«Қазақ тілі» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 9-сынып



бет25/29
Дата18.10.2023
өлшемі492,42 Kb.
#186415
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
ОШ ФО Казахский язык 9 класс каз

Оқу мақсаты 9.4.4.4 Аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы

    • Аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын ажыратып, қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану



Аралас құрмалас сөйлем

Бағыныңқы сөйлемнің орналасу тәртібі

Схемасы

1. Ағынның күштілігіне көз тұнып, бас айналды, қандай терең болғанмен, су түбіндегі жүзген балық, жатқан құм – бәрі алақандағыдай анық көрініп тұр

бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы

2. Бекей шешесі жақтан отырып еді, Абайлардың жай- жапсарын біліп алған соң, шешесіне бұрылып ақырын
күңкілге басты. (М.Әуезов)

басыңқы, бағыныңқы, басыңқы

3. Ендігәрі қайталанып жатпас үшін, мен бар шартымды ресми жазып, мына пакетке салдым да, сізге өз қолыммен тапсыруды дұрыс көрдім.
(Ғ.Мүсірепов)

бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы



Тапсырма Есте сақтаңыз!





  1. Берілген аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын түсіндіріңіз.

Қырық бесінші жылы соғыс аяқталып, жұрт мәре-сәре болды, ел қайтадан бұрынғы қалпына келе бастады. Қазақстан тарихта алғаш рет Орталық Азия елдерінен суырылып шығып, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды, келер жылдан бастап еліміз аталған беделді ұйымға төрағалық етеді. Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Белорусия, Украина бірігіп, әлемдегі қақтығыстар мен соғыстарды болдырмаудың жолдарын талқылады, бейбітшілікке шақыратын үндеу қабылдады. Соңғы бес жылда әлемде 15 жаңа қақтығыс туындап, олардың бірі де шешілмеген және бұл қақтығыстардың көпшілігі ашық қарулы шиеленіске ұласып отыр.



  1. Ертең мектебіңізде «Жастар соғыссыз болашақ үшін!» тақырыбында жастар форумы өтеді. Сіз сол форумның қорытындысында көшбасшы ретінде сөз сөйлеп, қатысушылар атынан үндеу хат мәтінін жариялауыңыз керек. Тақырыбы: «Жастар лаңкестіккке жол бермейді!» Үндеу хатыңызда аралас құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз.






Дескриптор



Білім алушы




  • аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын біледі;

  • аралас құрмалас сөйлемдерді қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет