«Қазақ тілі» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 9-сынып



бет27/29
Дата18.10.2023
өлшемі492,42 Kb.
#186415
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
ОШ ФО Казахский язык 9 класс каз
Тұрсынов А. Жаңабай А. Бөлекова А. Кенжебаева А. 515АБ, практикалық сабақ, практикалық сабақ, практикалық сабақ, Презентация 2
Оқу мақсаты

9.2.7.1 Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтар, ғылыми еңбектерден алынған деректерді дәлел
ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау

Бағалау критерийі

Білім алушы

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Көпшілікке арналған «ifreestore» сайтында жарық көрген «Табиғи ресурстардың сарқылуы» тақырыбындағы мақаласын түсініп оқыңыз.
Сіздің мектебіңіздегі дебат клубында «Сіз ғаламшарды құтқару кеш деп ойлайсыз ба?» деген тақырыпта пікірталас өтіп жатыр. Сіз өзіңізді осы клубтың белсенді мүшесі ретінде елестетіңіз. Осы мәселеге қатысты өзіңіздің ойыңызды білдіріңіз. Мәтіндегі деректерді дәлел ретінде қолданып, авторына сілтеме жасаңыз.

Табиғат ресурстарының сарқылу мәселесі жылдан-жылға өзекті мәселеге айналып келеді. Бұл олардың мөлшерінің шектеулілігіне және оларды пайдаланудың артуына байланысты.


Б.Скиннердің мәліметтері бойынша, халық санының қазіргі өсу жылдамдығы жылына 1,7% болған жағдайда, ресурстарды пайдалану әрбір 41 жыл сайын екі еселену керек. Мысалы, алтын өндіру жылына 4%-ға артып отырса, оның екі еселену периоды 18 жыл, минералдық ресурстардың қолданылуы орташа шамамен жылына 7%-ға артып отырса, ал екі еселену периоды 10 жыл болып отыр. Адамзат қоғамы көмірді 800 жылдан бері өндіріп келеді, бірақ оның жартысы соңғы 30 жылда өндірілген.
Көміртегі қосылыстарынан тұратын ресурстарды пайдалану жылдамдығы ерекше назар аудартады. Себебі олар энергия мен көптеген азық-түлік алудың негізгі көзі болып табылады. Сонымен қатар оларды пайдалану ғаламдық мәселелер: парниктік эффект, қышқыл жаңбырларды туғызатын атмосфераның ластануымен тығыз байланысты.
Қазіргі кезде табиғатта миллиондаған жылдар барысында жиналған жанғыш қазба байлықтар бір жылда жағылады. Ғалымдардың жасаған болжамдарының біреуіне сүйенсек, жанғыш отындарды пайдаланудың қазіргі жылдамдығы сақталса, онда барланған мұнай қоры шамамен 30-40 жылға, газ 40-50 жылға, көмір 70-80 жылға жетеді.
Сарқылатын қорларды адам баласының өте ұқыпты түрде пайдалануы – болашақ ұрпақтың қамын ойлағаны.


Дескриптор Білім алушы

  • деректерді дәлел ретінде қолданады;

  • авторына сілтеме жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет