«Қазақ тілі» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 9-сынып



бет28/29
Дата18.10.2023
өлшемі492,42 Kb.
#186415
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
ОШ ФО Казахский язык 9 класс каз

Оқу мақсаты

9.3.6.1 Жазба жұмысын абзацтар мен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық түзетулер енгізу,
редакциялау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтінді бөліктерге бөліп, логикалық түзетулер енгізеді, редакциялайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, абзацтар мен бөліктерге бөліңіз. Ақпараттар мен идеяларды дұрыс жүйелеп, логикалық түзетулер енгізіңіз.


Табиғат ресурстары және олардың жіктелуі
Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде немесе болашақта қорының сарқылу қауіпі төніп тұрған заттар жатады. Ресурстардың сарқылуы салыстырмалы ұғым.
Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат объектілері жатады. Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді. Олар атмосфералық, су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба байлықтар, энергетикалық және т.б. болып бөлінеді. Ең жиі қолданылатын жіктелу ресурстардың сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты.
Ресурстардың ішінде судың орны ерекше. Су – ластану нәтижесінде уақытша (сапалық жағынан) сарқылатын, бірақ сандық жағынан сарқылмайтын ресурс.
Табиғат ресурстарының сарқылу мәселесі жылдан-жылға өзекті мәселеге айналып келеді. Бұл олардың мөлшерінің шектеулілігіне және оларды пайдаланудың артуына байланысты
Сарқылмайтын ресурстарға шексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын ресурстар жатады. Мысалы, күн энергиясы, жел, теңіздің толуы мен қайту энергиялары. Бұл жағдайда да сарқылмайтын ұғыммен салыстырмалы түрде айтылады. Себебі әрбір ресурс үшін пайдаланудың шегі болады. Мысалы, белгілі бір мөлшерден артық күн энергиясын пайдалану жер маңындағы кеңістіктің температурасының артуына әкеліп, термодинамикалық дағдарысты туғызуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет