Қазақ тілі пр актикумы орыс аудиториясына арналған жаттығулар



бет3/15
Дата18.02.2017
өлшемі1,77 Mb.
#9899
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

1. Қарақат қайда тұрады?

____________________________________________________________

2. Үйі неше бөлмелі?

____________________________________________________________

3. Жұбайы мен балаларының есімдері кім?

____________________________________________________________

4. Дәулет қайда жұмыс істейді?

____________________________________________________________

5. Қарақат әсіресе қай бөлмеде болғанды ұнатады?

____________________________________________________________

6. Жиһаздары туралы айтыңыз.

____________________________________________________________

7. Балаларының бөлмелерін қалай жабдықтаған?

____________________________________________________________

3. Суретті әңгімелеңіз.

Өзім және отбасым

36 Қазақ тілі практикумы

4. «Менің бөлмем» тақырыбына мәтін құраңыз.

5. Жиһаз атаулары мен бөлмелерді сәйкестендіріңіздер.

1. Төсек Ас бөлме

2. Қол жуғыш Намаз оқитын бөлме

3. Ойыншық Жуынатын бөлме

4. Жайнамаз Қонақ бөлме

5. Диван Балалар бөлмесі

6. Қысқа толқынды пеш Ұйықтайтын бөлме

6. Диалогты жалғастырыңыз

-Тұмар, маған сенің бөлмең қатты ұнайды.

-Рахмет, ата-анам бөлмемді жабдықтарда дизайнерлерден кеңес алған болатын.

-Тамаша, сонда барлығын арнайы маманның көмегімен жабдықтадыңдар ма?

-Жоқ, әрине. Мына қабырғадағы сурет пен жұмсақ орындықтарды мен

таңдағанмын.

- .................................................................................................... ..............

- .................................................................................................... ..............

- .................................................................................................... ..............

- .................................................................................................... ..............

7. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сіз қай жерде тұрасыз?

————————————————————————————————

2. Пәтеріңіз неше бөлмелі?

————————————————————————————————

3. Қандай жиһаздарыңыз бар?

————————————————————————————————

4. Үйіңіз туралы айтып бере аласыз ба?

————————————————————————————————

Грамматикалық тақырып: Тәуелдік жалғау

В казахском языке имеется категория принадлежности, которая обозначает

принадлежность предмета к первому, второму, третьему лицу. В этих

сочетаних выражаются одновременно и предмет обладания, и лицо

обладателя. При присоединении аффиксов принадлежности к основам

существительных, соблюдается гармония гласных звуков.

1. Қазақ тіліне аударыңыз:

Это наш институт. Мой друг Асан, твой друг Дархан. Чья это школа? Это

моя школа.Это его карандаш. Это Ваш стул. Садитесь. Ваш друг хороший,

молодой человек. Наши соседи. Это моя книга а это его книга.

37

2. Сөздерді жекеше, көпше түрінде үш жақта тәуелдеңіз.



әке, іні, апа, қарындас.

3. Бағандандардағы сөздерді сәйкестендіріңіз, орыс тіліне аударыңыз.

1. Менің Аталары

2. Сенің Анамыз

3. Сіздің Қарындастарың

4. Оның Інілеріңіз

5. Біздің Ата-анаңыз

6. Сендердің Отбасым

7. Сіздердің Пәтерің

8. Олардың Баласы

4. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз, тәуелдік жалғауымен

тұрған сөздерді көшіріп жазыңыз.

Менің аты-жөнім... . Жасым... . Ұлтым... . ... қаласында тұрамын. ... інілерім,

ағаларым, қарындастарым бар. Мен оларды жақсы көремін, сыйлаймын.

5. Төмендегі сөздерге ІІІ жақта тәуелдік жалғауларын жалғап шығыңыз.

Ата-ана. Ата -әже. Әке.Ана.Бала. Күйеу бала. Қыз. Ұл. Тұңғыш. Ортаншы.

Кенже.Ата. Апа. Келін .Жеңге. Жезде. Немере.Сіңлі. Қарындас. Іні. Аға.

Жиен. Бөле. Нағашы.Ағайын. Бауыр.

6. Тәуелдік жалғауларын жалғаңыз

Бала... Апа...

Ата-ана... Ата...

Менің Ата... Біздің Сіңлі...

Сенің Әже... Сендердің Жұбай...

Сіздің Бауыр... Сіздердің Нағашы...

Оның Қарындас... Олардың Дос...

Әйел... Көрші...

Іні... Отбасы...

7. Тиісті сөздерді қойыңыз.

... балам. Менің ...әжең

... қыздары Сенің ...сіңлісі

... ұлдарың Сіздің ...ағаңыз

... отбасымыз Оның ...бауырларыңыз

Біздің

Сендердің



Сіздердің

Оладың


38 Қазақ тілі практикумы

8. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсініңіз, жаттап алыңыз.

1. Ер жігіттің аты жақсы болса, бір бақыт,

Алған жары жақсы болса, мың бақыт.

2. Ата-ананың қадірін

Балалы болғанда білерсің;

Ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің.

3. Ақ жаулығы ананың-Ақ көрпесі баланың.

4. Ана көрген тон пішер,

Ата көрген оқ жонар.

5. Атаңа не қылсаң,

Алдыңа сол келер.

6. Ұлың үйленсе-ырысың,

Қызың орын тапса-өрісің.

7. Туғаным- туырлығым,

Қарындасым- қазынам.

9. Сөздік диктант.

Інім, отбасы, әжелер, жеңге ата-ана, ұлдары, туыстар, бүкіл, ешкім, барлығы,

сұлу, ұзын, бұйра шаш, үлкен, жақсы, аз, көп, ақкөңіл, елдер, қыздар, жиһаз,

кең бөлме, пәтер, кімнің, үйім, қызым, қарындасыңыз, атасы, балаларымыз,

інілеріңіз, олардың, біздің, сендердің, менің, сенің,

Қорытынды тест

1. Тиісті сөзді қойыңыз. « Ана ...»

а) жүрек


ә) мейірім

б) тіл


в) алақан

2. Түркі тілдерін көрсетіңіз:

а) орыс, украин, татар

ә) араб, тәжік, қырғыз

б) әзербайжан, құмық, қытай

в) қазақ, қарақалпақ, түрік

3. Ана тілің ... бұл.

а) анаң


ә) намысың

б) арың


в) ұятың

4. Қал-жағдайыңыз қалай?

а) жақсысыз

ә) жақсысың

39

б) жақсы


в) жақсысыңдар

5. Тиісті сөзді қойыңыз. « Сәлем ...»

а) апар

ә) аман


б) айт

в) қал-жағдай

6. Тиісті сөзді қойыңыз. « ... қуаныштымын»

а) танысқаныма

ә) таныс

б) болайық

в) сіздерде

7. Тиісті әріпті табыңыз. « ...ылым»

а) -қ

ә) -ғ


б) -һ

в) -г


8. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

а) 15


ә) 25

б) 42


в) 33

9. Ежелден қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу?

а) 15

ә) 28


б) 42

в) 3


10.бас...

а) - дар


ә) - тыкті

б) - тықтар

в) - шыге

11. Бала...

а) - ге

ә) - нан


в) - мен

г) - тан


12. кітап...

а) - ка


ә) - ке

б) - қа


в) - те

13. Кім?


а) алма

40 Қазақ тілі практикумы

ә) көбелек

б) күшік


в) күйші

14. Не?


а) тас

ә) тілші


б) кісі

в) ол


15. жүре ...?

а) ме


ә) ма

б)ба


в) бе

16. Мына қалам жаза ма?

а) жаза

ә) жаз


б) жазады

в) жазам


17. Бұл кімнің отбасы?

а) сіздерге

ә) сіздерде

б) сіздерді

в) көршінің

18. Ата-а) ана

ә) бала

б) отбасы



в) шеше

19. Аудармасын табыңыз. «Родственник»

а) тамыр

ә) нағашы

б) бауыр

в) туыс


20. Сілтеу есімдігін табыңыз

а) әр


ә) бұл

б) әрқашан

в) әлдекім

21. Есімдіктерді көрсетіңіз

а) бұл, ешқашан

41

ә) анау, бақыт



б) бәрі, бала

в) сен, туыс

22. Аудармасын табыңыз. « Әлдекім»

а) кто-то

ә) тот

б) этот


в) эти

23. Ақ...

а) еңбекқор

ә) ақыл


б) көңіл

в) сабыр


24. «Қандай адам?»

а) амандық

ә) адамгершілігі мол

б) адамгершілік

в) адамдық

23. Аудармасын табыңыз. « Больше»

а) үлкендер

ә) үлкен


б) үлкендеу

в) үлкентеу

24. менің ...

а) пәтерім

ә) бөлмеміз

б) көше


в) Алматы қаласым

25. Аудармасын табыңыз. «жарық бөлме»

а) светлая комната

ә) темная комната

б) теплая комната

в) светлые комнаты

26.Көптік жалғауын жалғаңыз. Пәтер...

а)-лар


ә)-дер

б)-тер


в)-лер

27. «Ножницы» аудармасын табыңыз

а) қайшы

ә) қайшыдар

б)қайшытар

в)қайшыдер

28. Көптік жалғауларын көрсетіңіз

42 Қазақ тілі практикумы

а) -лар,-лер/ -бар, -бер/-тар/ -тер

ә) -тар,-тер/ -лар, -лер/ -дар -дер

б) -дар,-дер/ -ып, іп/ -п

в) -лар,-лер/-нар,-нер/ -дар, -дер

29. Тәуелдік тұлғасындағы сөз тіркесін көрсетіңіз

а) Мен –қазақпын

ә) олар жастар

б) Жомарттың әкесі

в) Астанадан келді

30.ІІІ жақ тәуелдік жалғауын табыңыз

а) - сы, -сі/ -ы, -і

ә) - мы, -мі/ -ы, -і

б)-лы,-лі/ -ты,-ті

в) - 0


3. Менің жұмыс орным

Лексикалық тақырып: Жұмыс орным, жұмыс күні

1. Мәтінді оқыңыз, мазмұнын айтыңыз.

Менің есімім Ақбота. Мен Ұлттық кітапханада, кітапханашы болып

жұмыс істеймін. Кітапхана Абай даңғылында орналасқан. Жұмыс орным

екінші қабатта.

Жұмысқа таңертең сағат 8.00-де келемін. Жұмыс орнын ретке келтіремін,

компьютерді іске қосамын. Жұмыс сағат 8.30-да басталады. Мен

оқырмандарға керекті кітаптарын тауып беремін. Түскі үзіліске 13. 00-де

шығамын. Төменгі қабатта орналасқан асханадан тамақтанамын. 14.00-де

жұмысымды жалғастырамын. Жұмысым сағат 18.30-да аяқталады.

Мен өз жұмысымды жақсы көремін.

43

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.



1. Ақботаның мамандығы қандай?

————————————————————————————————

2. Жұмыс орны қай жерде орналасқан?

————————————————————————————————

3. Жұмысына қай уақытта келеді?

————————————————————————————————

4. Ол не істейді?

————————————————————————————————

5. Түскі үзіліске қашан шығады?

————————————————————————————————

6. Жұмысы сағат нешеде аяқталады?

————————————————————————————————

3. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Жұмыс істеймін, көшесінде орналасқан, екінші қабат, таңертең сағат, 8.30-да басталады, түскі үзіліс, өзіме ұнайды. 18.30-да аяқталады.

4. «Менің жұмыс орным» деген тақырыпқа мәтін құраңыз. Мазмұнын

айтыңыз.


Диалогтарды оқыңыз, әріптесіңізбен жалғастырыңыз.

А)

-Әйгерім,сенің жұмыс орның ауысты деп естідім.



Менің аты-жөнім Бағлан Әрсенұлы. Мен

оқытушымын. Жұмыс орным Гагарин даңғылының

бойында орналасқан. Жұмыс бөлмем төртінші

қабатта. Маған жұмысым ұнайды. Ал, сіз кімсіз?

44 Қазақ тілі практикумы

-Иә, Мақпал жұмысымның ауысқанына он күндей болды.

-Жаңа жұмысың ұнай ма?

-Ұнайды, бірақ, жаңа орын, жаңа әріптестерге әлі де үйрене алмай жүрмін.

- .................................................................................................... .............

- .................................................................................................... .............

- .................................................................................................... .............

- .................................................................................................... .............

Ә)

-Мына бөлме кімнің бөлмесі?



-Бұл менің жұмыс бөлмем. Үйге келген соң, кешкі уақытта осы бөлмеде

отырып жұмыстарымды аяқтаймын, ертеңгі күнге жоспар құрамын.

-Бөлмең жылы, жанға жайлы екен.

-Рахмет .................................................................................................... .. ?

- .................................................................................................... .............

- .................................................................................................... ............. ?

- .................................................................................................... .............

Б)

- Тоғжан, сенің кеңсең қай жерде?



-Менің кеңсем Достық даңғылы мен әл-Фараби даңғылдарының

қиылысында.

-Нешінші қабатта?

-Тоғызыншы қабатта ................................................................................. ?

- .................................................................................................... .............

- .................................................................................................... ............. ?

- .................................................................................................... .............

5. Суретке қарап, жұмыс бөлмесін әңгімелеңіз

6. Жақша ішіндегі сөздерді аударып жазыңыз.

В казахском языке, в отличие от русского существуют личные окончания,

а слова с личными окончаниями всегда являются сказуемыми. Эти

окончания присоединяются не только к спрягаемым формам глагола, но

и к другим словам, обычно в предложении выступающем в качестве

сказуемого.

Бұл менің жұмыс (кабинет). Бөлмем (теплый) әрі (просторный). Мұнда

(большой стол, стулья, бумаги, документы, полки, компьютер, ручки, печать,

штамп, телефон, герб, флаг, портрет президента) бар. Жұмыс орным

Абылайхан көшесі мен Құрманғазы көшелерінің (пересечений)

орналасқан.Өзім (моя работа) жақсы көремін.

7. Сөздерді ретімен орналастырыңыз.

1. орны, оның, алыста, жұмыс.

45

4. кеңселері, ауысты,олардың.



5.үлкен, бұрынғы, қарағанда, бөлмеге.

6.мен, Байтұрсынұлы, Қабанбай батыр, көшесі, көшесінің, тұрған, ғимарат,

қиылысында.

7.үстелде, жатыр, қағаз, құжаттар, қалам.

8. Әріптестеріңізбен «Ал, сіз кімсіз?» ойынын ойнаңыздар.

9. Берілген сөйлемдерді аяқтаңыз.

1. Бұл кісі Сыртқы істер министрі. Аты-жөні...................., Жұмыс орны............

қаласында, ............. көшесінде,............ қабатта орналасқан.

2. Бұл кісі Әділет министрі. ....................................................................... ...............

.................................................................................................... .....................................................

3. Бұл кісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі...............................

.................................................................................................... .....................................................

4. Бұл кісі Қорғаныс министрі ...................................................................... ..........

.................................................................................................... ....................................

Интернет басылымдары әлемдегі ең қызық мамандықтардың тізімін жасап-ты. Соларды назарларыңызға ұсынып отырмыз. Токиода бір мамандық түрі

пайда болыпты. Ол – қарапайым әңгімелесуші. Миллиондаған халқы бар

үлкен қалада жалғызсырап жүрген кез-келген адам әңгімелесушінің көмегі-не жүгіне алады. Бұл үшін кісі көп шоғырланған көшелерде арнайы

дүңгіршектер орнатылған. Кәсіби әңгімешілер аптасына 10 мыңға жуық адам-ның сырына қанығады екен.Ал, Жапонияда жазушылардың беделі басым.

Өздерін райтер деп атайтын бұлардың қарапайым жазушыдан айырмашы-лығы – SMS-хаттар дайындайтындығында. Ұялы байланыс операторлары-ның айтуынша, жапондықтар күніге бір-біріне 2 млрд-қа жуық хабарлама

жібереді екен. Ал, жазғыштар ерекше хат үшін 1 цент «қаламақы» сұрайтын

көрінеді. Күнасты мемлекетінде тағы бір қызмет түрі пайда болды. Қытайдың

кез-келген қаласынан қоғамдық дәретханалар гидін кездестіруге болады. Бірақ

гидтің жол нұсқағаны үшін 4 цент төлеуіңіз тура келеді.Әрбір ағылшын өмірінің

бір жылын кезекке тұрумен өткізеді екен. Енді олардың 40 доллар төлеп,

алтын уақытын тиімді жұмсауға мүмкіндігі бар. Британияда ашылған жаңа

мекеме кезекке тұрумен айналысады. (интернет материалынан)

10. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

Асан работает водителем трамвая №6. Он живет в городе Алматы. Лейла

сидит у начальника. Я работаю здесь. В каком кабинете сидят сотрудники?

Мой кабинет находится на четвертом этаже.Я очень люблю свою работу.

Обеденный перерыв с 13. 00 до 14.00. Собрание закончится через два часа.

46 Қазақ тілі практикумы

Грамматикалық тақырып: Жіктік жалғау

1. Тиісті жалғауларды жалғаңыз.

Мен мұғалім... , сен дәрігер..., сіз озат студент..., ол жақсы әріптес..., біз

еңбекқор құрылысшылар..., сендер тәжірибелі спортшы..., сіздер білікті

маман..., олар атақты ғалымдар... .

2. Сөздерді жіктеңіз.

Жіктеу ес-рі Жіктік жалғаулары жекеше және көпше түрде

Мен Бағбан+... Суретші+... Мұрап+... Студент+... Шаштараз+... Аспаз+...

Сен

Сіз


Ол

Біз


Сендер

Сіздер


Олар

3. «Маман» сөзін жіктеңіз

Мен Біз

Сен Сендер



Сіз Маман ... Сіздер Маман ...

Ол Олар


4. Тиісті жіктеу есімдіктерін қолданыңыз.

... шаш қиямын. ... ертең келеді. ... егістікке бар. ... дәрігерден келдіңіз бе? ...

келесі жылы диплом аламыз. ... білікті мамандар. ... тәжірибелі

сатушысыңдар. ... білімді оқытушысыздар.

5. Өлеңді мәнерлеп оқыңыз. Жіктеу есімдіктері мен жалғауларын тауып

астын сызыңыз.

Мұқағали Мақатаев

Менің анкетам

-Туған жерің?

- Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.

- Туған жылың?

- 1931. Құрдасымын Шәмілдің.

- Жынысың кім?

- Еркекпін ғой, еркекпін!

Және дағы тәуірмін...

47

-Партияда барсың?



-Жоқпын.

Бірақ коммунистік көзқараспен қараймын.

-Шыққан тегің?

-Шаруамын.

Бар тірліктен бағалы оны санаймын.

-Білімің ше?

-Орташа ғой.

Алайда өзім жоғарыға балаймын.

-Ана тілің?

-Қазақша.

-Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.

-Қайда істедің?

-Мынау «Еңбек кітапшамнан» тауып ал.

Оқымаған, дипломсыз демесең,

Бір басымнан бар мамандық табылар.

-Міндеттісің бе әскерге?

-Міндеттімін.

Біздің әлі жас кеуде.

Жауынгердің ұлымын ғой,

Жанын қиған Мәскеуге.

-Сөгіс алып көрдің бе?

-Ол жағынан періште едім дей алмаймын

Мен мүлде.

Ойлы-қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету,

Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де...

-Шетелдерде болдың ба?

-Болғаным жоқ.

Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.

Қалсам болды, өлсем болды жайыммен,

Осы отырған орнымда-ақ.

-Мекен-жайың?

-Мекен-жайым –жер менің.

Жерде жүрген ақын деген пендемін.

Қалам, қағаз, уақыт бер аздаған,

Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!

6. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

Меня зовут Торгын.Я живу в городе Алматы. Мне 20 лет. Я учусь в

Национальном Университете имени аль-Фараби. Я будущий юрист.

Получаю президентскую степендию. Я очень люблю свою специаль-ность.

48 Қазақ тілі практикумы

7. Үлгі бойынша сөйлем құраңыз.

1. Сәлем! Мен Мадина+мын. Мен отызда+мын. Мен Шымкенттен+мін.

Мен аудармашы+мын.

2. Амансың ба? Мынау менің досым Әсет. Ол инженер. Ол

Талдықорғаннан.Ол жиырма бесте.

3. Сәлеметсіз бе? Біз мектеп оқушысы+мыз. Біз он бірде+міз. Біз

Алматыдан+быз.

8. Сөз тіркесін құраңыздар.

Сіз Жақсы мінезіңіз

ол Ақылды баламыз

Сендер Бақытты студент

Сіздің Мейірімді анасың

Біз Жомарт жігітсіңдер

Сен әдемі қызсыз

9. Қарамен жазылған жалғауларды талдап, айтып беріңіз.

-Мен аспазбын, ал сен кімсің?

-Мен де, аспазбын.

-Сен қашаннан бері жұмыс істейсің?

-Былтырдан бері.

-Жасыңнешеде?

-Он сегіздемін.Ал өзіңіз нешедесіз?

-Мен отыздамын.

-Сендер қандай тағам түрлерін жасайсыңдар?

-Біз көбінесе шығыс тағам түрлерін жасай мыз. Сіздер қандай тамақ түрлерін

жасайсыздар?

-Біз әртүрлі ұлттық тағамдар жасаймыз.

49

Лексикалық тақырып: Мамандық. Менің әріптесім



1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.

Менің аты-жөнім Ақмарал Алтай. Мен Өскемен қаласында тұрамын.Мен-оралманмын.Қазақстанға Қытай Халық Республикасынан көшіп келгенмін.

Жасым отыз бірде. Отбасым бар. Математика пәнінің мұғалімімін.

Мамандығымды өзім таңдадым, себебі, есеп шығаруды бала кезімнен

жақсы көремін.Осы салада жұмыс істегеніме сегіз жылдан асты.

Жұбайымның есімі –Нұртас. Ол-дәрігер. Ол да өзінің мамандығын жақсы

көреді. Балаларымыз мектепте оқиды. Болашақта балаларымыз да өздері

қалаған мамандық иелері болады деп үміттенемін.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Бұл кісінің аты-жөні кім?

————————————————————————————————

2. Қай қалада тұрады?

————————————————————————————————

3. Қазақстанға қай жерден көшіп келген?

————————————————————————————————

4. Отбасы бар ма?

————————————————————————————————

5. Мамандығы кім?

————————————————————————————————

6. Мамандығын таңдауына кім көмектесті? Себебі неде?

————————————————————————————————

7.Жұбайының мамандығы кім?

————————————————————————————————

3. Суреттердегі маман иелерін табыңыз.

4.Диалогты мәтінге айналдырыңыз.

-Бұл кісі кім?

-Бұл кісі менің әріптесім Марат Бисенұлы. Мамандығы –қаржыгер.

-Лауазымы қандай?

-Бөлім бастығы.

-Өзі қандай адам?

-Адамгершілігі мол, қарапайым кісі. Өзінің мамандығын қатты жақсы

1. Бұл-құрылысшы 2. Бұл-етікші

50 Қазақ тілі практикумы

3. Бұл-сауыншы 4. Бұл-балықшы

5. Бұл-дәрігер 6. Бұл-әртіс

7. Бұл-мұғалім 8. Бұл-зергер

көреді.Барлық жұмысын тиянақты, аса бір ұқыптылықпен жасайды. Сол

үшін де бұл кісіні барлық әріптестері сыйлайды, құрмет тұтады.

-Марат Бисенұлының жасы нешеде?

-Жақында елуге толды.

5.Мәтіндердің мазмұнын айтыңыз. Қоғам қайраткерлерінің

түйіндемелерін жасаңыз.

Ғалым - Ахмет Байтұрсынұлы

А. Байтұрсынұлы – тек белгілі қоғам қайраткері ғана емес, сонымен

бірге ақын, көрнекті ғалым-тілші, публицист, аудармашы, қазақ тіл білімінің

негізін салушылардың бірі.

Ол 1873 жылы қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы

Ақкөл деген жерде туған. Оның Қазан төңкерісіне дейін шыққан «Қырық

мысал», «Маса», атты кітаптары халық арасына кеңінен тараған.

А.Байтұрсынұлы тіл білімінің дамуына зор үлес қосқан. Сонымен қатар

ол –қазақ мектептеріне арналған алғашқы оқулықтардың, сол сияқты әр

түрлі бағыттағы ғылыми еңбектердің авторы («Оқу құралы», «Әліп-би»,

51

1.Жүргізуші Сабырлық, төзімділік,еңбек өтілі,



тәжірибе,жолдыжақсы білу,

мамандықты сүю

2.Аспаз Тірек сөздер Икемділік, дастархан мәзірі,

түрлі ас, ұлттық тағам, тәжірибе,

біліктілік , дәмді тамақ,

Ұзақ жол, ашық мінез, кішіпейілділік,

2.Жолсерік жүрдек пойыз, Алматы-Мәскеу

«Тіл-құрал»т.б.)

А. Байтұрсынұлы қазақтың тұңғыш кәсіби газеті – «Қазақтың» бас

редакторы, республиканың Халық ағарту комиссары, Қазақстан

академиялық орталығының жетекшісі болып қызмет атқарған.

А. Байтұрсынұлы 1929 жылы қуғын-сүргінге ұшырап, 1938 жылы қаза

болған.

1988 жылы Байтұрсынұлы толық ақталды. Оның шығармалар жинағы


Каталог: uploads -> doc -> 087a
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
087a -> Сабақтың тақырыбы: Санды өрнектер. Санды теңдіктер. Тура санды теңдіктердің қасиеттері Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет