«Қазақ тілі» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 9-сынып



бет22/29
Дата18.10.2023
өлшемі492,42 Kb.
#186415
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29
Байланысты:
ОШ ФО Казахский язык 9 класс каз

Оқу мақсаты 9.3.2.1 Мақсатты аудиторияның қызығушылығын
ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы

    • Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастырады

Ойлау дағдыларының деңгейі


Жоғары деңгей дағдылары



Тапсырма


«Қазақстандағы «БАҚ-тың рөлі қандай?» деген тақырып бойынша берілген жағдаяттың бірін таңдап, «РАФТ» стратегиясымен жазба жұмысын жазыңыз.



Рөл

Аудитория

Форма

Тақырып

«Егемен Қазақстан» газеті

зейнеткерлер

хат

Қазақстандағы
«БАҚ-тың рөлі қандай?

«Ұлан» газеті

жасөспірімдер

жарнама

«Қазақстан ұстаздары» журналы

мұғалімдер

үндеу




Дескриптор

Білім алушы




  • рөлді таңдайды;

  • аудиторияның қызығушылығын тудырады;

  • мәтіннің жанрын сақтайды;

  • тақырыпты ашады.

Оқу мақсаты 9.4.4.3 Сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы

      • Сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратып, түрлендіріп қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану



Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері

Түрлері

Сұрақтары

Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышының
жасалу жолдары

Себеп
бағыныңқылы сабақтас

неліктен? не себептен? неге? не деп?

  1. Есімшенің өткен шақ формасына -дықтан (-дық+тан) деген жұрнақ пен жалғаудың қосылуы арқылы жасалады.

  2. Есімшенің өткен шақ формасынан соң

шылауы тіркесу арқылы жасалады.

  1. көсемшінің жұрнағына біткен болымсыз түрінен жасалады.

  2. Ашық рай етістікке деп көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады

Қимыл-сын
бағыныңқылы сабақтас

қалай? қайтіп? не етіп?

  1. -а, -е, -й, -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшеден болады.

  2. Есімшеге -дай, -дей жұрнағы жалғану арқылы жасалады.

  3. Есімшеден кейін күйін, күйінде, қалпы, қалпында, бетте деген көмекші етістіктердің тіркесуі арқылы жасалады

Мақсат
бағыныңқылы сабақтас

не мақсатпен? не етпек болып? қайтпек болып?

1.-мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек жұрнақтар етістіктен кейін болып деген көмекші етістіктің тіркесуі арқылы жасалады.

  1. Тұйық етістіктен үшін шылауының тіркесуінен жасалады.

  2. Шартты, бұйрық және қалау рай тұлғалы етістікке деп көмекші етістігінің тіркесуі

арқылы жасалады.



Тапсырма Есте сақтаңыз!





  1. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді мағыналық түрлеріне қарай ажыратыңыз.



Мысалдар

Себеп
бағыныңқылы сабақтас

Қимыл-сын бағыныңқылы
сабақтас

Мақсат
бағыныңқылы сабақтас

1

Мемлекеттік тапсырыстан берілетін қаржы мол болғандықтан, олардың жаңаға ұмтылуына, оқырмандарды
іздеуге талпынуына әсер етіп жатқан шығар.










2

Бұқаралық ақпарат құралдары жазғандай, қауіпсіздік қызмет органдарының иммунитеті Заңға қол қойғанға
дейін болмаған.










3

БАҚ-та теріс ақпарат тарап кетпеу үшін сотқа дейінгі
дауларды жазып, бейнежазбаға түсіру тәртібі де өзгереді.










4

Бұқаралық ақпарат құралдарында жазғандықтан, бұл жолы
оған тоқталып жатпаймын.










5

Осы өзекті мәселе туралы мақала жазбақ болып, бұқаралық
ақпарат құралдарына хабарластым.










6

Тақырыпты тапқаннан кейін материал жазу үшін оған
тиісті мәліметтер жинау кезегі келеді.













  1. Өзіңізді «Жалын» журналының редакциясына жаңадан жұмысқа тұрдым деп елестетіңіз. Сізге атақты журалистен сұхбат алу тапсырылды. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлін сараптай отырып, «Бұқаралық ақпарат құралдары: кеше және бүгін» деген тақырыпта сұхбат жазыңыз. Мақалаңызда сабақтас құрмалас сөйлемдерді түрлендіріп қолданыңыз.






Дескриптор



Білім алушы




  • себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді ажыратады;

  • қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді анықтайды;

  • мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табады;

  • сабақтас құрмалас сөйлемдерді түрлендіріп қолданады.
    1. ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ




«Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау





Оқу мақсаты

9.1.2.1 Қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (мақала, интервью) мақсатты аудитория мен
көркемдегіш құралдардың рөлін талдау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Көлемді мәтіндердің мақсатты аудиториясы мен көркемдегіш құралдардың қызметін ажыратады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

  1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Бұл мәтін қандай мақсатта жазылған? Аудиториясы кімдер?



Соғыс болып жатқан елдер
Қазіргі уақытта әлемде түрлі қақтығыстар орын алып жатыр. Қантөгіс тыйылар емес. Қақтығыстар барған сайын өрши түсуде. Араны ашылған ұлы державалар текетіресі ешкімді аяп жатқан жоқ. Геосаясат тақтасындағы олардың «ойыны» жер бетіндегі айрандай ұйып отырған миллиондаған адамға таудай қайғы-қасірет әкеліп жатыр: бүтіндей бір елдерді ұзақ жылдар бойына дамуын тежеп, кедейшіліктің жойылуына жол бермеуде. Ең сорақысы, одан қарапайым халық зардап шегіп отыр. Мысалы, БҰҰ-ның мәліметі бойынша, бүгінгі күні жер шарында әрбір оныншы адам аш, яғни 1 миллиардқа жуығы. Оның шамамен тең жартысы Азия елдерінің халықтары.
Бір кездері баршаның назары Украинада болды. Кейбір шетелдік басылымдарда келтірілген деректер бойынша, Украинадағы әскери қақтығыс кезінің бес айында Ресей АҚШ-тың Иракпен соғысындағы 12 жылда қаза болған әскерлерімен бірдей жауынгерінен айрылса, РФ-ның КСРО-ның Ауғанстан жеріндегі 9 жылда құрбан болған үштен бір бөлігімен тең келетіндей адамы қаза тапқан екен. Қысқасы, «Украинадағы қарулы қақтығыстың зардабы Ауғанстан жеріндегі соғыс қасіретімен бірдей сұрапыл соғыс. Бұл енді жай шиеленіс емес» дейді сарапшылар. Соңғы ақпарат бойынша (қыркүйек айы) Украина экономикасына 620 миллион доллар шығын әкелген екен, яғни күніне 6 миллион доллар. Ал Ресейдегі жағдай тіптен мүшкіл.
БАҚ арқылы Украина мен Ресей арасындағы соғысқа қатысты жиі-жиі пікір айтып жүргендердің бірі – Қазақстанның әуе тасымалы қауымдастығының бастығы В.Куропатенко былай дейді:
-Украинадағы жағдай қарулы қақтығысты қолдан жасап отырған есі ауысқандардың ақымақтығы. Соншама бейбіт адамның қаны оларды жібермейді.
Иә, бейбіт өмірдің діңгегін ырғап отырған үстемшіл державалардың миллиондаған жазықсыз жандардың қанын жүктеп отырғандары рас.
Әлемде болып жатқан қарулы қақтығыстардың себептері әртүрлі: жер дауы, азаматтық соғыс, тәуелсіздік үшін күрес, билікке наразылық, жікшілдік т.т. Сонымен қатар аймақтардағы саяси тұрақсыздық кей елдерде қиын жағдайда тұрса, кейбіреуінде әскери қақтығыстар аракідік. Қалай дегенмен де, соғыстың үлкені мен кішісі болмайды.



  1. Мәтіндегі қарамен берілген көркемдегіш құралдарды теріп жазып, түрлеріне қарай ажыратыңыз. Бұл көркемдегіш құралдарды автор не үшін қолданды?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет