«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Театр өнері мен мәдениеті. Синтаксис



бет4/6
Дата24.01.2022
өлшемі26,36 Kb.
#113705
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
« аза тілі» п нінен 4-то сан бойынша жиынты ба алау тапсырмала

Мәдени-танымдық туризм

Археология, тарих және сәулет ескерткіштерінің көлемі бойынша Қазақстан нағыз «ашық аспан астындағы мұражай» болып саналады. Туристер Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қалаларға барып, қола дәуіріндегі Тамғалы петроглифтарын немесе әйгілі Маңғыстау қорымдарын көре алады.

Қазақстанның заманауи өмірімен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Өскемен және Ақтау қалаларында танысу қолайлырақ болады, себебі туристік инфраструктура кез-келген талғам мен бюджетке қарай қызметтерді ұсынады.

Экологиялық туризм

Іс жүзінде табиғаты бүлінбеген түрде сақталған аумақтың саны мен әр түрлілігі Қазақстанды экологиялық туризм әуесқойлары үшін ерекше қызықтыратын болады. Қазақстан аумағында 12 ұлттық табиғи парк және 10 қорық бар.

Қазақстан өзінің өлшемдері мен географиялық орналасуының арқасында әдетте туристер бөлек мемлекеттердің толық қатарында «қамдастыруы» қажет табиғи зоналарға бару мүмкіндігін ұсынады.

Ол - ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұра тізіміне енген Орталық Қазақстан далалары мен көлдері. Ол - ландшафтар, флора мен фаунаның әр түрлілігі бойынша Альпы ауданымен оңай теңесе алатын шығыс пен оңтүстік-шығыстың тау бөктерлері мен таулары. Ол - Каспий теңізінің жағалауы – әлемдегі ірі тұйық су айдыны. Ол - фототуризмнің ең сыналған әуесқойларын қызықтыра алатын Қазақстанның оңтүстік-батыс құла далалары, ол - елдің солтүстігінде орналасқан Бурабай көлінің айналасындағы ормандар және тағы басқалары.

Экотуризм қызығушылары үшін Қазақстанның туристік компанияларымен шамамен мыңдаған әр түрлі маршруттар өңделген, оның ішіне табиғи нысандарға жиі барумен қатар, сондай-ақ қазақтар-көшпенділердің ежелгі тұрмыстарымен танысу да кіреді.

Спорттық туризм

Қазақстан келесідей бағыттар бойынша спорттық туризм үшін керемет жағдайлар ұсынады: тау шаңғы туризмі, альпинизм, су туризмі, ат туризмі, велотуризм және тағы басқалары.

Қазақстан табиғаты спорттың көптеген түрлерімен айналысу үшін ерекше маршруттар мен жағдайларды ұсынады, оның ішінде экстремалдысы да бар, ал ел өкіметі, өз кезегінде, лайықты инфраструктураны қамтамасыз ету үшін өз күшін жұмсайды. Мысалға алсақ, Шымбұлақ тау шаңғы шипажай трассалары әлем бойынша ең күштілер қатарына кіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет