8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы
2. «Күй», «Күйші» поэмаларын сұрау
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Әңгімелері «Сексен сом», «Күлпаш», «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры»
Бейімбет қазақ прозасына хан-қазына болып қосылған ең таңдаулы әңгіме-повестерінің қай-қайсысында болсын, шындықты оқырманға құр түсіндірмеген, түйсіндірген өмір туралы жай сөйле- меген, сөзбен сурет салып бейнелеген.
Мәселен, «Сексен сом» атты әңгімеде бас кейіпкердің кедей екені айтылмайды, көрсетіледі. «Егеубай ертеңгі шайын ішіп тысқа шықты. Жапырайған қорасының құлап жатқан бұрышы көзіне шалынды. Темір күрегін алып, құлаған шомды үйе бастады. Албарда тұрған көк шолақ ат, күректің тықырымен Егеубайды танып, жем іздеп оқыранып қойды». Осылар жай сөз емес, жанды сурет. Егеубай тысқа шығып еді, көргені— жапырая құлаған қора, мал дегенде көзге ілінгені — жалғыз ат, үйге кірсе — қатыны Егеубайдың тозған киімін жамап отыр, естігені қатынының «Осы үйде бүтін бір түйір шай жоқ» деген сөзі. Оқырманға осы түйсіндіруден артық қандай түсіндіру керек?
Үй басына сексен сомнан салық салып, жинауға келгендердің ел ішіндегі пұшайман халі Егеубаймен екі арада болған мына диалогтан ап-анық
аңғарылады.
«Қане, отағасы, ақша шығарыңыз»,— деді қара бұжыр.
Ойбай шырағым, ақша жоқ!
Ақша жоқ деген не сұмдық! Біз ондайды есітпейміз!
Не көрмеген көктұқыл дейсің, жалтаруын қарашы,— деп, жолдасы
күңкілдеді
«Қарағым-ау, соқыр тиыным жоқ, жерден қазайын ба?!» Ақыры бұлар қоймайды, ақша орнына Егеубайдың көк шолағын тартып әкетеді. Осы арадан әңгіме дереу аяқталады да, автор айтар идеяны тағы да «саусақпен нұсқалмайды» өзінен-өзі мына көріністен келіп бірақ шығады:
«Егеубайдың қатыны екі көзді жаспен бұлап тұр еді:
—Кұдай-ау, енді қайда барып күн көреміз?!»
Жоқ, күн көреді. Кедейді тағдыр ылғи зарлата бермейді. Заман жаңарады, адам өзгереді. Ауылдағы ескі мен жаңаның арасындағы күрес толассыз.
Әділдік пен жауыздық әрқашан айқаста. Бірак әйтеуір ақиқат біреу: жамандықты жақсылық, жауыздықты әділдік жеңеді. Осы диалектика әр әңгіменің динамикасына көшкен. Майлин мұрасынан мирас боп ауысар тағы бір өнеге — суреткердің осы шеберлігі.
Достарыңызбен бөлісу: |