«Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет3/24
Дата26.01.2023
өлшемі0,59 Mb.
#166464
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
1 ОШ СОР Казахский язык и литература 10 класс каз
f75356839684cb9f4ef2f405ab4a9cf77ed3582a
бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 
 
10.1.3.1 оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени 
тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин 
сөздердің мағынасын түсіну 
10.2.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге 
сүйеніп, монолог және диалог құрау, сөз әдебі мен сөйлеу 
этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер ету 
Бағалау критерийі 
Білім алушы 

Тақырыпқа 
сәйкес 
сөздер 
мен 
терминдердің 
мағынасын ажыратады 

Мәтін бойынша монолог, диалог құрауда сөз әдебі мен 
сөйлеу этикетін қолданады 
Ойлау 
дағдыларының 
деңгейі 
Қолдану 
Орындау уақыты 
25 минут 
 
Тапсырма 
Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. 
Әліш Үмбеталовтың теміржолда қызмет істегеніне жиырма жыл толуы қарсаңында, 
ол үлкен бастаманың иесі болды. Оның поездарды тоқтаусыз жөнелтудегі бастамасын бүкіл 
Түрксіб теміржолшылары қуана қарсы алды. Осы мәселеге байланысты Түрксіб 
басқармасында болған жиын оның өміріндегі ең бір белді кезең болды. 
Кеше кеште қызметте тұрған Әліш Үмбеталовқа станция бастығы Орынбаев бір пакет 
әкеліп тапсырды да: 
— Қазір сен жұмыстан шығып, үйіңе барып жуынып, маған кел, мен сені осында күтемін, 
екеуміз қазір Алматыға жүреміз, — деді. 
— Не жұмысқа жүреміз? 
Асығып бара жатқан станция бастығы оған жауап берудің орнына: 
— Тез кел! — деді әлгі сөзін қайталап. 
Әліш жұмыс киімін тастап, пакет ойына түсіп ашып оқып еді, «станция бастығы 
екеуіңіз келесіз, сіз кеңеске қатысушыларға өз жұмысыңыз туралы әңгіме айтасыз» деген 
шақыруға жол бастығы қол қойыпты. Әліш сасыңқырап қалды. 
— Дайындықсыз қалай сөйлеймін, міне, қызық. 
Ол орнынан тұрып тез киінді де, станция бастығына келіп барлық жағдайын, өзінің 
даярлығының жоқтығын да ескертті. 
— Ештеңе етпейді, — деді Орынбаев, — даярлықтың керегі жоқ. Ондағылардың бәрі 
өзіңдей теміржолшылар, өзіңнің жұмыс тәжірибеңді жай ғана әңгімелеп бересің. 
Әліш әлі де жүрексініп келеді. Поезд ішінде де ол қобалжумен болды. «Әңгімені 
неден бастаймын» деп Орынбаевтан қайта-қайта сұрай берді. Сол күні олар қонақ үйге 
түсті де, таңертең жол басқармасына келді. Кеңес күндізгі сағат он бірде басталды. 
Алдымен жол бастығы баяндама жасады, сонан соң Әлішке сөз берді. 
Біраз қысылыңқырап қалған Әліш аздан соң сөйлеп кетті. Ол өзінің жұмысына 
байланысты жағдайларды, іс әдісін бір жарым сағат айтты. Біраз сұраулар болды. Оған 
жауап беріп, Әліш орнына келіп отырды. 
— Көп сөйлеп кеттім бе? — деп сұрап қойды ол жанындағы Орынбаевтан. 



— Жоқ, әдемі сөйледің, бағана сонша қорқып едің, өзің шешен екенсің ғой. Мәжіліс 
аяқталар кезде жол бастығы Андреев орнынан тұрды да: 
— Кеңестің аяғы мейрамға айналатын болды, жолдастар, — деді. — Біздің жолдасымыз 
Әліш Үмбеталов үкімет наградасына ие болды. Мына «Правда» газетінде Указ басылыпты. 
1.
 
Сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтырыңыз.

А) Әліш ______________________________20 жыл жұмыс істеп, үлкен бір іс бастады. 


В) Түpксіб жұмысшылары Әліштің поездарды ____________________жөнелту 
идеясын қуанышпен қабылдады. 
С) Әліш Үмбеталов теміржолдағы жиырма бес жыл .______________________ 
сіңірген еңбегі үшін орденмен марапатталды. 
2.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет