13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;
Ә) сұрақтарға жауап беру;
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Әңгімелері «Сексен сом», «Күлпаш», «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры»
5-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы әдебиет (қысқаша шолу).
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
Оқыту: оқушыларды ХХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы әдебиет өкілдерімен таныстыру. Осы кезең әдебиетіне шолу жасау, қай бағытта шығармалар жазды, тақырыптары қандай болды, халық тұрмысын көрсететін шығармалармен танысып, талдау. Халық жанашырларымен танысу. Соғыс тақырыбына қалам тартқан ақын- жазушылармен танысу, шығармаларын оқу, жаттау, түсініп, мазмұндап беру.
Тәрбиелік: қазақтың ақын- жазушыларын біліп, құрметтеуге, отансүйгіштікке, елін, жерін қадірлеуге, өзгеге қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Дамыту: шығармаға жан –жақты талдау жасау арқылы оқушылардың сөздік қорын байыту, дамыту, дүниетанымдарын кеңейту, қорытынды жасай білу, өз ойларын еркін, дұрыс жеткізе білуге дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |