Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ



бет66/126
Дата05.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#11408
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   126
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)



  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. Ә.Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығы


2. «Теңізге», «Қара теңіз» өлеңдері


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)


Ілияс Есенберлин «Көшпенділер» трилогиясы

Ілияс Есенберлин 1915 жылы Ақмола облысындағы Атбасар қаласында туған. Жазушының балалық шағы аштық жалмаған зұлмат заманға тап келіп, 5 жасында тұл жетім қалды. Бала Ільяс балалар үйіне тапсырылды. Шығармашылыққа бір табан жақын өскен ол қабырға газетіне өлең жазып тұрды. Мектепті тәмамдаған соң, Қызылорда қаласына барып, интернат мұғалімі болып жұмысқа орналасты. Кейін Қарсақпайдағы аудандық атқару комитетінде жұмыс істеді. Жұмыс ісей жүріп, Алматыдағы Қазақ тау-кен институтына түсті. Талантты да талапты бала тез көзге түсіп, 1937 жылы Қазақстан КСР-ның бірінші Конституциясын қабылдаған Қазақстан Советтерінің алғашқы Төтенше съездіне делегат болып сайланды.


1940 жылы институтты аман-есен аяқтап, Жезқазғанға жұмысқа жіберілген. Сол жылы күзде Қызыл әскер қатарына шақырылтып, Рига әскери-саяси училищесінде оқып, соғысқа аттанды. 1942 жылы қатта жарақаттанып, госпитальге түсіп, бір жылдан соң мүгедек болып елге оралды.
1947 жылға дейін Қазақстан Компартиясының Орталық комитетінің аппаратында инструктор болып жұмыс істеді.
Ілияс Есенберлиннің қаламды ерте қолға алғанмен (алғашқы өлеңі 1940 жылы жарық көрген), жемісті жылдары кейінірек басталған еді.Алғашқы он бес жыл ішінде «Айша», «Сұлтан», «Адамгершілік туралы поэма» сынды шығармалары жарық көрді. Бұл кездегі қаламгердің жемісі деп «Біржан сал трагедиясын» атаған жөн. Адамның асыл рухын қастерлеу – бұл шығармалардың өзекті арнасы. Қандай азап, арпалысқа тап болмасын, адам өзінің ардақты атына дақ түсірмей, өмір сапарында адалдықтың үстемдігі үшін күрессін; қара жүрек қатыгездер түбінде өз жазасын алады. Бұл шығармаларды бүгінгі биіктен сараласа, сондай тосын жаңалығы жарқылдап тұрмауы да мүмкін, дегенмен жазушының өлең, поэмалары мен қазіргі романдары арасында ондаған жылдар жатса да үзілмеген жібек жол көлеңдейді. Ол – ел өмірімен сабақтас тағдырды әлеуметтік – рухани тұрғыдан сұрыптау сынды қасиет. Жазушының елуінші жылдардың аяғында жарық көрген «Адам туралы жыр» атты повесі де сын құлағын елеңдете қоймады. Жұмысшы ұжымының қызу еңбегін, қилы-қилы қарым-қатынасын тартымды бейнелеген автор қазіргі өнеркәсіп, шаруашылық тек «таза» өндірістік мәселе емес, әлеуметтік, адамгершілік тәрізді биік атаумен астасып жатқан күрделі құбылыс деген қорытынды шығарды.
1958 жылдан «Қазақфильм» киностудиясында редактор, 1962 жылдан «Қазгослитиздат» мекемесінде редактор, 1967 жылдан «Жазушы» баспасында директор, содан Қазақстан жазушылар одағының хатшысы (1971-1975 жылдары) болып қызмет атқарды.
1975 жылдан бастап толық шығармашылық жұмысқа көшіп, 16 жылда 15 роман дүниеге әкеледі.
1962 жылы драматургияда күшін сынап, «Таудағы тартыс» пьесасы Республикалық жас көрермен театрының сахнасында қойылды. Қазақ тіліне Константин Дмитриевич Ушинскийдің шығармаларын аударды.
1969 жылы «Қаһар», 1971 жылы «Алмас қылыш», 1973 жылы «Жанталас» романдарын жазды. Романдар 15-ші ғасырдан 19-шы ғасырдың ортасына дейінгі қазақ тарихы суреттелген «Көшпенділер» трилогиясына біріктірілді. Сөз болатын тақырыптар: қазақ халқының қалыптасуы, Қазақ хандығының Жоңғар хандығымен арпалысы, Қытай, Хиуа, Бұхара, Ресей империясы секілді көршілерімен аумалы-төкпелі қарым-қатынастары. Қазақ әдебиетінде бұрын-соңды тарихи тақырыпта қалам тартылмаған. Алғаш рет 1976 жылы «Көшпенділер» атымен жарық көрген трилология орыс тілінің өзінде 12 рет басылып, 1,5 миллион тиражбен тарады. Жалпы «Көшпенділер» трилологиясы әлемнің 30 тілінде жарық көріп, 50 рет қайта басылды. 2005 жылғы есеп бойынша, дүние жүзіне таралған жалпы тиражы 3 миллион дана. Бұл трилогияның негізінде 2005 жылы «Көшпенділер» атты тарихи көркем фильмі түсірілді.
Қазақстан республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман (17) жазған жазушы Ілияс Есенберлиннің қаламынан туған «Айқас», «Ғашықтар», «Қатерлі өткел», «Алтын құс», «Маңғыстау майданы», «Алтын аттар оянады», «Көлеңкеңмен қорғай жүр», «Алыстағы арпалыс», «Аққу құстар қуанышы», «Махаббат мейрамы» романдары - тың тақырыпта жазылып, қазақ әдебиетінде оған дейін мүлде көтерілмеген мәселелерді қозғаған, әдебиетке серпін әкелген, оқырман сүйіспеншілігіне бөленген туындылар.
Өмірінің соңында жазушы «Алтын Орда» трилогиясын жазды (1982-83 жылдары).
Тың жерді игерудің кезінде дүбірі зор болғаны мәлім. Көп ұлтты механизатор, егінші ішінде ақшақұмар, «жеңіл өмірді» іздеуші де болғаны белгілі. Ғасырлар бойы қарлы боран мен қара суық, аптап жайлаған алып далаға егін егу жеңіл болған жоқ, ерлік пен ездіктің қатал сахна таразысына айналды, кімнің кім екені мүлтіксіз анықталды. Сөйтіп, тың игерушілердің қарқынды ісін үңіле зерттеген Есенберлиннің «Толқиды Есіл» (1965) атты повесінде даланың аңызағы мен саршұнақ аязында еңбек еткен азаматтардың тұлғасы жасалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет