A) Қабыса, жанаса.
B) Матаса, жанаса.
C) Меңгере, жанаса.
D) Меңгере, қабыса.
E) Матаса, қабыса.
28. Салдар мәндісі екінші тұрған салаласты көрсетіңіз.
A) Жанар бар шынын айтты, өйткені анасын ренжіткісі келмеді.
B) Шұға мырс етіп күліп жіберді, оған Қадишаның ойы ұнаған жоқ.
C) Ол бірде бір жиналысқа қатыса алмады, себебі өкіл емес еді.
D) Ақан шын сүйді, сол себепті өз сүйгенін жамандыққа бұрмады.
E) Біржан келесі өлеңін оқыған: мұнда ел билеушілерді сынап жазыпты.
29. Оқшау сөздердің белгісін көрсетіңіз.
A) Сөйлем мүшесі бола алмайды.
B) Тұрлаулы мүше қызметінде жұмсалады.
C) Қабысу, меңгеру, қиысу байланысына түсе алады.
D) Сөйлем мүшесі бола алады.
E) Тек бас әріппен жазылады.
30. Бір мәселе жайында айтылған ойдың кесек бөлшегін білдіретін белгіні көрсетіңіз.
A) Жаңа жол.
B) Үтір.
C) Сызықша.
D) Көп нүкте.
E) Нүкте.
5 нұсқа
1. Дұрыс жазылған сөзді белгілеңіз.
A) Жәмила.
B) Күлай.
C) Күләндә.
D) Дүдамал.
E) Ләззәт.
2. Туынды зат есімді көрсетіңіз.
A) Аға.
B) Күй.
C) Іні.
D) Әнші.
E) Үй.
3. Күрделi сан есiмді анықтаңыз.
A) Алтау.
B) Үшiншi.
C) Тоғыз жүз елу.
D) Мың.
E) Жеті.
4. “Тарс” сөзі қай сөз табына жататынын белгілеңіз.
A) Еліктеу сөз.
B) Қос сөз.
C) Көп мағыналы сөз.
D) Кәсіби сөз.
E) Біріккен сөз.
5. Берілген сөйлем жай сөйлемнің қай түріне жататынын белгілеңіз.
Мені танимысың?
A) Толымды.
B) Жақты.
C) Жалаң.
D) Атаулы.
E) Жақсыз.
6. Мақалдың тақырыбын анықтаңыз.
Білімді өлмес – қағазда аты қалар,
Ұста өлмес – істеген заты қалар.
A) Ерлік.
B) Достық.
C) Адамгершілік.
D) Денсаулық.
E) Өнер-білім.
7. Жұп құрауға қабілеті жоқ дыбыстарды көрсетіңіз.
A) т, д
B) ц, щ
C) ж, ш
D) қ, ғ
E) х, с
8. Қосымшаның түбір сөзге дұрыс жалғанған түрін белгілеңіз.
A) Грамы.
B) Граммі.
C) Граммы.
D) Грамі.
E) Грамми.
9. Күрделі сөзді табыңыз.
A) Күркілдек.
B) Бақташылық.
C) Парасат.
D) Ақмола.
E) Толқымалы.
10. Жіктеу есімдігін табыңыз.
A) Неше.
B) Емен.
C) Мен.
D) Өзі.
E) Ел.
11. Етістік құрамына қарай нешеге бөлінетінін табыңыз.
A) 2.
B) 5.
C) 3.
D) 6.
E) 4.
12. "Мы", "мі", "бы", "бі", "пы", "пі" болып өзгеріп қалатын шылауды көрсетіңіз.
A) Менен, пенен.
B) Ма, ме, ба, бе, па, пе.
C) Я, яки, не, немесе.
D) -Ақ, -ай, -мыс, -міс.
E) Мен, бен, пен.
13. Сөйлемдегі анықтауыштың жасалу жолын белгілеңіз.
Мектепте алты жүз бала оқиды.
A) Зат есім.
B) Етістіктің есімше түрі.
C) Сан есім.
D) Есімдік.
E) Сын есім.
14. Шешенге ең қажетті қасиетті табыңыз.
A) Келісімпаз болу.
B) Көп тіл білу.
C) Сөзге тапқырлық.
D) Көп сөйлеу.
E) Өзін көрсету.
15. Синонимдік қатарды табыңыз.
A) Біреу, кейбіреу, әркім.
B) Келесі, ендігі, бұрынғы.
C) Кенет, тосын, мүлде.
D) Жақсы, тәуір, оңды.
E) Көкшіл, көгілдір, жасыл.
16. Біріккен сөздегі кейінді ықпалды белгілеңіз.
A) Бірқазан.
B) Шалкөде.
C) Жетіген.
D) Дауылпаз.
E) Сазсырнай.
17. Би сөзіне түбірлес етістік қатарын табыңыз.
A) Биыл, бинт, билет.
B) Биосфера, биржа, бизнес.
C) Бие, биолог, биология.
D) Биязы, биялай, бидай.
E) Билеу, билік, билікқұмар.
18. Есім сөздерден жасалған сын есімді көрсетіңіз.
A) Жабысқақ, сүріншек.
B) Жазғы, қысқы.
C) Қызба, толық.
D) Ашпалы, көтермелі.
E) Ұрысқақ, тайғақ.
19. Сөз тіркесіндегі матасуды табыңыз.
A) Сегіз жас.
B) Он жеті.
C) Айтып бер.
D) Сенің үйің.
E) Ала тай.
20. Сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз.
Бұл – үлкен бақыт.
A) Жіктеу есімдік - зат есім.
B) Есім - етістік.
C) Сілтеу есімдігі - зат есім.
D) Есімдік - сын есім.
E) Зат есім - зат есім.
21. Көп құрамды төл сөзді табыңыз.
A) Абай былай деген: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы.»
B) – Көлтауысар, көлдің суын құрт! – деді Төстік.
C) Мұхтар Абай ауылынан екенін айтты.
D) – Қалада не хабар бар? – деп сұрады.
E) – Мен барамын, – деді Айгүл. – Мен бұл киноны қанша көрсем де, барғым келеді, – деді нақтылай түсіп, – Маған хабарласыңдар.
22. Кімің келіп кетті?
Сұраулы сөйлемнің жасалу жолын табыңыз.
A) Зат есім.
B) Сұраулық шылау.
C) Сұрау есімдігі.
D) Көмекші етістік.
E) Дауыс интонациясы.
23. Қыстырма сөзге байланысты қойылып тұрған тыныс белгіні табыңыз.
A) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма-байқаймын-кейбір бала қайран.
B) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма, байқаймын, кейбір бала қайран.
C) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма байқаймын, кейбір бала қайран.
D) Менің бұлай ашық, мойындап- отырғаныма кейбір бала, қайран.
E) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма, байқаймын кейбір бала қайран.
24. Сызықша қай жерде қойылатынын анықтаңыз.
A) Бастауыш пен баяндауыштың арасында.
B) Бірыңғай мүшелердің арасында.
C) Атаулы сөйлемнен кейін.
D) Одағай сөзден кейін.
E) Қыстырма сөзден кейін.
25. Араб тілінен енген сөзді табыңыз.
A) Бос, бер, жұлдыз.
B) Бала, берік, жақсы.
C) Әдемі, көркем, жаман.
D) Ине, ер, сұлу.
E) Емтихан, кітап, мұғалім.
26. Орфографиялық заңдылыққа қайшы сөзді көрсетіңіз.
A) Отырыс.
B) Көкшетау.
C) Көрік.
D) Қиян-гескі.
E) Бұрыш.
27. Бағыныңқысы үстеуден болатын етістіктің тіркес түрін белгілеңіз.
A) Жанасу.
B) Қабысу.
C) Меңгеру.
D) Қиысу.
E) Матасу.
28. Жай сөйлемдер арасына тыныс белгісін қойыңыз.
Күн бесіндіге келген кезде Көркемтайдың аулы астаң-кестең болды кемсеңдеп кемпір-шал жылады, қанын тартып сұрланып жастар тұрды.
A) Үтір, сызықша.
B) Нүктелі үтір.
C) Сызықша.
D) Үтір.
E) Қос нүкте.
29. Шартты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.
A) Ержан үйге кіріп кеткенде, Асқар мен Серік тыста қалды.
B) Жаңа жұмысшыларға техника қауіпсіздігін ұғындырмайынша, шахтаға жіберуге тыйым салған.
C) Жұмыс бізді үш үлкен жамандықтан: зерігуден, аурудан, жоқшылықтан құтқарады.
D) Білікті адам айтпай-ақ жаныңды ұғар.
E) Әңгімені басынан бастау үшін, Саржанмен кездескен күнді есіме түсірдім.
30. Сөйлемдегі ойға, оның айтылу тәсіліне айтушының көзқарасын білдіретін сөзді табыңыз.
A) Қаратпа сөз.
B) Төл сөз.
C) Одағай сөз.
D) Қыстырма сөз.
E) Төлеу сөз.
6 нұсқа
1. У дыбысы жіңішке болып тұрған сөзді көрсетіңіз.
A) Жазу.
B) Жабу.
C) Жағу.
D) Табу.
E) Сену.
2. Деректі зат есімді табыңыз.
A) Жігер.
B) Сана.
C) Жайдары.
D) Сызғыш.
E) Адамгершілік.
3. Бөлшектік сан есімді көрсетіңіз.
A) Он-оннан.
B) Тоқсан.
C) Алпысыншы.
D) Үш ширек.
E) Отызға тарта.
4. Шартты райдың жұрнағын табыңыз.
A) -са, -се.
B) -сын, -сін.
C) -айық, -ейік.
D) -дар, -дер.
E) -й.
5. Жай сөйлемнің қай түрі екенін белгілеңіз.
Біркелкі жақсы өсіпті.
A) Атаулы.
B) Толымды.
C) Салалас.
D) Сабақтас.
E) Толымсыз.
6. Қатаң дауыссыздар қатарын табыңыз.
A) П, Ф, К.
B) Й, Ш, Б.
C) П, Ф, Г.
D) Һ, С, Т.
E) Р, Ғ, Ц.
7. “У” дыбысы екі рет дауысты болған сөзді белгілеңіз.
A) Татуласу.
B) Таулық.
C) Баулық.
D) Жауласу.
E) Қауышу.
8. Ілгерінді ықпалды табыңыз.
A) Қырықаяқ.
B) Асхана.
C) Штабта.
D) Бозжігіт.
E) Көре кел.
9. Қосымшаның қанша болатынын көрсетіңіз.
A) 1
B) 3
C) 4
D) 5
E) 2
10. Сұрау есімдігінің тәуелденген түрін көрсетіңіз.
A) Нешеуі?
B) Кімдер?
C) Қайдан?
D) Барлығы.
E) Әр оқушы.
11. Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін шылауларды табыңыз.
A) Қатар, бірге, қабат.
B) Дейін, шейін, таман, қарай.
C) Кейін, соң, гөрі, әрі, бері.
D) Ма, ме, ба, бе.
E) Жайында, жөнінде, үшін, сайын.
12. Жалпылауыш сөзі сан есімнен болған сөйлемді анықтаңыз.
A) Өнерлі бала сүйкімді.
B) Отан - оттан да ыстық.
C) Тіл - қылыштан өткір.
D) Шолпан, Дана - екеуі жарыста озып шықты.
E) Айлалы батыр алдырмас.
13. Үтірдің қойылу себебі, дұрысын белгілеңіз.
Мүмкін, келіп қалар.
A) Одағай.
B) Еліктеу.
C) Қыстырма.
D) Шылау.
E) Қаратпа.
14. Қазақ тілінде неше стиль бар, дұрысын көрсетіңіз.
A) 2.
B) 3.
C) 7.
D) 4.
E) 6.
15. Синоним сөздерді көрсетіңіз.
A) Сынау, зерттеу.
B) Таңдау, таныс.
C) Несібелі, ырысты.
D) Әңгіме, ертегі.
E) Таңертең, түсте.
16. Тәуелдік жалғауының екінші жағында, сыпайы түрде тұрған сөзді табыңыз.
A) Қалаларыңда.
B) Ұлттарымыз.
C) Асылым.
D) Үйіміздегі.
E) Қазынаңызда.
17. Зат есімнен жасалған біріккен сөзді көрсетіңіз.
A) Ендігәрі.
B) Шегара.
C) Биыл.
D) Былтыр.
E) Әлдекім.
18. Жай шырайды табыңыз.
A) Орасан зор жетістік.
B) Жанат кең үйге кірді.
C) Мына үй биігірек екен.
D) Армансыз адам қанатсыз құспен тең.
E) Арман өте қызықты кітап оқыпты.
19. Сөйлемдегі еліктеу сөз қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын белгілеңіз.
Мен бір тарсыл естідім.
A) Толықтауыш.
B) Бастауыш.
C) Баяндауыш.
D) Анықтауыш.
E) Пысықтауыш.
20. Бастауыштан кейін сызықша қай сөйлемде қойылатынын көрсетіңіз.
A) Бұл үйдің балалары естияр еді.
B) Бұл істі көпке қалдырмау керек.
C) Бұл күз айында болған әңгіме.
D) Бұл баланың таланты бар екен.
E) Мен бұл жағын білмеп ем.
21. Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз.
A) Мен кеше сабаққа келген жоқпын.
B) Бұл шөп әдемі, бірақ зияны да бар.
C) Біресе ол барады, біресе Айгүл барады.
D) Айжан дүкенге кетті.
E) Күн де шығып тұр, жел де соғып тұр.
22. Қаратпа сөзді табыңыз.
A) Мейманым, жақсы жатып, жайлы тұрдың ба?
B) Дала тақыр, бірақ тығыз бетегемен жайнаған.
C) Тәк-тәк, айтпа енді.
D) Таныды да таң болды.
E) Қой, не болса да кетейік.
23. Қос нүктенің қойылу себебін анықтаңыз.
Бұл жолы інге кірген із жалғыз: ақ тиіннің барында еш күмән жоқ еді.
A) Кезектес салалас.
B) Ыңғайлас салалас.
C) Себеп-салдар салалас.
D) Талғау мәнді салалас.
E) Қарсылықты салалас.
24. Бастауыштан кейін қойылған сызықшаны табыңыз.
A) Қыздардың үлкені Майра да, кішісі - Сайра.
B) Қыздардың - үлкені Майра да, кішісі Сайра.
C) Қыздардың үлкені Майра да - кішісі Сайра.
D) Қыздардың үлкені - Майра да, кішісі - Сайра.
E) Қыздардың-үлкені Майра, кішісі Сайра.
25. Диалект сөздерді көрсетіңіз.
A) Қара, ат.
B) Орман, тоғай.
C) Бөз, боз.
D) Оның, соған,тасбиық.
E) Көпшік, дарбаза.
26. Басқа тілден енген сөздер қатарын көрсетіңіз.
A) Секунд, пиала, кеуірт.
B) Иман, үшбұрыш.
C) Класс, күрке, ханзада.
D) Кірпіш, билет, пальто.
E) Әдебиет, зымыран, жүйе.
27. Сөздердің қайталануынан, қосарлануынан жасалған үстеулер қандай тыныс белгісі арқылы жазылатынын белгілеңіз.
A) Жақша.
B) Дефис.
C) Қос нүкте.
D) Тырнақша.
E) Үтір.
28. Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін көрсетіңіз.
A) Баланың кітабы.
B) Оқуды бітірді.
C) Көпір арқылы өту.
D) Менің оқушым.
E) Хатқа жауап.
29. Шартты бағыныңқы сабақтасты табыңыз.
A) Кітабын оқып болғандықтан, досына бере салды.
B) Ертең апам келеді.
C) Табиғаттың тұла бойы - тұнған сыр, оның тілін білсең, ешқашан қор болмайсың.
D) Маған жақындап келгенде ғана, өзімнің шәкіртім екенін таныдым.
E) Бүгін жаңа ай туды.
30. Диалогтің көбіне қай стильге тән екенін белгілеңіз.
A) Ғылыми стиль
B) Ауызекі сөйлеу стилі
C) Іс-қағаздар стилі
D) Құжаттар стилі
E) Публицистикалық стиль
7 нұсқа
1. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.
A) Қисық бұтақ.
B) Қызыл гүл.
C) Білімді оқушы.
D) Қоңыр дауыс.
E) Қара сиялы қалам.
2. Жалпы есімді табыңыз.
A) Балқаш.
B) Абай.
C) Тау.
D) Алатау.
E) Көкшетау.
3. Сын есiмдi табыңыз.
A) Сонау, мына.
B) Бес, отыз.
C) Әрине, мүмкiн.
D) Кiтап, оқушы.
E) Қызыл, көк.
4. Топтау сан есiмді көрсетіңіз.
A) Әркiм.
B) Туып-өскен.
C) Әйгiлi.
D) Үш-үштен.
E) Бәйтерек.
5. Өздік есімдігі қатысқан мақал-мәтелді табыңыз.
A) Ырыс алды – ынтымақ.
B) Ел-елдің бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен жақсы.
C) Туған үйдің түтіні жылы.
D) Ел іші – алтын бесік.
E) Еңбек – ырыстың бұлағы.
6. Жуан дауысты дыбысты көрсетіңіз.
A) а, о
B) ы, и
C) у, і
D) о, э
E) ұ, і
7. Бірыңғай үнді дауыссыздан құралған сөйлемді белгілеңіз.
A) Елімнің байтақ даласы.
B) Елімнің ерен ерлері.
C) Елімнің сұлу көлдері.
D) Елімнің мөлдір бұлағы.
E) Елімнің асқар шыңдары.
8. Буын талғайтын дыбыстар қатарын белгілеңіз.
A) У, І.
B) О, Ы.
C) Е, И.
D) А, Ы.
E) О, Ө.
9. Көмектес септігіндегі сөзді табыңыз.
A) Қаламым, қолым, баласы.
B) Атаммен, ініңізбен, шегемен.
C) Баланың, ұжымның, үйдің.
D) Оқушысың, ұстазбын, данасың.
E) Атамнан, ініңізден, шегеден.
10. Күрделі нақ осы шақты табыңыз.
A) Беріп жібер.
B) Беріп жатыр.
C) Берер.
D) Бере сал.
E) Бере бер.
11. “Ертең жүрмекші”тіркесінің лексика-грамматикалық мағынасын айқындаңыз.
A) Істің мезгілі.
B) Істің себебі.
C) Қимыл-сын.
D) Істің мөлшері.
E) Істің салдары.
12. Кімім? Нем? – сұрағына жауап беретін сөйлем мүшесін табыңыз.
A) Пысықтауыш.
B) Толықтауыш.
C) Баяндауыш.
D) Бастауыш.
E) Анықтауыш.
13. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Семинарияны бітіргеннен кейін, мен осы кім боламын деген ой орала беріп еді.
B) Адам баласының ең жаманы - талапсыздығы.
C) Соны тағы оқып шығайын деп едім: маған бір жері қатты ұнады.
D) Өнер алды - бірлік, ырыс алды - тірлік.
E) Ұлтшыл адам біреуге зорлық қылады да, содан соң Отанының дәуірлеуін іздейді.
14. Пікір алысу үшін ең алдымен не керек екенін көрсетіңіз.
A) Тіл.
B) Хабар.
C) Дерек.
D) Сөйлеу.
E) Ойлау.
15. Омоним болатын сөзді табыңыз.
A) Кел.
B) Қозы.
C) Буын.
D) Сызғыш.
E) Елп.
16. Сөз аралығындағы кейінді ықпалды көрсетіңіз.
A) Көшенің бойы.
B) Қиындықтан қашса.
C) Өлең өлшемі.
D) Сұрап ал.
E) Атты кісі.
17. Туынды сөзді табыңыз.
A) Еңбекші.
B) Еңбекті.
C) Еңбегің.
D) Еңбектен.
E) Еңбекпен.
18. Дәстүрлі принцип бойынша жазылған сөзді табыңыз.
A) Әлдебір.
B) Әлдекім.
C) Тұрманбек.
D) Есболат.
E) Ендігәрі.
19. Сұраулық шылау қатысып тұрған қатарды көрсетіңіз.
A) Сен әкел(ме).
B) Өтірік айт(па).
C) Сенейін(бе), сенбейін(бе)
D) Жаман әдетке үйрен(бе)
E) Сен сен(бе).
20. Сапалық сын есім қатысып тұрған тіркесті табыңыз.
A) Көк аспан.
B) Он оқушы.
C) Малдың шөбі.
D) Ақылды адам.
E) Білгеннің пайдасы.
21. Қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
A) Жә, мырза, мына келе жатқан біздің көшіміз еді.
B) Біреулері ызғарлы, біреулері көңілді отыр екен.
C) Өмірде бәрі кездеседі, дегенмен жақсылық жеңеді.
D) Не ексең, соны орасың.
E) Әрине, адам өмірінде көп қиындықтар кездеседі.
22. Сен келіп қойғанбысың?
Сұраулық шылаудың түрлену түрін анықтаңыз.
A) Көмектес септікте.
B) Көптік тұлғасында.
C) Септелді.
D) Тәуелденді.
E) Жіктелді.
23. ²Абай² операсы - қазақ музыкасын биік белге шығарған ірі туынды. Сызықшаның қойылу себебі.
A) Бастауыш сын есім, баяндауыш зат есім.
B) Қосарлы айқындауыш.
C) Бастауыш - сан есім, баяндауыш - етістік.
D) Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғадағы зат есім.
E) Бастауыш - есім, баяндауыш - есім.
24. Тырнақшаның қойылу себебі, дұрысын белгілеңіз.
Қоян «батыр» қорыққаннан зыта жөнелді.
A) Жалқы есім атауы.
B) Жеке ұғым атауы.
C) Кері мағынадағы сөз.
D) Әдет - салт аты.
E) Ерекше объект етіп алынған сөз.
25. Антонимді табыңыз.
A) Үйір - табын.
B) Арсыз - әдепсіз.
C) Жина - шаш.
D) Жүрдім - бардым.
E) Шұғыл - жедел.
26. Үстеудің сөйлемде негізінен қандай қызмет атқаратынын табыңыз.
A) Бастауыш.
B) Баяндауыш.
C) Анықтауыш.
D) Пысықтауыш.
E) Толықтауыш.
27. Еліктеу сөзді тіркесті көрсетіңіз.
A) Күз келді.
B) Үй-үйімізге тарадық.
C) Қиқаң-қиқаң етті.
D) Сендер үйге келіңдер.
E) Жан-жануар көп.
28. Атаулы сөйлемді көрсетіңіз.
A) Білесің бе?
B) Қыс.
C) Білмесең, тыңда!
D) Сен – оқушысың!
E) Ол жақын жерде орналасқан.
29. Жарыспалы көп бағыныңқы сабақтасты табыңыз:
A) Үй іші мұздап, сырттағы ызғырық азынай бастаса, Бұзаубақ пен Айжан пештің жанына бөстекті төсеп, бір-біріне тығыла түсіп бүрсиіп отыратын.
B) Жұмысың өнсін десең, өткенге өкінгің келмесе, әр минутыңды ұқыпты пайдалана біл.
C) Сыйластық – адамның ақыл-ой, мінез-құлқын, санасы мен мәдениеттілігін аңғартатын қасиеттердің бірі.
D) Оқудағы қызы келіп еді, туыстары жиналып, той-думан өткізді.
E) Ұсақ балалардың көпшілігі жеке-жеке тайға мініп, бірен-сарандары екі-екіден мінгесіп алып, Абайларға ілесе шапқанда, жұрттың бәрінің артында қалғаны Оспан болды.
30. Төл сөз бен автор сөзін байланыстырушы дәнекер сөздің тұлғасын көрсетіңіз.
Төле би: “Қарап отырғанша, бір нәрсеге жарап отыр”, - деп ақыл айтты.
A) Күрделі етістік.
B) Етістік.
C) Көсемше.
D) Көсемше тұлғалы негізгі етістік.
E) Көсемше тұлғалы көмекші етістік.
8 нұсқа
1. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.
A) Ақырын қозғалу.
B) Жел мінез.
C) Жүйрік ат.
D) Ұйқыдан ояту.
E) Бұзаулы сиыр.
2. Деректі зат есімдер қатарын табыңыз.
A) Ой, сана.
B) Мектеп, ағаш.
C) Ақыл, ес.
D) Көңіл, сезім.
E) Ауа, жел.
3. Қатыстық сын есімді көрсетіңіз.
A) Тәтті.
B) Ақшыл.
C) Қымбат.
D) Жарық.
E) Аттылы.
4. Жинақтық сан есiмдерiн белгілеңіз.
A) Екi, сегiз.
B) Бiреу, жетеу.
C) Бестен үш, он бүтiн оннан үш.
D) Ондаған, мыңдаған.
E) Бесiншi, алтыншы.
5. Көсемше жұрнақтарын табыңыз.
A) -ар, -ер, -р.
B) -қан, -кен.
C) -мақ, -мек.
D) -па, -пе.
E) -ғалы, -гелі.
6. Бірыңғай езулік дауысты сөзді ажыратыңыз.
A) Бұлбұл.
B) Көмір.
C) Дос.
D) Тұрғылықты.
E) Партизан.
7. Ұяң дауыссыздар қатар тұрған сөзді анықтаңыз.
A) Жаңбыр.
B) Кітап.
C) Қаздар.
D) Аспан.
E) Наурыз.
8. Буын үндестігіне бағынбайтын біріккен сөзді табыңыз.
A) Көкқұтан.
B) Қосаяқ.
C) Қарақұрт.
D) Тасбақа.
E) Жолбарыс.
9. Жалпылау есімдігін табыңыз.
A) Кей шақта.
B) Бүкіл.
C) Дәнеңе.
D) Неге.
E) Әрқашан.
10. Ыңғайлас жалғаулықты анықтаңыз.
A) әлде, болмаса, өйткені.
B) бірақ, неге десең, егер.
C) алайда, себебі, онда.
D) я, немесе, біресе.
E) мен, да, және.
11. Хабарлы сөйлемді көрсетіңіз.
A) Балалар далада ойнап жүр.
B) Жауап берсең ше.
C) Сен қашан келесің.
D) Келгеніңе қанша болды.
E) Әттең, кешігіп қалдың-ау.
12. Жалпылауыш сөзге тән тыныс белгілерін көрсетіңіз.
A) Тырнақша, жақша.
B) Нүкте, дефис.
C) Нүктелі үтір, леп белгісі.
D) Үтір, сұрақ белгісі.
E) Қос нүкте, сызықша.
13. Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
A) Күн түс ауа жылынып, сызды дала бусанып, ауыл сыртында әдемі бір көрініс туып еді.
B) Жаңа ғана талып қалғандай, Әбіш ешбір белгі бермей сұлқ жатты.
C) Аттылар жақындаған сайын, Төлегеннің жүрегі орнына түсе бастады.
D) Ауыл адамдары мәз-мәйрам болып, мерекені жақсы өткізді.
E) Әдейі танытпайын деп, ол бет- аузын таңып алыпты.
14. Азот, оттегі, масса, лексикология терминдері қай стильде кездеседі, белгілеңіз.
A) Публицистика.
B) Іс - қағаздар.
C) Көркем әдебиет.
D) Ғылыми.
E) Ауызекі.
15. Мына сөздердің ішінен синонимдік қатарды табыңыз.
A) Қайрат, жігер, ел.
B) Жаратылыс, табиғат, дүние.
C) Өлең, жыр, ән, терме, күй.
D) Бет, жүз, оң, ауыз.
E) Еңбек, іскер, жалқау.
16. Ілгерінді ықпалды табыңыз.
A) Қарасу.
B) Сенбілік ұйымдастыру.
C) Бірқыдыру.
D) Жақсы-жаман.
E) Кендебай.
17. Сөз түрлендіруші жұрнағы бар сөзді табыңыз.
A) Қызғылт.
B) Көрме.
C) Үрле.
D) Күлкілі.
E) Бағала.
18. Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған табыс жалғауын табыңыз.
A) Әкені.
B) Әкеме.
C) Әкемнің.
D) Әкеміз.
E) Әкесін.
19. Еш, әр, кей, бір, әлде сөздерімен келген есімдіктердің жазылу тәртібін табыңыз.
A) Қосарлы түрде.
B) Бөлек.
C) Бірге.
D) Қысқарған түрде.
E) Тіркес түрде.
20. Сырттай қарағанда сөз тіркесіне ұқсас сөздер тобының қатарын көрсетіңіз.
A) Сәнді киім.
B) Келе жатыр.
C) Қызу еңбек.
D) Кеше келді.
E) Ақ ешкі.
21. Мақсат бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.
A) Ол сабағын жазып отыр, бірақ ойынан бүгінгі жайсыздық шықпайды.
B) Ол жеткенше, Қанабек тықыршып тұр.
C) Кең даланы сұлу сағым басты.
D) Әңгімені басынан бастамақ болып, Саржанмен кездескен күнді есіме толық түсіріп көрейін.
E) Қыруар уақыт өткенмен, жаңбыр басылмады.
22. Қыстырма сөзі бар сөйлемді табыңыз.
A) Жаман айтпай, жақсы жоқ.
B) Үлкенді сыйлау – асыл қасиет.
C) Тұрмыс құр, балам.
D) Мен, шынымды айтайын, қорқудамын.
E) Көктем айларында біресе жаңбыр, біресе қар жауады.
Достарыңызбен бөлісу: |