Қазақ тілі пр актикумы орыс аудиториясына арналған жаттығулар



бет4/15
Дата18.02.2017
өлшемі1,77 Mb.
#9899
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


1990 жылы «Жазушы» баспасынан басылып шықты.

Оның атымен көптеген мекеме, мектептер, Арқалық педагогика

институты мен Алматы қаласындағы бұрынғы Космонавтвр көшесі

аталады( осы көше бойында ғалым тұрған үй әлі күнге дейін сақталған).

Қазақстан Республикасы ҒА-ның Тіл білімі институты да

Бұл - Мағжан

Мағжан-кәсіпкер

Әңімелеңіз

Бұл - Ғани

Ғани - суретші

Әңгімелеңіз

Бұл - Сәуле

Сәуле - шаштараз

Әңгімелеңіз

52 Қазақ тілі практикумы

А.Байтұрсынұлы атында.

Әнші - Күләш Байсеітова

Күләш Байсеітова- ұлы әнші, қазақтың опера өнерінің негізін

салушылардың бірі, КСРО халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының

лауреаты.

Ол Қазақ музыка театрында жұмыс істей жүріп, қазақ, орыс және шетел

композиторларының, атап айтқанда: Е.Г.Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Ер

Тарғын», «Жалбыр», операларында Қыз жібек, Ақжүніс, Қадиша,

М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсында Сара, П.И.Чайковскийдің

«Евгений Онегинінде» Татьяна, Дж.Пуччинидің «Чио-Чио-Санында»

Баттерфляйдің бейнелерін жасады.

Күләш қазақ әдебиеті мен өнерінің 1936 жылы Мәскеуде өткен

онкүндігіне қатысып, КСРО халық артисі атағын алды. Бар-жоғы 24-ақ

жастағы әнші үшін бұл зор мәртебе, абырой еді, әлі күнге дейін мұндай

жетістікке ешкім жетіп көрген жоқ.

Алматыда оның атында орталық көше және музыкалық мектеп-интернат

бар. Әнші тұрған үйге ескерткіш тақта қойылған.

6. Қате көрсетілген мамандық түрін табыңыз.

7. Үлгі бойынша сөйлемдер құраңыз.

1.Мен-Бақытпын

Мен-балалар жазушысымын.

Мен «Балдырған» журналында жұмыс істеймін.

2.Сен-Арайсың

Сен-...

Сен ...


3. Сіз-Жасынсыз

Сіз-...


Сіз ...

8. Сөйлемдерді ретімен орналастырыңыз, мәтін құраңыз.

Айзере тәртіпті, сүйкімді бала. Менің нағашым бар. Жұбайының есімі -Меруерт. Ол өте білікті маман болғандықтан оны барлық әріптестері

сыйлайды. Қыздарының есімі- Айзере. Меруерт- экономист. Ербол тергеуші

болып жұмыс істейді. Оның қызметтік шені - аға лейтенант. Оның есімі -Ербол.

-шы,-ші (образуют существительные, обозначающие профессию человека

или склонность к чему-либо).

53

9.Қалаған мамандық түрін таңдап, шағын мәтін дайындаңыз.



10.«Кім жылдам?» ойыны. Шарты: мамандықтың барлық түріне бір-бірден сөйлем құрап айтыңыз.

Үлгі: 1. Айжан- тәрбиеші.

2. Әкем тәжірибелі мұғалім.

3.

4.



5.

6.

7.



11. Әңгімелеңіз

12. Дұрыс жазылған сөйлемге (+), бұрыс сөйлемге( - ) белгілерін қойыңыз

1. Мен заңгермін. 1.

2. Сіз балықшысың. 2.

3. Сендер сатушысыздар. 3.

4. Менің есімім Санжар. 4.

5. Оның нағашым ауылда тұрады. 5.

6. Сен беделді қызметкеріміз. 6.

7.Біздің танымал бишіміз. 7.

13. Сөйлемдерге сұрақ қойыңыз.

1. Өмірде мамандықтың түрі көп.

2. Мен тіл маманымын.

3. Нағашыларым ауылшаруашылығымен айналысады.

4. Жақсы маман болу үшін зерделі, еңбек сүйгіш болу керек.

5. Менің ағам «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында жұмыс істейді.

14. Жұмбақ өлең жолдарын оқып, жауабын табыңыз.

1. Арманы бала оқыту,

Зердеге білім тоқыту.

Бұл кім?

2. Сан кірпішті қалады,

Зәулім үйлер салады.

Бұл кім?


3. Дәрі-дәрмек береді,

Ауырудың әр түрлі,

Дауасын тауып береді.

Бұл кім?


4. Қара қылды қақ жарған,

«Әділдік» оның ұраны.

54 Қазақ тілі практикумы

Бұл кім?


5. Арманы оның көп екен,

Серігі көлік, жол екен.

Бұл кім?

Грамматикалық тақырып: Зат есімнен зат есім

тудыратын жұрнақтар.

1. Аударыңыз, –шы,-ші жұрнақтарымен жасалған мамандық атауларын

бірінші бағанға, қалған мамандық атауларын екінші бағанға жазыңыз:

Посол, врач, ученый, рыбак, сапожник, работник,писатель, учитель,

преподаватель, хлебороб, танцор, певец, парикмахер, повар.

2. «Күзетші», «омарташы», «балықшы» сөздерімен сөйлем құраңыз.

3. Аударыңыз.

1. Хатшы 1. ................

2. Күзетші 2. ................

3. Жүргізуші 3. ...............

4. Етікші 4................

5. Балықшы 5................

6. Омарташы 6.................

7. Егінші 7.................

8. Биші 8.................

9.Әнші 9..................

10.Күйші 10.................

4. Екі бағандағы сөз тіркестерін пайдаланып сөйлемдер құраңыз.

1.Жұмыс істейді Күзетші ата Күзетші атаны барлығы жақсы көреді

2.Ауылшаруашылығы Аңшы - Еркін __________________________

3. Жақсы маман Егінші-Марат __________________________

1. Суретттке қарап мәтін құраңыз.

55

4.Білікті маман Балықшы-Саят __________________________



5.Тәжірибелі маман Етікші-Омар __________________________

6.Жақсы көру Басшы-Қуат Саматұлы _____________________

7.Еңбек өтілі Студент бала __________________________

8.Туыстары қалада Есепші - Рауан __________________________

5. –шы/-ші жұрнақтары арқылы жасалған мамандық атауларымен

сөйлемдер құраңыз.

Лексикалық тақырып: Қызмет (Қызметтік міндеттер)

1. Төмендегі сөздерден мамандық атауларын жазыңыз.

1. Ұшу 1. ............................

2. Ән айту 2. ...........................

3. Күресу 3. ...........................

4. Күзету 4............................

Бастық

..................................................



..................................................

..................................................

..................................................

5. Билеу 5............................

2. Әр маман «Не істейді?» деген сұраққа жауап беріңіз.

1. Балықшы 1. ............................................

2. Елші 2. ............................................

3. Сушы 3. ............................................

4. Етікші 4..............................................

5. Дәрігер 5...............................................

6. Құрылысшы НЕ ІСТЕЙДІ ? 6...............................................

7. Мұғалім 7...............................................

8. Бағбан 8................................................

Қызметтік міндет Бұл кім?

Факсті қабылдау,

телефондарға жауап беру

Адам өміріне жауаптылығын

білу, әуе жолдарын білу

56 Қазақ тілі практикумы

Рөлдерде ойнау, сахна мәдениетін

білу

Тауарларды реттеу, есептеу,



санау, өткізу, пайда табу

9. Бақташы 9................................................

10.Кітапханашы 10..............................................

3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сіздің мамандығыңыз қандай?

2. Қай жерде жұмыс істейсіз?

3. Жұмыс орныңыз қай жерде орналасқан?

4. Лауазымыңыз қандай?

5. Қызметтік міндетіңізге не кіреді? (не кірмейді?)

4. Төмендегі үлгі бойынша өзіңіздің қызметіңіз туралы айтып беріңіз.

Менің аты-жөнім ... . Мен Кедендік бақылау комитетінде қызмет

атқарамын. Менің мамандығым ... , лауазымым ... . Менің жұмыс бөлмем

... қабатта орналасқан. Менің қызметтік міндетіме ......................................

кіреді. Осында жұмыс істегеніме ... жыл(ай, апта, күн). Жалпы, еңбек өтілім

... жыл(ай, апта, күн). Жұмысым өзіме ұнайды.

5. Тиісті әріптерді қойыңыз.

Бөл...м, лауаз...м, қ...змет, ж...мыс, м...ндет, маманд...қ, басшыл...қ, аты-жөн...м, орналасқ...н, мамандығ...м, ...р...птес, жұм...сшы, б...лме, ...имарат,

е...бек ...тілі.

6. Сәйкестендіріңіз.

1. Жүргізушінің міндеті -шаруашылықты басқару

2. Мұғалімнің міндеті -жолаушыларды жеткізу

3. Шекарашының міндеті -тапсырмаларды орындау

4. Дәрігердің міндеті -тауарларды өткізу

Форма настоящего времени обозначает действие, происходящее в момент

речи и образется с помощью 4-х глаголов: отыр– сидит, тұр – стоит,

жатыр – лежит, жүр– ходит. Данные глаголы, при помощи которых

образуется Нақ осы шақ – настоящее время, характеризует состояние

действующего лица.

57

5. Бастықтың міндеті -елін қорғау



6. Қызметкердің міндеті -білім беру

7. Сатушының міндеті -адам емдеу

7. Мәтінді аударыңыз.

Аңшылық- қазақ халқының көне кәсібі. Аңшылықта садақ ату, қақпан құру,

ор қазып, тұзақ құру сияқты әдіс, амалдар қолданылған. Ит ертіп, құс салу

да бар. Саятшылық- әрі кәсіп, әрі жігіттің жігіттігін көрсететін өнер түрі

болған.

8. Қажетті «міндеттерді» теріп жазыңыз: іссапарда жүреді, үй салады,



құжаттарға қол қояды, шай әкеледі, телефондарға жауап береді, жиналыс

ашады, жолаушыларды тасымалдайды, тауарларды сатады, бұйрық береді.

9.Диалогты аяқтаңыз.

-Айнұр, қызметкерлерді сағат 10.30-ға шақырыңызшы.

-Жарайды, Еділ Сәрсенұлы.

-Хатты Астанаға жібердіңіз бе?

-Жібергенмін, жауап та келген. Мінекейіңіз.

-Рахмет. ..........................................................

-...........................................................................

-...........................................................................

-...........................................................................

10. Ұяшықтарға тиісті мамандық атауларын жазыңыз.

11. Өз сөзіңізбен лауазымдық нұсқаулығыңызды жазып көріңіз.

1. Жалпы ережелер

1. 1.

1. 2.


1. 3.

2. Біліктілік талаптары және қажетті білім деңгейі

2. 1.

2. 3.


3. Міндеттері

---


58 Қазақ тілі практикумы

4. Құқықтары

4.1.

4.2.


4.3.

5. Жауапкершілігі

5.1.

12. Тапсырманы жазбаша орындаңыз.



1. Сізге мамандығыңыз бойынша жұмысқа орналасу керек. Газетке

жарнама беріңіз.

2. Сіз бастықсыз. Жұмысқа орналасуға келген кісіден қандай мәліметтер

сұрайсыз?

Грамматикалық тақырып: Қалып етістіктер

1. Қалып етістіктерін қойыңыз.

Аспаз тамақ дайындап ... . Наубайханашы қамырды қалыпқа салып ... .

Кітапханашы оқырманға кітап беріп ... . Балалар партада ... . Әріптестерім

сөйлесіп ... . Хатшы хат жазып ... . Қызметкерлердің көліктері аулада ... .

2. Орыс тіліне аударыңыз.

1. Мен бастықта отырмын.

2. Олар жиналыста отыр.

3. Жүргізуші келе жатыр.

4. Сендер егін жинап жатырсыңдар.

5. Ұшақ ұшып бара жатыр.

6. Сендер егін жинап жатырсыңдар.

7. Пойыз жүрмей тұр.

8. Балалар жүгіріп жүр.

3. Суреттерді әңгімелеңіз.

4. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

1. Книга лежит на столе.

2. Читатели сидят в библиотеке.

3. Рабочий стоит у стонка.

4.Они ходят на улице

5. Сакен лежит в больнице.

7. Сотрудники сидят у начальника.

8. Они стоят на остановке.

5. Бұрыс сөйлемді табыңыз.

Аспаз ас пісіріп тұр. Мұғалім сабақ түсіндіріп жатыр. Ұшақ аспанда тұр.

Әнші сахнада ән айтып жатыр. Жиналыс өтіп тұр. Аулада көлік күтіп жүр.

59

6. Сөйлемдер құраңыз.



1. Күзетші ........................................................

2. Әнші ........................................................ жатыр

3. Күйші ........................................................ жүр

4.Биші ........................................................ тұр

5.Шашатараз ........................................................ отыр

6.Шекарашы ........................................................

7.Аспаз ........................................................

7. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Ол кімде отыр? Балықшы не істеп отыр? Қызметкерлер не істеп жүр? Сіз

қайда жүрсіз? Әріптесіңіз не істеп жатыр? Достарыңыз не істеп жатыр?

Күзетші не істеп тұр? Әнші не істеп тұр?

8. Қалып етістіктерді қойыңыз.

бастықта

Мен орындықта ... .

жиналыста

үстелде


Кітап сөреде ... .

партада


көшеде

Адамдар аулада ... .

далада

терезеде


Гүл құмырада ... .

ыдыста


60 Қазақ тілі практикумы

9. Кестені толтырыңыз.

Жіктеу

есімдіктері



Отыр Жатыр Жүр Тұр

Мен


Сен

Сіз


Ол

Біз


Сендер

Сіздер


Олар

10. Диалогты оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.

-Бастық қайда?

-Ол кісі іссапарда жүр.

-Бас маман өзінде ме?

-Иә, өзінде отыр.

-Өзіңіз мақала жазып жүрсіз бе?

-Иә, жазып жатырмын.

Лексикалық тақырып: Күн тәртібі

1. Суреттерге қарап мәтін құрап айтыңыз.

2. Күн тәртібін толтырыңыз.

7.00-8.00-9.00-11. 00-13. 00-14.00-16.00-19.00-19.30-20.00-21. 00-22. 00-23. 30-24.00-

61

3. «Менің күн тәртібім» тақырыбы бойынша әңгіме құраңыз.



4. Мазмұнын айтыңыз, бірнеше сұрақтар дайындаңыз.

Мен Бостандық ауданының әкімшілігінде былтырдан бері жұмыс

істеймін. Қызметтік лауазымым – жалпы бөлім бастығы.

Жұмыс уақытым таңертеңгі сағат 8-00-де басталады .Кешкі 18-00-де

аяқталады. Түскі үзіліс уақыты 13-00-ден 14-00 аралығында.

Мен әр күні ертеңгі күнімнің жоспарын жасап отырамын. Кейде алыс

болашақты да жоспарлайтыным бар.

Менің бір күнгі кестем шамамен мынандай:

1. Таңертең 7-00 - де тұру.

2. Жұмысқа дайындалу.

3. Сағат 12-00 – де бүрсігүні болатын жиналыс жайында Астанаға

хабарласу.

4. Түстен кейін алдыңғыкүнгі іс- шараларды аяқтау.

5. Кешке жақын аппарат басшысының тапсырмасы бойынша келесі

жылдың есебін өткізу.

5.Оқып шығып, сөз тіркесін құраңыз:

19 - он тоғыз – он тоғыз минут

15 – он бес – он бес күн

2 – екі – екі сағат

5,23,45,60,6,00,36,42,362,12,4,7,2007,2030,1945,333,1991,1993,128.

6.Мәтін бойынша бір күніңіздің жұмыс жоспарын жасаңыз.

7. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз :

Мен былтыр.... , кешке жақын, таңертеңгі ас, былтырғы құжаттар, келесі

жылға жоспар, дәл қазір, жарқын болашақ, алдыңғыкүнгі іс- шаралар.

8. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.

Менің мамандығым ... . Мен күнделікті сағат ... ... . Жұмысым сағат ... ... .

Түскі үзіліс сағат ... ... .Жұмысым сағат ... ... . Үйге келген соң, тамақ ... .

Отбасымызбен ... . Балалардың сабақтарын ... . Сағат ... ұйықтауға ... .

9. Диалогты аяқтаңыз.

-Мәриә, сіз күнделікті жоспар құрасыз ба?

Нақ осы шақ (күрделі түрі) – образуется путем сочетания основного

глагола +-ып,-іп,-п или –а,-е и одного из вспомогательных глаголов отыр,

тұр, жатыр, жүр +личные окончания (-мын/-мін, -сың/-сің, -сыз/-сіз, -мыз/-міз, -сыңдар/-сіңдер). В ІІІ лице у вспомогательного глагола нулевое

окончание.

Жіктеу есімдіктері жазып отыр естіп тұр көріп жатыр қарап жүр

Мен


Сен

Сіз


Ол

Біз


Сендер

Сіздер


Олар

жазып отырмын

62 Қазақ тілі практикумы

3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1 Сіз не істеп отырсыз?

_________________________________________

2. Олар қайда бара жатыр?

_________________________________________

3. Мұғалім келе жатыр ма?

_________________________________________

4. Жұмысқа не апара жатырсыздар?

_________________________________________

5. Олар әкеле жатыр ма?

_________________________________________

4. Көп нүктенің орнына осы шақ етістіктерін қойыңыз.

Жаз (отыр)

Сен жаттығу ... ... . Ол кітап ... ... . Біз өтініш ... ... . Сіздер хат ... ... .

Сөйле (тұр)

Ол жиналыста ... ... . Біз дәрісханада ... ... . Сен бастықта ... ... .

Әкел (жүр)

Мен оқулық ... ... . Ол құжаттарды ... ... . Олар қағаздарды ... ... .

Бар (жатыр)

Мен жұмысқа ... ... . Сендер театрға ... ... . Олар кітапханаға ... ... .

5. Қазақ тіліне аударыңыз.

Я иду на работу. Вы пишите письмо. Они гуляют на улице. Я несу

документы. Он читает газеты. Ты идешь к начальнику. Она отвечает на

вопросы.

6. Тиісті әріптерді қойыңыз.

Мен жұмысқа бар...мын. Нағашым ауылдан базарлық әкел... ді. Олар

отбасымен теледидар көр...ді. Оқырмандар кітапханада кітап оқ...ды.

В казахском языке имеются три вида будущего времени: переходное

будущее время, будущее время цели, будущее предположительное время.

Из них в речи наиболее часто употребляются переходное будущее время.

7. Етістіктерді болжалды келер шақ формасында жазыңыз.

Жіктеу есімдіктері Бару Келу Сөйлеу Қарау

Мен


Сен

Сіз


Ол

Біз


Сендер

Барармын


Сөйлер

Қарармын

63

Біз


Сендер

Сіздер


Олар Келер

8. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Ертерек кетпекші, бармақ емессің, қолөнер үйренбек, мал шашпақ, айтып

қоймақ, өнер шашпақ.

9. Берілген етістіктерден мақсатты келер шақ жасап, әрқайсысымен

сөйлем құраңыз.

Үлгі: Аш-ашпақ. Наданның көңілін қойып, көзін ашпақ. (Абай)

Шаш, үйрен, қой, сөйле.

10. Етістіктерді салыстырыңыз, шақтарын анықтаңыз.

Ол университетте оқиды. Ол болашақта осы университетте оқиды.

Жұмыскерлер бастыққа барады. Күте тұрса, бастық та келеді.

Ол Алматыға барады. Ол есейгенде Алматыға барады.

11. Сөйлемдерден етістіктерді тауып, шақтарын анықтаңыз.

Мен ылғи ерте тұрамын. Әсет кітап оқиды. Жұмыскерлер келе жатыр. Олар

сөйлесіп тұр. Жақсымен жолдас болсаң жетерсің мұратқа. Жаманмен дос

болсаң қаларсың ұятқа. Жас-қартаймақ, жоқ-тумақ, туған-өлмек. Батыр жігіт

қол бастар.

12. Мақал-мәтелдердің жалғасын табыңыз, аударыңыз.

1.Еңбек етсең- ........ .

2.Күшіңе сенбе, .................... .

3. Еңбектің наны тәтті, ................. .

4. Еңбек етсең ерінбей,................... .

5. Орақшының жаманы, ..................... .

6. Етікшіні балға мен біз асырайды, егіншіні ................... .

7.Бір кісі қазған құдықтан, ....................................... .

13. Сөздік диктант

Мамандық, әріптесім, құрылысшы, дәрігер, бағбан, балықшы, омарташы,

кәсіпкер, сыйлайды, еңбек етеді, еңбек өтілі, тәжірибе, икемділік, өмір, егін

егеді, ас пісіреді, бала оқытады, лауазымдық нұсқаулық, жұмыстарыңыз,

бөлме, ғимарат, міндет, құқық, сөйлесіп отыр, жазып жүр, айтып жатыр,

келіп тұр, таңертең тұру, күн тәртібі, тамақтанамын, түскі үзіліс.

64 Қазақ тілі практикумы

4. Уақыт

Лексикалық тақырып: Жыл мезгілдері

1.Айларды жазыңыз

Қыс Жаз


Көктем Күз

2. Қажетті сөздерді теріп жазыңыз: аптап ыстық болады, күн жылынады,

қар ериді, жапырақтар сарғаяды, ұйытқып жел соғады, аяз болады, үскірік,

көк шығады, жапырақтар түседі, жаңбыр жиі жауады, найзағай ойнайды,

күн ысиды, адамдар өзен, көлдерде шомылады.

Қыста ........................................................................................

Көктемде ...................................................................................... ...

Жазда .........................................................................................

Күзде ................................................................................... ......

3. Ай аттарымен сөйлем құраңыз

65

4. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз



... 100 жыл бар,...12 ай бар, ...4 апта бар, ...7 күн бар, ...24 сағат бар, ...60

минут бар, ...60 секунд.

5. Әр жыл мезгіліне қатысты айтылатын сөз тіркестерінің қатарын

жалғастырыңыз.

1. Аязды күн, .........................................................................

2. Жылы жел, ..........................................................................

3. Ыстық күн, .......................................................................

4. Жапырақтар түседі, .................................................

Әр мезгілге сурет бойынша мәтін құраңыз.

7. Диалогты жалғастырыңыз.

-Анна, сізге қай мезгіл ұнайды?

-Маған көктем ұнайды.

-Ал, сіз қазақша көктем айларын білесіз бе?

-Білемін. ........................................................

-.......................................................................

-......................................................................

-.....................................................................

8. Сұрақтарға жауап беріңіз

1. Бір жылда қанша ай бар?

66 Қазақ тілі практикумы

2. Жыл мезгілі нешеу?

3. Қыс айларын атаңыз.

4. Көктем айларын атаңыз.

5. Жаз айларын атаңыз.

6. Күз айларын атаңыз.

7. Сізге жылдың қай мезгілі ұнайды? Себебі.

8. Бүгін аптаның қай күні?

9. Сіздің туған күніңіз қашан?

10.Ертең нешесі?

11.Әріптесіңіз Астанаға қашан барады?

12.Балаңыздың туған күні қашан?

13.Әке-шешеңіз қашан келеді?

9. Ойды аяқтаңыз.

1.Менің туған күнім . ............................................................................................

2.Атамның туған күні . ..........................................................................................

3. Олардың үйлену тойлары . .............................................................................

4. Әли демалысқа шығады .......................................................................

10. Кестені толтырыңыз (Ұяшықтағы сөздер: Жыл мезгілдері, ай аттары,

апта күндері, мүшел жылдар)

Жыл мезгілдер Ай аттары Апта күндері Мүшел жылдар

67

11. Мәтінге ат қойыңыз. Мазмұнын айтыңыз.



Жылдың төрт мезгілі бар: көктем, жаз, күз, қыс.Наурыз, сәуір, мамыр

көктем айлары.Бұл кезде күн жылына бастайды. Түн қысқарып, күн ұзарады.

Көктем туғанда, ерекше мереке Наурыз мейрамы тойланады. 22 наурыз

– шығыс халықтарының жаңа жылы. Наурыз парсы сөзі, “Жаңа күн” деген

мағынаны береді. Жылдың төрт мезгілінің бірі – жаз. Маусым, шілде, тамыз

– жаз айлары.

Жазда шыққанда, күн ыстық, ашық болады. Жаңбыр аз жауады. Күн

ұзақ, түн қысқа болады.

Күз – жылдың төрт мезгілінің бірі. Қыркүйек, қазан, қараша – күз айлары.

Күз келгенде, күн қысқарады, түн ұзарады. Қараңғылық ерте түседі. Жаңбыр

да жиі-жиі жауады. Ал адамдар қысқа әзірлікке кіріседі.Күз - ерекше мезгіл.

Қазақ күзді қоңыр күз, күрең күз деп атайды.

Ең әдемі де ерекше мезгілдің бірі – қыс. Желтоқсан, қаңтар, ақпан – қыс

айлары.


Күзден кейін қыс келеді. Қыс түскенде дала, орман, үйлер де ақ қар

жамылады. Өзендер мен көлдердің бетіне мұз қатады. Жыл мезгілдерінің

ең суық та қаһарлы кезі – осы қыс айлары.Бір жылда 365 күн бар. Бір айда

30 күн бар. Бір айда 4 апта бар. Бір аптада 7 күн бар. Олар: дүйсенбі, сейсенбі,

сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

12.Тиісті жалғауларды қойыңыз:

Мамыр ... төрт ... , тамыз .... жеті ... , қазан ... сегіз ... , қараша ... он бір ...,

наурыз ... он алты ... , тоғыз ... маусым , жиырма екі ... ақпан, отыз ..., қыркүйек.

13. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қыс айлары ... ?

2. Қыста күн ... болады?


Каталог: uploads -> doc -> 087a
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
087a -> Сабақтың тақырыбы: Санды өрнектер. Санды теңдіктер. Тура санды теңдіктердің қасиеттері Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет