Отанға деген сүйіспеншілік, сыртқы жаулардан елін, жерін
аман сақтап қалу, ата - баба дәстүріне өте сезімталдықпен қарау. “Парыз — ақыл - ой, сезім, ерік - жігер, ар - ождан, абырой, әділдік, шындық, сүйіспеншілік сияқты қасиеттерді қамтиды…, және де Парыздан мықты күш жоқ, Парыздан берік сауыт жоқ, Парыздан нәзік сезім жоқ, Парыздан қатал қазы жоқ”, — дейді халық батыры Бауыржан Момышұлы. Қымбатты жас өрен, қай заманда болмасын тарихтың қозғаушы күші сол дәуірді тудырған әйгілі тұлғалар. Халқымыздың ұлы ақыны Абай “адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады”, - деген тұжырым жасайды. Ал отансүйгіштік рухтың өзі адам бойындағы рухани - адамгершілік сезімнен бастау алады. Қазақстандық патриотизм – еліміз бен жеріміздіңің тәуелсіздігі, білім мен ғылымда, мәдениетте, спортта әлемдік сатылардың биік шыңынан көріне білу.