Оқу мақсаты
|
9.3.2.1 Ғылыми стильде (мақала) жазылған еңбектердің
тілдік және жанрлық ерекшелігін анықтап, талдау жасау
|
Бағалау критерийлері
|
Білім алушы:
Ғылыми стильдегі (мақала) мәтіннің тілдік және жанрлық ерекшелігін анықтайды
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Жоғары деңгей дағдылары
|
Тапсырма
Мәтіннің жанры мен оның ерекшеліктерін анықтаңыз. Мәтіннің тіліне талдау жасаңыз.
Латын әліпбиі, әлемде кеңінен қолданылады [1][2]. Б.з.б. 7 ғасырда Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. 1 ғасырында қалыптасты. Жазу оңнан солға немесе солдан оңға қарай (брустрофедон бойынша) жазылып, бағыты әрдайым алмасып отырған. Б.з.б. 4 ғасырдан бастап жазу тек солдан оңға қарай жазылды, алғаш 20 әріп болды. Әліпбиге б.з.б. 230-жылдары G, Y және Z әріптері енген, соңғы екеуі грек тілінен кірген сөздер үшін алынған, ал J, U, W әріптерінің қолданылуы қайта өркендеу дәуіріне жатады.
Орта ғасырда Латын әліпбиі Еуропаға тарады, Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды. Латын сөздерін оқуға негізделген әріп таңбалары қалыптасты. Қазіргі латын әліпбиінде 25 әріп бар. Дауысты дыбыстар созылыңқы және қысқа айтылады, осыған байланысты сөздердің мағынасы өзгереді: līber – тәуелсіз, liber – кітап. Латын әліпбиінде алты монофтонг (жалаң дауысты) – а, е, і, о, u, у, сондай-ақ екі дифтонг (қос дауысты) – аu, еu бар. Үш диграф (қос таңбалы) – ae, oe, ue бар. Дауысты дыбыстардың санына, орналасу тәртібіне байланысты сөзге екпін түседі, буындар да осы негізде жабық (дауыссызға бітсе) және ашық (дауыстыға немесе дифтонгқа аяқталса) болып бөлінеді.
Дереккөзі:
Дирингер Д., Алфавит, М., 1963.
Добиаш-Рождественская О.А., История письма в средние века, М.—Л., 1963.
Мәтіннің жанры
Жанрлық ерекшелігі 1. …
2. ...
3. ...
Тілдік ерекшеліктері
|
Дескриптор
|
Білім алушы:
мәтіннің жанрын анықтайды;
жанрлық ерекшеліктерін көрсетеді;
тілдік ерекшеліктерін талдайды.
|
Оқу мақсаты 9.3.6.1. Мәтінде көтерілген мәселені ғаламдық
мәселелермен байланыстыра отырып, сыни тұрғыда баға беру
Бағалау критерийі Білім алушы:
Көтерілген мәселені ғаламдық мәселелермен байланыстырып, сыни көзқарасын білдіреді
Достарыңызбен бөлісу: |