11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.
2. Осы кезең шығармаларымен танысу, оқып мазмұнын айту.
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
2. Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасау.
3. Өлеңдерін оқып талдау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;
Ә) сұрақтарға жауап беру;
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Жамбыл Жабаев өлеңдері «Зілді бұйрық»
7-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: «Ленинградтық өренім»
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
Оқыту: оқушыларды ХХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы әдебиет өкілдерімен таныстыру. Осы кезең әдебиетіне шолу жасау, қай бағытта шығармалар жазды, тақырыптары қандай болды, халық тұрмысын көрсететін шығармалармен танысып, талдау. Халық жанашырларымен танысу. Соғыс тақырыбына қалам тартқан ақын- жазушылармен танысу, шығармаларын оқу, жаттау, түсініп, мазмұндап беру.
Тәрбиелік: қазақтың ақын- жазушыларын біліп, құрметтеуге, отансүйгіштікке, елін, жерін қадірлеуге, өзгеге қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Дамыту: шығармаға жан –жақты талдау жасау арқылы оқушылардың сөздік қорын байыту, дамыту, дүниетанымдарын кеңейту, қорытынды жасай білу, өз ойларын еркін, дұрыс жеткізе білуге дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |