Қазақ тілі пәні 2-тоқсан БЖБ №3 3 сынып
«Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері Тыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты 3.1.5.1 Аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу,
келіспеу себебін ) өз көзқарасын білдіру
3.1.6.1 Интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара),
қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту
Бағалау критерийі
Білім алушы: Өзгенің пікіріне қатысты көзқарасын білдіреді
Тыңдарманның назарын аудару үшін қаратпа сөздерді қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
Бірде белгілі ғұлама Альберт Эйнштейн «Қолыңызды бір минут ыстық оттың үстінде ұстап тұрсаңыз, бұл минут сізге бір сағаттай болып көрінеді, ал сүйікті ісіңізбен айналысуға өткізген бір сағатыңыз бір минуттай болып өте шығады» деген екен.
Біздің өміріміздегі ең қымбат нәрсе – алтын уақытымыз. Ол ешқашан қайта айналып келмейді. Сондықтан да адамдар өз уақытын үнемдей білуі керек. Өзгелердің де уақытын бағалауы қажет. Уақытты босқа өткізбеу үшін күн тәртібін жоспарлап үйрену қажет. Осы қасиетті бойыңа жас кезіңнен қалыптастыру керек. Әрбір минутыңды үнемдеп, пайдалы жұмсауға дағдылан. Сонда ғана табысқа қол жеткізіп, өз қабілетіңді, күшіңді толық жұмсай аласың.
• Мәтін не туралы?
А) уақыттың құны туралы
В) уақыттың қадірі туралы
C) уақыттың бөлігі туралы
D) уақыттың пайдасы туралы
• «Алтын уақыт» деп неліктен айтады?
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
• Мәтіндегі уақытқа қатысты айтылған пікірлердің қайсысымен келісесің? Неліктен?
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
2-тапсырма
Уақытты тиімді пайдалану үшін не істеу керек? Тыңдарманның назарын аудару үшін дауыс ырғағын, қаратпа сөздерді қолдана отырып, өз ойыңмен бөліс.
________________________________________________________________________________________

Достарыңызбен бөлісу: |