«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде емес) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы



бет11/12
Дата24.10.2023
өлшемі1,17 Mb.
#188040
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
FRESHGRADUATES OSh SOCh Kazakhskiy yazyk i literatura T2 11kl
Сценарий Жас Кыран, Документ Microsoft Word, 1625031646 1 (копия), Klassnyj chas, ОШ СОЧ Русский-язык-и-литература 11-класс-1, ОШ СОЧ Алгебра и начала анализа ЕМН 11 класс каз (1), ОШ СОЧ Алгебра и начала анализа ЕМН 11 класс каз (1), ОШ СОЧ Алгебра и начала анализа ЕМН 11 класс каз (1), ОШ СОЧ Алгебра и начала анализа ЕМН 11 класс каз (1), Жүнісжан А.Ж.-3, Родной язык (русский). Начальное общее образование, ormo russkiy yazyk 2 etap resheniya 10-11kl 1 variant (2), Движения собак Р.П. Эллиот-6
Барлығы

45

30



«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Тыңдалым
Толеранттылық қай кезеңде болсын ізгілікті іс ретінде саналған. Ол – рухани бірлікке апарар жол. Толеранттылық, төзімділік түрлі адамдар өмір сүретін ортада өзара сыйластық пен құрметтің ортаймауына ұйытқы болады. Толеранттылық бар жерде адамдардың құқығы мен бостандығы сақталады. Негізінен, әр адамның татулықты қалауы – қоғамның тұтастығын қамтамасыз етудің бір тетігі. Жалпы, толеранттылық үрдіс қалыптаспай, өркениетті қоғам құру мүмкін емес. Ортадағы төзімсіздік, шыдамсыздық түрлі дау-дамайға, тәртіпсіздікке, адам құқығының бұзылуына алып келеді. Кейбір қоғамдарда орын алып жатқан нәсілдік кемсітушіліктер, күмәнді таптаурын көзқарастар, дінаралық, ұлтаралық түйткілдер осы төзімсіздіктің салдары. Төзбеушілік орын алған жерде оған қарсы күш пайда болады. Бұл өзара жанжалдың ушығуына апарып соғады. Жеке адам өз бойындағы төзімсіздікпен күресуі үшін, алдымен қоғамдағы жағымсыз құбылыстарға, кесірлі топтарға қатысты өзінің байсалды ұстанымын қалыптастыра білуі қажет. Сондай-ақ, әр адам өзіне «Мен өз ортамда төзімділік көрсетіп жүрмін бе?», «Өзімнің көзқарасыммен келіспейтіндерді қабылдай алып жүрмін бе?» дегендей мазмұнда сауал қоюы керек. Осы арада француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюперидің: «…Егер сен мен сияқты болмасаң, сол үшін сені кемсітпеймін, қайта құрметтеймін», – деген сөзін келтіре кетейік. Бұдан біз өзгенің наным-сенімін, өмірлік ұстанымын сыйлау, сондай-ақ, жаратылыстар болмысының әртекті келетініне түсіністікпен қарау қажеттігін ұғамыз.
Әлемнің кереметі – ондағы тіршіліктің әртектілігінде екенін де ұмытпағанымыз жөн. Жер бетінде өзіндік ерекше мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы бар түрлі ұлттар тұрады. Жер жүзіндегі адамдардың түп-тамырына үңілер болсақ, олардың бір-бірімен жіпсіз байланысты екеніне көз жеткіземіз. Осы өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсу үшін, біріншіден, толеранттылық керек. Адамдар бір-бірінің нәсіліне, ұлтына, жынысына, жас ерекшеліктеріне қарамай, өзара сыйласуға ұмтылуы адамзаттың үлкен жетістігі деп бағалануы тиіс. Толеранттылыққа, төзімділікке, ынтымақтастыққа, өзара келісімге ұмтылу – Жер жүзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, адамдардың бостандығы мен құқығын сыйлауға, бақытты өмірге қадам басуға мүмкіндік береді. (255 сөз)

1-2. Берілген сөз тіркестерінің мағынасын мәтін мазмұны бойынша түсіндіріңіз.





Сөз тіркесі

Мағынасы

толеранттылық


төзімділік


[2]
3-4. Көп нүктенің орнына берілген сөздердің қажеттісін қойыңыз.
бірлікке/жанжалға/ әлемнің/аяққа тапталуына / құрметтеуге/

А. Ортадағы төзімсіздік, шыдамсыздық түрлі .................., тәртіпсіздікке, адам құқығының .................................... алып келеді.


[1]

В. Толеранттылыққа, төзімділікке, .........................., өзара келісімге ұмтылу – ........................ қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, адамдардың бостандығы мен құқығын .........................., бақытты өмірге қадам басуға мүмкіндік береді


[1]
5. Мәтін мазмұнына сай келетін ақпараттарды анықтаңыз.

Ақпараттар

Шын

Жалған

Толеранттылық болмаған жерде дамыған орта құруға мүмкіндік жоқ.

+




Жер бетіндегі тіршіліктің түрлі болуы әлемнің ғажайыптылығы екені ұмытпау қажет.

+




Әлем халықтарының арасында өзара байланыс жоқ




+

[1]


Оқылым
Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастар, яғни біздер. Қоғамның қозғаушы күші жастар екенін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үнемі айтады. Бүгінгі жастардың ерекше ұрпақ екенін қайталаудан жалықпайды.
Ерік-жігері күшті жастар ел ертеңі мен өз болашағы үшін бүгінгі бос уақытын қалт жібермеуі керек. Бос уақыт көп, жұмысымыз жоқ болып жатса, кінә өзімізден. «Қарны тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» деп, Абай ақын айтпақшы, расында да еріккен жанның ойына түрлі жамандықтар келіп, жат қылықтарға, қылмысқа бой алдырары сөзсіз.
Уақыт демекші, біз, жастар, осы уақытты қалай пайдаланып жүрміз? Бос уақытымызда қандай іспен шұғылданамыз? Сол секілді қаншалықты тырысқанымызбен уақытты жүйелі пайдалануға дағдыланбай жататынымыз да белгілі. Бос уақытты тиімді пайдаланатын немесе жұмысбасты адамның бөтен пиғылды ойлауға мұршасы да болмайды.
Уақыт қашанда адам баласы үшін қымбат нәрсе болып келеді. Біз әрдайым уақытқа кіріптар екенімізді ұмытпауға тиіспіз. Берілген бос уақытқа бейғам қарамай, кездескен жат қылықтан қашық жүріп, қоғам үшін қандай да бір игі іс жасауға дағдылануымыз керек.
Бос уақыттың жастар өміріндегі рөлі орасан. Жұмыс пен оқудан тыс мезетті тиімді өткізу мақсатында қазір қоғамдық бірлестіктер қандай шаралар атқарып келеді? Жастардың таным-түйсігін арттыру, денсаулығын нығайту, шығармашылыққа баулу жолдарында атқарылатын қызметтер өз үдесінен шығып жүр ме? Бұл ретте қалалық Жастар саясаты басқармасының ұйытқы болуымен Алматыда «Дүйсенбілік футбол» өтіп жүр. Бұл шараның басталғанына биыл – үшінші жыл. Шараның басты мақсаты – базарда қарапайым жұмыс істеп, еңбегін маңдай термен адал тауып жүрген азаматтарға көңіл бөлу, бір сәт қуаныш сыйлау. Футболдан бөлек волейбол ойынын да кіргіздік. Биылдан бастап үстел теннисінен жарыс өткізу жоспарда бар. (249 сөз)

6. Мәтіннен сөздердің синонимін тауып жазыңыз.


айналысу-________________________ [1]
естен шығармау-__________________ [1]

7-9. Сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап беріңіз.


А. Қолы бос адамдар қандай теріс әрекеттерге барады?
___________________________________________________________________________
[1]
В. Жастар саясаты жастарға арнап қандай шаралар ұйымдастыруда?
___________________________________________________________________________
[1]
С.Ұйымдастырылған шаралардың мақсаты қандай?
___________________________________________________________________________
[1]
10. Мәтіннің негізгі идеясы қандай. 1 сөйлеммен түсіндіріңіз.
___________________________________________________________________________
[1]
11. Қазіргі жастар бос уақытын тиімді өткізеді деп ойлайсыз ба? Ойыңызды ПОПС формуласы негізінде түсіндіріңіз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[4]


Жазылым
Екі сұрақтың біреуін таңдап, жауап жазыңыз. Сөз көлемі: 200-250. Өз жауабыңызды тиісті стильге, жанрға келтіріңіз.
[10]



  1. Қазақстан халқының толерантты болуы саяси мәселелерді шешуге ықпал етеді ме? Ойыңызды дискуссивті эссе түрінде жеткізіңіз. Жазба жұмысында оқшау сөздерді орынды қолданыңыз.




  1. Мемлекет қауіпсіздігін сақтауда халықаралық ұйымдардың маңызы қандай? Ойыңызды аргументативті эссе түрінде жеткізіңіз. Жазба жұмысында оқшау сөздерді орынды қолданыңыз.



Айтылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, пікір білдіріңіз.



  1. Қазақстан – толерантты ел

  2. Бос уақытты пайдалы өткізу

  3. Халықаралық ұйымдар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет