«Табиғат құбылыстары» ортақ тақырыбы бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні
Бағалаукритерийі
Тапсырма №
Оқужетістіктерініңдеңгейі
Төмен
Орта
Жоғары
Мәтіндегі оқиғаның себебін түсіндіреді
1
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруде және мәтіндегі оқиғаның себебін түсіндіруде қиналады.
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруде/мәтіндегі оқиғаның себебін түсіндіруде қателеседі.
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, мәтіндегі оқиғаның себебін түсіндіреді.
Мәтінді жоспар
бойынша толық мазмұндайды
2
Жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын баяндауда қиналады.
Мәтіннің мазмұнын айтады, жүйелілікті сақтауда / тілдік нормаларды/ сөйлем құрылымын сақтауда қателіктер жібереді.
4.3.4.1* Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру
4.3.2.1 Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
4.4.1.1* Шағын сюжетті комикс/ буклет/ коллаж/ жарнама/ презентацияны сөйлемдермен толықтыру
4.5.1.5* Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, жай және құрмалас сөйлем құрастыру
Бағалаукритерийі
Білімалушы
Мәтіннің мазмұнына қатысты сұрақтарға жауап береді
1-тапсырма. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Біз табиғаттың байлығын көп пайдаланамыз. Бірақ бізге табиғатты қорғау да қажет. Біздің елімізде «Халықаралық табиғат қорғау қоғамы» бар. Оның басты мақсаты – саны азайып, жойылып бара жатқан аң-құстарды, өсімдіктерді қамқорлыққа алып, арнайы кітапқа жазу. Мұндай кітапты «Қызыл кітап» деп атайды. Оның қызыл және сары парақтары бар. Қызыл парағына жойылып бара жатқан жануарлар, ал сары парағына саны аз аң-құстар, өсімдіктер жазылады. Қазақстанның Қызыл кітабына қызыл қасқыр, Тянь-Шань қоңыр аюы, барыс, қарақұйрық, Алтай арқары сияқты сирек кездесетін жануарлар енгізілген. Бұл жануарлардың саны қорегінің азаюынан, бағалы терісі мен мүйізі үшін аулаудың салдарынан сиреп кеткен.
Адам – табиғаттың бір бөлшегі. Адамдар табиғатсыз өмір сүре алмайды.
Табиғатты аялай білуіміз керек.
«Халықаралық табиғатты қорғау қоғамын» құрудың мақсаты не?
саны аз аң-құстарды, өсімдіктерді зерттеу
саны көп аң-құстарды арнайы кітапқа жазу
саны көп аңдар мен құстар туралы хабарлап отыру
саны аз аң-құстарды, өсімдіктерді қамқорлыққа алу
Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтыр.
Қызыл кітаптың қызыл түсті парағына
жазылады.
Қызыл кітаптың сары түсті парағына
жазылады.
Мәтіннен қандай ой түйдің?
2-тапсырма.
Суреттерге мұқият қара. Оқиғаның ретін анықтап, сандармен белгілеп көрсет (1,2,3,4). Берілген суреттер негізінде шағын мәтін құрастырып жаз (6-8 сөйлем).