8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. Б. Майлиннің өмірі мен шығармашылығы
2. «Ыбыраймыз», «Мырқымбай», «Күлпаш», «Даудыңбасы Дайрабайдың көк сиыры» әңгімелерін сұрау
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30 %)
ХХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы әдебиет (қысқаша шолу)
1917 жылғы Ресейдегі Ақпан төңкерісі тұсында патшаның тақтан құлауы қазақ халқы ішінде зор қуаныш сезімін туғызды. Отаршылдық езгінің күшеюі, 1916 жылғы қазақтан майданның қара жұмысына жігіт алу мен оған қарсы шыққандарды аяусыз жазалау шаралары қазақ халқының патша өкіметіне деген өшпенділігін арттырып жіберген еді. Сондаықтан да ғасыр басындағы ел тәуелсіз мен оқу-ағарту, надандыққа қарсы күрес идеясын көтеріп жүрген қазақтың демократ ақын-жазушылары келген бостандықты ризалықпен қарсы алды. М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев, С.Дөнентаев, С.Торайғыров, Б.Майлин, С.Сейфуллин өлеңдерінде халықтың осы тұстағы көңіл-күйімен бірге алға үмітпен қарау басым еді. Олардың көбі Алашорда автономиясының құрылуын құттықтады. Алайда 1917 жылғы Қазақ төңкерісі кезінде үкіметтің большевиктер қолына өтуі жағдайды өзгертіп жіберді. Кеңес өкіметі Алашорда автономиясын мойындамады. Қазақстан Ресейдегі жаңа өкіметтің билігінде қала берді.
Бұл жағдайлар қазақ әдебиеті үшін дәуірдің қайшылықты күйде басталғанын көрсетеді. Бірінші импералистік соғыстың, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің, үш бірдей төңкерістің (1905, 1917 ақпан, 1917 қазан), азамат соғысының ауыртпашылығын Ресейдің отары болып бірге көрген қазақ халқының көңіл күйі де жұбанарлық емес-ті. Мұны бәрі қаламгерлерден жаңаша көзқарасты, ізденісті талап етті. Елдің келешегі туралы ойлану, ел басындағы қиындықты бірге сезіну ақын-жазушылардың қай-қайсысын болса да тебірентпей қалған жоқ. Олардың шындықты тануы да, болашақты болжауы да әрқилы болды. Қазақ халқының келешегі орыстың төңкерісшіл қоғамымен, большевиктер партиясымен бірге деп ұққан жазушылар (С.Сейфуллин және т.б) «жаңа заман, теңдік заманы туды» деп жырлады. Оның шараларын мақұлдап, кедейлердің теңдік алуын, әйелдердің құқын қорғау, бұрынғы ел билеушілер мен биліктен құлаған тап өкілдерінің құқын шектеу туралы өлеңдер жазды. Екінші топ большевиктер саясатынан сескенді. Әуелгі кезднгі зорлық пен күштеудің, төңкерістің ескіні қирата келген «жаңалығының», соның нәтижесінде халықтың басына түскен ауыртпалықтың зардаптары оларда жаңа өкімет саясатынан туңілу туғызды. Олар (М.Жұмабаев,т.б.) сол тұстағы тіршіліктің азабын тартқан елдің мұң-зарын, аштық пен жоқшылықтың көріністерінжырға қосты. Ж.Аймауытов, М.Әуезов, М.Жұмабаев шығармаларында заманның күрделі, қайшылықты шындығы, соны бастан кешкен адамның сезім күйі, тағдыры, адам басына түскен заман салмағы көркем суретке түсті. Алайда жалпы әдеби қозғалыста жаңа саяси жағдайға бейімделу, көркем туындыларда адамның әлеуметтік қызметін, жаңа қоғам құруға дайындығын бейнелеуге ұмтылыс танылды. Көп жағдацда адам бойындағы психологиялық өзгерістерді тереңдеп көрсете алмаса да, заман тенденциясын ұғыну бойкөрсетті.
ХІХ ғ. ккінші жартысындағы қазақтың демркраттық бағыттағы классикалық әдебиеті адамды ашуда, оның рухани тіршілігін танудажаңа бастама жасағаны мәлім. ХХғ. бас кезінде А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров, т.б оны толықтырып, азаттық жолындағы күреске ұластырды. Жаңа әдебиетке ұлттық әдебиеттің осы дәстүрлері де әсер етті. Олар азаттық үшін күрес идеясын еңбекші бұқараның қанаудан құтылып, қанаушыларын биліктен құлатумен байланыстырды. Жазу өнерінде қарапайым адам мен оның тіршілік-өрекеті, жаңа өмірді біртіндеп тануы, оянуы реалистік тұрғыда суреттеле бастады. Сонымен бірге жаңалықтың тегеурінді күшін мадақтау, ескіні қиратып, жаңаны жасау ұраны көркемдік әдіс,стиль есебінде көзге түсті. Кейін бұл екеуі құралып, «социалистік реализм» деген шығамашылық өдіске айналды. Осы негізде туған туындылар жаңа өмірді бекітуге қызмет етті. Бұрынғы реализм адам мен тарихтың байланысынан тыс жағдайларды, тарих алдындағы адамның әлсіздігін, дәрменсіздігін бетке ұстаса, социалистік реализм адамды тарихты өзгертуші, жасаушы күші ретінде биікке көтереді. Өемдік, идеал дегендер, сонымен байланысты қаралды. Жазушының бейтарап емес, өмірге белсенді араласуы жаңа заман саясаты үшін де қажет еді.
Мәдени мұраға сүйену, одан үйрену мектебін тапшыл әдебиет бірден мойындаған жоқ. Алғашқы жылдары ескіні қирату туралы әңгіме көп болды да, біраз зиянды қозғалыстарға жол берілді. Дұрыстық жолы кейін келді. Дегенмен мәдени мұраны таптық тұрғыдан талдау, бағалау саясаты оны толық пайдаға жаратуға мүмкіндік бермеді. Тек еліміздің егемендік алуы (1991) ғана қазақ халқының көне мәдениетінің кең танып-түсінуге жол ашты романының қалыптасып, есейгенін танытатын шығармалардан (Б.Майлин «Азамат Азаматыч», С.Мұқанов «Жұмбақ жалау» кейін «Ботагөз» болып өзгертілген, І.Жансүгіров «Жолдастар», М.Дәулетбаев «Қызыл жар», С.Ерубаев «Менің құрдастарым», Ғ.Сланов «Доң асқан», т.б.) қазақ елі өткен ұзақ жолдың шындығын тарихи-философиялық толғау арқылы ашқан поэмалардан (Жансүгіров «Күйші», «Құлагер», Қ.Бекхожин «Ақсақ құлан», И.Байзақов «Ақбөпе»), көркем лириканы дамытуға деген бетбұрыстан (Ә.Тәжібаев, Қ.Аманжолов), үлкен драманың үлгілерінен (М.Әуезов «Түнгі сарын», «Абай», Б.Майлин «Майдан», «Талтаңбайдың тәртібі», Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш –Баян сұлу», «Ақан сері –Ақтоқты») көрінеді. Бұл жылдары қазақ қаламгерлерінің қатарын толықтырған таланттар ішінде Д.Әбілев, Ө.Сәрсенбаев, Қ.Аманжолов, Қ.Бекхожин, С.Ерубаев, М.Хакімжанова, Ә.Өбішов, Ж.Саин, Ш.Хұсайынов, т.б. бар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |