Теңізде
Теңіз, теңіз, көк те теңіз, жер теңіз..,.
Толқындармен бірге ойнаған еркеміз.
Арасында ала-сапран нөсердін
Әләуләйлап әнді де еркін шертеміз.
Теңіз неге тынышсызданды, білемін,
Бұзылғандай менің-дағы реңім.
Соқса борап өленімнің дауылы,
Дәл осындай дөңбекшиді жүрегім.
1957
Теңіз, теңіз, Қара теңіз!
Туғандайсың көкпен егіз.
Өзгерілмес өз күйінде
Жатырсың бір жарты дүние,
Мен де сонау әуел бастан
Әбділда боп жаралмастан,
Теңіз болып туғанымда,
Құл боп кетпей ку қарынға,
Бұлтқа айналып алған демім,
Күйге айналып соққан селім.
Жатпас па еді сенше ырғалып,
Тұрмас па еді жұрт таң қалып!
1957
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |