«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы



бет8/17
Дата25.10.2023
өлшемі362 Kb.
#188252
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
« аза тілі» п нінен (о ыту аза тілінде) то санды жиынты ба
доклад род собрание июнь
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут

Оқылым – 15 минут


Жазылым – 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі
Балл саны: 30


Тапсырмалар түрлері
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі - тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі - оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы





*Тапсырма




Қамтылатын мақсаттар




Тапсырма лар

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау

Балл



















түрлері

уақыты, мин




1

6.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру

Толық жауапты
қажет ететін
сұрақтар

Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға мәтіндер беріледі. 1-оқушы тиісті мәтінді оқып немесе тыңдап болған соң, онда көтерілген мәселені өмірмен байланыстыра отырып, өз сөзімен баяндайды. Бұл уақытта 2-оқушы тыңдайды. Сонан соң жұбының мәтіні бойынша жалпы мазмұны және нақты ақпаратқа бағытталаған екі сұрақ қояды. 1-оқушы сұрақтарға жауап береді. Сонана соң кезек 2-оқушыға беріледі.

Тыңдалым мен
айтылым
сабақтан тыс,
қосымша уақытта
өткізіледі (әр
білім алушыға 3-5
минут беріледі)

10

1

6.2.3.1 ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажырату;



Қысқа
жауапты қажет
ететін сұрақтар

Оқушылар екі мәтінді оқып, оларды жанрлық және құрылымдық ереркшеліктері тұрғыдан салыстырып, кестені толтырады.

15

10

1

6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, өмірбаян құрастырып жазу

Жазбаша толық
жауапты қажет
ететін сұрақтар

Оқушылар жағдаятты негізге ала отырып, өмірбаян құрастырып жазады. Жазба жұмысын бағалауда олардың жанрлық ереркшеліктерді ескерулері мен жалпы сауаттылықтары басты назарға алынады.

25

10

Барлығы

40 минут

30

«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Астана – мәдениет пен өнер ордасы. Лексика
Тарихи тұлғалар. Лексика


Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма

  1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз (оқыңыз). Мәтіндегі ақпараттарды шынайы өмірмен байланыстырыңыз, мазмұндауда қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.

  2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша жалпы және нақты ақпараттарға қатысты 2 сұрақ қойыңыз.

[10]

1-мәтін
«Астана Операның» бас сахнасының көлемі – 935 шаршы метр. Бас сахнаның ені 21 метрді, ал тереңдігі – 59 метрді құрайды. Ал «Ослодағы опералық театрдың үлкен сахнасының ені небары 16 метр, ал тереңдігі 40 метр», - дейді Мұхтар Абрарұлы. Астанадағы жаңа театрдың қосымша екі бүйірлік сахнасы бар. Театр сленгінде «қалта» деп аталатын бұл сахналар қажет кезде дайын декорацияларымен жылжи жөнеледі. Сөйтіп, қойылымдар циклінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Осының арқасында «Астана Операда» ең күрделі спектакльдерді сахналауға мүмкіндігі мол.


«Астана Опера» залына 1 мың 250 көрермен сияды. Оның партері 450 көрерменге арналған. Басты зал аттың тағасына ұқсас формаға ие, «Ла Скала» сынды әлемдік үздік опера театрлары залына ұқсатып, бірнеше қабат етіп жасалған, бірақ ұлттық үлгіде өрнектелген. Мұның сыртында ғимаратта 8 қосымша зал, 11 репетициялық орынжай, 250 орындық камералық музыка залы, баспасөз залы және басқа да функционалдық бөлмелер бар.


2-мәтін
«Астана-Бәйтерек» монументі – елордамыз Астана қаласының негізгі нышаны, оның визитті карточкасы деуге болады. Жалпы, бәйтерек - ежелгі таным бойынша, тылсым қасиетке ие алып ағаш. Бәйтерек байырғы орта түсінігінде жердің дәл кіндігінде өсетін, тамыры жерасты, діңі адам әлемі, басы рухтар мекені болып табылатын көк тіреген алып ағаш. Бәйтерек ежелгі түркі сөзі, «бәй» - үлкен, алғашқы деген ұғымдарды, ал терек (парсы тілінде - дарақ) «ағаш» деген ұғымды білдіреді. Демек «Бәйтерек» екі сөздің бірігуінен жасалып, «зәулім ағаш» дегенді танытады. Оның идеясында «Самұрық» қасиетті құсы туралы ежелгі қазақ аңызы жатыр. Қанатымен аспанды жауып, «Самұрық» тұр. Бәйтерек тіршілік тірегіне қарай ұшып келеді. Бәйтеректің ортасында өмір мен үміт беретін алтын жұмыртқа Күнге негіз салуда. Ал астында, тамырында айдаһар орналасып, түн мен қысты шақыруда. Монумент ұзын темірлі құрылымдардан, шыныдан, металдан, бетоннан тұрғызылған. Алып шардың түсі хамелеон шынылармен көмкерілген. Күннің шапағына шағылысып, әртүрлі түске құбылып тұрады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет