басында өмір сүрген Томас Мор да бар. Оның пайымы бойынша, даму жолына түсеміз деп
алға қарай жылжыған сайын адамзат табиғилығынан айырыла бастаған. Біздің қарапайым
сөзбен айтсақ, Құдайдың дарытқан шынайы қалыбынан ауытқи берген. Адам ішкі
дүниесіндегі асыл-жауһарларды көрмей, оны тануға тырыспай, ұмыта бастаған.
Батыс
әлемінде ең алғаш осыған қарсы болған ғалым, философ Томас Мор корольдің ең жақын
көмекшісі бола жүріп, әлгіндей тың ойларға ерік берген. Соның нәтижесінде «Утопия»
деген еңбек жазған. Утопия дегеніміз – қазіргі біздің ұғымымызда қиялшылдық қой. Бірақ
Томас Мордың «Утопия аралының» мағынасы – «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған
арал». Бақытты елді,
оның тамаша қалаларын, гүлденген даласы, ғажап тәртіптері мен
заңдарын суреттеп жазады. Утопияда қанау жоқ. Барлық адам еңбек етуге міндетті. Оларда
азық-түлік мол, өйткені онда еңбек етпейтін жалқаулар жоқ. Арал тұрғындары ғылыммен,
өнермен, спортпен айналысады. Утопия тұрғындары үйлерінің есіктері әрқашан да
құлыпсыз, ашық тұрады, олар ұрлықтан қауіптенбейді. Томас Мордың идеясы барлық адам
тең өмір сүретін қоғам құру болды. Өзінің арманындағы
бақытты елдің өмірі мен
мемлекеттік құрылымын елеп-екшеп, дәлелдермен жазды. Бірақ оны жүзеге асыру қиял
еді...
Сұхбаттасқан Дәурен Сейітжанұлы
1. Мәтін қандай жанрда жазылған? Мәтіннің жанрлық ерекшелігін талдаңыз
_____________________________________________________________________________
___
_____________________________________________________________________________
___
[2]
2. Көпшілікке арналған мәтіннің құрылымы
мен рәсімделуін анықтаңыз
_____________________________________________________________________________
___
_____________________________________________________________________________
___
[2]
3. Мәтіннің мақсаты қандай? Аудиториясы кімдер?
_____________________________________________________________________________
___
_____________________________________________________________________________
___
[2]
4.Берілген кестені толтырыңыз
Өркениеттің оң жақтары
Өркениеттің теріс жақтары
[2]
5. Мәтінде көтерілген мәселеге қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз. Мәтіннен деректерді
қолданып, авторына сілтеме жасаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: