11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.
2. Өлеңді мәнерлеп оқу
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
2. Қ. Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасау.
3. Шығармаларын оқып талдау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;
Ә) сұрақтарға жауап беру;
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
«Туған жер» өлеңін жаттау
19-сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев «Теңізге», «Қара теңізге»
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
Оқыту: ақынның өмірі мен шығармашылығы, олардың тақырыптары, бөлінетін салалары және «Теңізге» өлеңінің тақырыбы, идеясы, лирикасын меңгертуге жағдай туғызу, ақын сезіміне ортақтастыру, параллелизм жөнінде мағлұмат қалыптастыру
Тәрбиелік: туған жерін қадірлеу, халқына қызмет ету, ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешег, адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, адамгершілік пен адамдық қасиетке тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру..
Дамыту: өлеңнің негізгі түйінін таба білуге, оқушының өлеңді талдай білуге, түсіне оқу, тақырыпты қорыта алу, пікір білдіру дағдыларын қалыптастыру, қорытынды ой түю, есте сақтау қабілетін, оқу дағдысын қалыптастыру, жүйелі, шешен сөйлеуге дағдыландыру;
Достарыңызбен бөлісу: |