————————————————————————————————
200 Қазақ тілі практикумы
2. «Бесікке салар» кімге беріледі?
————————————————————————————————
3. Не себепті бесікке тұмар іледі?
————————————————————————————————
4.Бесікті не себепті талдан жасайды?
————————————————————————————————
6. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.
Разрезание пут. Этот ритуал проводится, когда малыш делает первые
шаги. Его ножки обвязывают тонким пестрым шнурком или веревкой,
сплетенной из травы, разрезать которые доверяют энергичному
многодетному человеку. Обряд сопровождается песнями и пожеланиями,
чтобы ребенок твердо стоял на ногах, уверенно шел по жизни. Ритуал
завершается тоем. В старину после «тұсаукесер» ребенку дарили коня и
седло. Пестрый шнурок подразумевает, что в жизни бывают не только
белые, но и черные полосы – будущий джигит должен уметь преодолевать
трудности. Веревка, сплетенная из травы, означает процветающую жизнь и
много детей. ( Мұхамадиева Н.Қ. Үстемір Н.Ә. «Қазақ тілі»)
7. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыз.
Сүндетке отыру, мұсылмандықтың белгісі, ат мінгізу, сыйға тарту, жігіт болу,
той төресі.
8. Сүндет тойда айтылатын тілекті оқыңыз. Көп нүктенің орнына тиісті
сөздерді қойыңыз.
Мұсылмандық – бұл міндет, құтты болсын бұл ........................... .
Өмір жолы – ұзақ жол, ұзақ жолда талмағын,
Еңбек, ................, ғылымда қатарыңнан қалмағын.
................ болсын талғамың,
Халқың ............................... адам бол – орындалсын арманың!
9. Мәтінді ретімен орналастырыңыз. Аударыңыз.
1. Алғашқыда күйеу жігіттің әке-шешесі, ағайын-туыстары болашақ келіннің
үйіне келіп – қыз ата-анасының, туыстарының ризалығын алып, құда
болысып, тойдың барысы жайлы сөз байласады.
2. Үйлену – алдымен бірін-бірі сүйіп-ұнатқан қыз бен жігіттің ата-ана, ағайын-туғандары танысып-білісуінен басталады.
3. Олардың келісімі бойынша қыз ұзату, келін түсіру тойлары бөлек-бөлек
өткізіледі.
4. Сол себепті халқымыз үйлену тойын аса қастерлеп, оны өткізуге жыл
бұрын алдын-ала қам-қарекет жасаған.
5. Үйлену, өз алдына отау тігіп, түтін түтету – адам өміріндегі ең елеулі,
ұмытылмас кезең, екі жастың жұлдызы жарқырап жанған күні.
10. Берілген сөздердің синонимдерін табыңыз.
Үйлену - .................................................................................................... ...................
201
Қауым - ................................................................................................... ....................
Қымбатты - .................................................................................................... ..............
Отау - ................................................................................................... ....................
Бала - ................................................................................................... ....................
Дәлет - ................................................................................................ ......................
Туыс - .................................................................................................. .....................
Тұнық - .................................................................................................... ...................
11. Мақал – мәтелдерді аударыңыз. Жаттап алыңыз.
1. Жол мұраты – жету, қыз мұраты – кету.
2. Тойдың болғанынан,
Боладысы қызық.
3. Күйеу – жүз жылдық,
Құда – мың жылдық.
4. Құдай қосқан – құда болады,
Пайғамбар қосқан – дос болады.
5. Аяғын көріп, асын іш.
Анасын көріп, қызын ал.
6. Той – құдайдың қазынасы.
Грамматикалық тақырып: Шылау
Шылау (служебные слова) – это категория слов, которые не обладают
самостоятельным лексическим значением и синтаксической функцией в
предложении. Они лишь уточняют грамматическое значение и дополняют
смысловые оттенки отдельных слов.1.Септеулік шылаулар (послелоги) –
соответствуют русским предлогам, обычно стоят после знаменательных
слов. 2.Жалғаулық шылаулар (союзы) – служат для соединения
однородных членов предложения и предложений. 3.Демеулік шылаулар
(частицы) – придают различные эмоционально-экспрессивные оттенки и
дополнительные смысловые значения отдельным словам и предложениям.
1. Берілген септеулік шылаулармен сөйлемдер құраңыз.
1. Үшін ———————————————————————————
2. Кейін ———————————————————————————
3. Қарай ———————————————————————————
4. Бері ———————————————————————————
5. Дейін ———————————————————————————
6. Туралы ———————————————————————————
7. Бойынша ———————————————————————————
8. Басқа ———————————————————————————
202 Қазақ тілі практикумы
2. Кестені толтырыңыз. Жалғаулық шылаулармен сөйлемдер құраңыз.
Ыңғайластық
Мен/бен/пен/, да/де,та/те
және
Қарсылықты
Алайда, дегенмен, бірақ,
әйтсе де, бірақ та,
Талғаулықты
әлде, кейде,бірде, ал, не, яки
болмаса, енді, яғни, біресе
Себепті
Себебі, өйткені
Салдарлық
Сол себепті, сол үшін,
сондықтан
Шарттық
егер..., онда ... .
3. Көп нүктенің орнына тиісті демеулік шылауларын қойыңыз.
Емес, түгіл, ше, мыс, әсіресе, ғана, ме, жоқ, тек, ау.
1. Ол өзіне .................... сенеді.
2. Орал тәттіні жақсы көреді, .................. тортты ұнатады.
3. Бұл .................. басы ғана, қызық ертең басталады.
4. Жаным - ..........., не айтып тұрсың?
5. Мына көлік жүре ......... екен?
6. Олар ............. ?
7. Ғалымдар солай айтыпты- ....... .
8. Кіші .................. үлкеннің өзі қызығып кетті.
9. Олай болған ............. .
10. Кітаптар балалардікі ......... .
4. Диалогты шылауларды пайдалана отырып жалғастырыңыз.
- Кәмилә, Астанаға келгеңізге көп болды ма?
- Екі аптадай ғана болды.
- Дегенмен, Астананы аралап көрген боларсыз?
- Көрдім, Астана шынында да әсем қала екен, әсіресе, Есілдің жағалауында
серуендеу маған қатты ұнады.
- Иә, Алматыда Алатау болғанымен, бірақ Есіл жоқ қой.
- Дұрыс айтасыз, Алматыда туылып, Алматыда өскенімізбен, Астана да өз
қаламыз ғой.
203
- .................................................................................................. .........................................
- .................................................................................................. .........................................
- .................................................................................................. .........................................
- .................................................................................................. ..........................................
5. Сұрақтарға шылаулармен жауап беріңіз.
1. Сіз жұмыста қанша уақыт боласыз?
____________________________________________________________
2. Кітап қызық па екен?
____________________________________________________________
3. Семинарға кімдер қатыспады?
____________________________________________________________
4. Неге келмедіңіз?
____________________________________________________________
5. Бұл әңгімені кім айтты?
____________________________________________________________
6. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.
1. Для того чтобы поехать в горы, мы выбрали короткий путь.
2. Об этом никто незнает.
3. Мы ему поверили, но, это оказалось не правдой.
4. Нурлан и Нурбек ремонтируют машину.
5. Но все таки он был прав.
Лексикалық тақырып: Ұлттық ойындар (бәйге, көкпар, қыз қуу, тоғыз
құмалақ)
1. Мәтінді мәнерлеп оқып, аударыңыз.
Бәйге
Қазақтың ұлттық ойындарының ішінде ең кең тараған түрі - ат жарысы.
Бұны біздің халқымыз көбіне «бәйге», «аламан бәйге» деп атайды. Бәйге,
көбінесе, үлкен тойларда, мерекелер мен ас беру кезінде өткізіледі. Бәйгеге
мықты да жүйрік аты бар, өзі де ат құлағында ойнайтын өнерлі шабандоз
жігіттер қатыса алады. Олар бәйге аттарын арнайы жаратады. Жарысты
жүргізуші қатысушыларды күні бұрын, яғни алдынала белгіленген жерге
(көмбеге) алып барады. Ол атшабарларды қатарластыра тұрғызып,
көмбеден шығуға белгі береді. Сөйтіп жарыс басталады. Бәйге осы күнге
дейін өз мәнін жойған жоқ. Керісінше, бүкілхалықтық мәнге ие болды. (Мұса
А.О. Төленов І.М. «Қазақ тілі»)
204 Қазақ тілі практикумы
2. Мәтін бойынша тапсырмалар.
1. Мәтінді өз сөзіңізбен айтып беріңіз.
2. Мәтін бойынша бірнеше сұрақтар дайындаңыз.
3. Жаңа сөздерін жаттап алыңыз.
3. Мәтінді оқып, аударыңыз.
Тоғызқұмалақ
Тоғызқұмалақ – қазақ халқының ертеден келе жатқан есеп ойыны. Бұл
ойын тақ сандар мен жұп сандардың өзара тартысына құралған. Бұл күндері
тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада ойналады. Бұл тақтаның ойылып
жасалған он сегіз ұясы – шұңқыр бар. Мұны тоғызқұмалақ тілінде «отау»
деп атайды. Әр бір ойыншының тоғыз-тоғыздан отауы, құмалақ жинайтын
бір-бірден «қазаны» болады. Отаулар тоғыз-тоғыздан қарама-қарсы түске
боялып қойылады. Мысалы, қызыл мен көк, ақ пен қара. Отаулардағы
құмалақтардың барлығы да тоғыз-тоғыздан болады, яғни тақ сандар. Ойын
осы тақ сандармен басталады. Қай түсті тақтаны қай ойыншының
иемденетіндігі жеребе арқылы шешіледі. Ойыншы солдан оңға қарай кез-келген отаудан бастап жүреді. Сөйтіп, ойын жалғасады. Тоғызқұмалақ ойыны,
негізінен, Орталық Азияда кеңінен тараған. Қазақ пен қырғыз мемлекеттерінде
республикалық, халықаралық жарыстар өтіп жүр. Қазіргі уақытта бұл ойын
жақсы дамып келеді. (Мұса А.О. Төленов І.М. «Қазақ тілі»)
4. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Тоғызқұмалақты не себепті «есеп ойыны» деп атайды?
————————————————————————————————
2. «Отау» дегеніміз не?
————————————————————————————————
3. «Қазан» дегеніміз не?
————————————————————————————————
4. Құмалақтардың саны нешеден болу керек?
————————————————————————————————
5. Бұл ойын қай жерлерде ойналады?
————————————————————————————————
5. Суреттердегі ойын түрлерін әңгімелеңіз.
205
6. Мәтінді оқып, аударыңыз.
Ақсүйек
Ай сүттей жарық түндерде, жаздыгүні қыз балалар мен ер балалар
араласып ойнай береді. Ойынға ертеде ірі қараның жілігі пайдаланылған.
Соған орай ойын да «Ақсүйек» деп аталған. Жиналғандар екі топқа бөлінеді.
Ойын бастаушы ақ сүйекті лақтырады. Басқалары ақ сүйектен көз алмай,
қай шамаға түсетінін бақылайды. Ақ сүйек жерге түскен соң бастаушы:
«Ал іздеңдер!» - деп бұйырады. Бәрі іздейді. Ақ сүйекті тапқаны: «Мен
таптым!» - деп айқайлайды да, ақ сүйекті жоғары көтереді. Содан соң
көмбеге қарай жүгіре жөнеледі. Қарсылстары оны ұстап алуға тиіс. Ұсталып
қалса, ақ сүйекті соған береді. Сөйтіп, ақ сүйекті қай топтың ойыншысы
көмбеге жеткізсе, сол топ жеңеді. Қарсы топтағылар жеңілген есебінде ән
салып, күй тартады т.б. өнер көрсетеді. Ойын кезінде басқа сүйекті
пайдалануға болмайды. («Қазақ әдебиеті» газетінен)
7. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыз.
Сүттей жарық, көз алмайды, жоғары көтереді, көмбеге қарай, топ жеңеді,
қарсы топтағылар.
8. Мәтінді оқып, аударыңыз, жалғастырыңыз.
Айгөлек
«Айгөлек» кең тараған қазақтың ұлттық ойындарының бірі. Ойын тәртібі:
Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Жазық жерде, аралығы отыз қадамдай
қашықтықта қарама-қарсы қол ұстасып тұрады.. Ойын жүргізушісі бір
қолына ақ тас, екінші қолына қара тас ұстап тұрады. Екі топтан бір-бір
адамнан ортаға шақырады. Кім ақ тасты тапса сол ойыншының тобы ойынды
бастайды.
Ақ тасты тапқан топ «Айгөлек-ау, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек. Бізден
сізге кім керек?» - деп әндете сұрайды. ...........................................
.................................................................................................... .......................................................................
.................................................................................................... .................................................................................................... .......................
9. Берілген сөздер мен, сөз тіркестерін пайдаланып «Қазақтың ұлттық
ойындары» атты шағын мәтін құраңыз. Көкпар, қыз қуу, алтыбақан,
ақсүйек, бәйге, ұлттық ойын, ежелден бар, тәлім-тәрбие, ойын тәртібі, салт-дәстүр, мазмұны терең, бүгінгі күнде, қарсы топ, ән айтады, жастар ойнайды,
аламан бәйге, қыз бен жігіт, жүйрік ат, жиналған қауым.
206 Қазақ тілі практикумы
Грамматикалық тақырып: Еліктеу сөздер
Слова, появление которых связано с подражанием на звуки явлений,
действий и их образов в окружений нас среде – называютсяеліктеуіш
сөздер (подражательные слова): тарс-тұрс (стук-стук), қорс-қорс (хрю-хрю), мө-ө (му-у). Еліктеу сөздер по значению делится на: 1.Дыбыс
еліктеуіш сөздер (звукоподражательные слова): қарқ-қарқ (кар-кар –
каркание) арс-арс (гав-гав – лаяние собаки). 2.Бейнелеуіш сөздер
(образоподражательные слова) жалт-жұлт – (блеснуть, отблеск), ағараң-ағараң (белеющий вдали предмет).
1. Еліктеу сөздерді теріп жазыңыз, аударыңыз.
Бір топ адам қарқ-қарқ күледі. Алыстан бір нәрсе ағараңдайды.
Тыныштық, шыбынның ызыңы мен қамыстың сыбдыры ғана ақырын естіліп
тұр. Түнде жауған қар даланы сиқырға айналдырып, жалт-жұлт етеді.
Ошақтағы от лапылдап жанып тұр. Терезеге жаңбыр тырс-тырс тиеді.
Балпаң-балпаң басқан үйректер, көлге қарай бара жатыр. Қарға жерге жалп
етті, ірімшігі салп етті. Қабырғадағы сағат сырт-сырт соғып тұр.
2. Еліктеу сөздермен сөйлемдер құраңыз.
Тыр ________________________________________________________
Тарс-тұрс ___________________________________________________
Шолп _______________________________________________________
Сарт _______________________________________________________
Көлбең-көлбең _______________________________________________
Жарқ-жұрқ __________________________________________________
Тырбың-тырбың _____________________________________________
3. Сұрақтарға еліктеу сөздермен жауап беріңіз.
1.Су бетінде балық қалай секіреді?
___________________________________________________________
2. От қалай жанып тұр?
___________________________________________________________
207
3. Көкек не деп шақырады?
___________________________________________________________
4. Тамшы қалай тамып тұр?
___________________________________________________________
5. Жылтыр көйлек көзге қалай көрінеді?
___________________________________________________________
6. Ит қалай үреді?
___________________________________________________________
7. Кітап жерге қайтіп түсті?
___________________________________________________________
8. Жер бетінде қар қайтіп жатыр?
___________________________________________________________
208 Қазақ тілі практикумы
4. Көп нүктенің орнына тиісті еліктеу сөздерді қойыңыз.
Жыбыр-жыбыр, мырс-мырс, маң-маң, у-шу, қиқаң-қиқаң, сылдыр-сылдыр,
бұрқ-сарқ.
1. ........................... басқан түйелер. 2.Балалар сыныпта .................................. етеді.
3.Тамақ қазанда ..................... қайнап жатыр. 4. Өзен ақырын .........................
етіп ағып жатыр. 5. Арба алыстан .................................... етіп келе жатыр. 6.
Жер бетінде ................................ тіршілік басталды. 7. Сәрсенбек ата баласының
қылығына ....................... күлді.
5. Еліктеу сөздерді орыс тіліне аударыңыз.
Тарс-тұрс - .............................................
Жылт-жылт - ..........................................
У-шу - .....................................................
Арс - .......................................................
Былш - ....................................................
Мө-ө - .....................................................
Тырбың-тырбың - ..................................
6. Жоғарыда берілмеген, өзіңіз білетін 10 еліктеу сөзді жазыңыз.
1. ................................ 6. ....................................
2. ................................ 7. ....................................
3. ................................ 8. ....................................
4. ................................ 9. ....................................
5. ................................ 10. ...................................
Лексикалық тақырып: Ырымдар, салт - дәстүрлер
1. Мәтінді оқып, аударыңыз.
Айды қолмен сілтеп көрсетпе.Себебі ай, күн, жұлдыз, халыққа тылсым
дүние болып көрінген. Ерте заманнан ай киелі саналған. Жаңа туған айға
сәлем беру әлі де бар. Сондықтан киелі нәрсені саусақпен көрсетуге болмайды.
Бас киіммен ойнама. Бас киімді біреуге берме. Бас адамның ең қадірлі
мүшесі. Сол себепті басқа киетін киімді басу, ойнау жаман ырым болып
есептелінеді. Егер бас киіміңді басқа адамға берсең бағың кетеді деп
ырымдайды. Екіншіден, бұл тазалықтың белгісі.
Үй айналма.Қазақтың киелі панасы өзінің үйі. Үйде ысқыруға, үйге
қарай жүгіруге, үйге қарап дәрет сындыруға болмайды.Үйді жау шапқанда,
адам не істерін білмегенде айналады. Ал бейбіт, бақытты өмір кезінде бұлай
істеу сол жаманшылықтарды шақырады деп есептейді.
Босағаға сүйенбе, керме. Шаңырақ, босаға қазақ ұғымында киелі
дүниелер. Халқымыз жақсы тілек тілегенде: «Шаңырағың биік, керегең кең,
209
босағаң берік болсын!» - дейді. Келін түскенде «босағаны аттады» - дейді.
Біріншіден, бұл босағаны қадірлеу болса, екіншіден босағаға сүйену, керу,
жаман ырым саналады. Босаға қашанда ашық, еркін тұруы керек.
2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Айды не себептен қолмен көрсетуге болмайды?
————————————————————————————————
2. Айға қатысты тағы қандай ырымдарды білесіз?
————————————————————————————————
3. Бас киімге қатысты ырымдарды қалай түсіндіресіз?
————————————————————————————————
4. Үйге, шаңыраққа қатысты қандай ырымдар білесіз?
————————————————————————————————
3. Ырымдардың себебін жазыңыз.
1. Ақты төкпе ——————————————————————————
2. Нанмен ойнама ————————————————————————
3. Зиратты қолыңмен көрсетпе ————————————————-——
4. Жұлдызды санама ———————————————————————
5. Әйел адам түнде құдықтан су алмайды ——————————————
————————————————————————————————
4. Мәтінді аударыңыз. Мазмұнын айтыңыз.
Асар
Асар – салт. «Ауылға асар жасайтынын хабарлайды». Бір отбасының
қолынан келмейтін жұмыстарды атқару үшін бір ауылдың адамдары «асарға
шақырылады». Мысалы: үй салғанда, мол егін жинағанда, шөп шапқанда,
тағы сол сияқты көлемді, ауыр жұмыстарға шақырылады. Асарға
қатысушылар еңбегі үшін ақы сұрамайды. Асарға шақырушы адам соларға
арнайы мал сойып, қымыз құйып, жақсы ас әзірлеп, тойғызады. Асар –
қазақ елінің ұжымдасып жұмыс істеуінің әдемі бір көрінісі.
5. Берілген сөздермен, сөз тіркестерімен шағын мәтін құраңыз.
Өсиет айту – дәстүр, ғұрып
Ұрпаққа ақыл, өсиет, өнеге, тәлім-тәрбие, кейінгі ұрпақ, соңғы тапсырма,
бұлжытпай орындау.
6. Сұрақтарға түсіндірме сөздіктерден қарап, жауап беріңіз.
1. Енші беру - қандай салт?
___________________________________________________________
2. Айып - қандай салт, заң жолын түсіндіріңіз.
___________________________________________________________
210 Қазақ тілі практикумы
3. Діни салт – айт туралы білесіз бе?
___________________________________________________________
7. Мәтінді оқып, түсініңіз. Қандай салт туралы айтылып тұрғандығын
табыңыз.
1. Көшпелі қазақ халқы көшуді салтанат санаған. Көшкенде әдемі, жаңа
киімдерін киетін. Жүк артқан түйелерге кілем, оюлы сырмақ жабатын
болған. Еру отырған ауылдардың жанына қонғанда, олар көшті жабыла
қарсы алып, «қоныс жайлы болсын» айтқан. Еру отырған ауылдар шай,
қымыз, тіпті қой сойып апаратын болған.
Бүгінгі күнде ауылға жаңа көшіп келген шаңырақты ауыл адамдары
қонаққа шақырып, танысады. Көнеден келе жатқан салт осылайша жалғасын
тауып отыр.
Бұл қандай дәстүр? ________________________________________
2. Бұл мұсылманның бес парызының бірі. Бұл салтты кейде «ауыз бекіту»
деп те атайды. Ауыз бекіткен адам отыз күн бойы күндіз тамақ ішпейді,
әдепсіз ой ойлмайды, жаман сөз айтпайды, қиянат жасамайды. Күн шықпас
бұрын таңертеңгілік сәресі ішіп, күн батқан соң ғана ауызын ашады. Ауыл
адамдары аузы берік адамдарды «ауыз ашарға» шақырады.
Бұл қандай салт? ___________________________________________
8. Мақал-мәтелдерді пайдаланып, сөйлемдер құраңыз.
1. Бала тәрбиесі – бесіктен.
2. Су ішкен құдығыңа түкірме.
3. «Сіз» деген әдеп,
«Біз» деген көмек.
4. Баланы жастан,
Келінді бастан.
Грамматикалық тақырып: Синонимдер
Синонимдер – это различне по звучанию и написанию, но одинаковые
или очень близкие по лексическому значению слова. Синонимы
отличаются друг от друга оттенками значений или стилистическими
функциями одновременно.
1. Синонимдік қатарды жалғастырыңыз.
1. Әдемі, сұлу, ...........................................................................................
2. Батыр, ....................................................................................................
3. Жақсы, ...................................................................................................
4. Тез, .................................................................................................... ....
5. Ағайын, .................................................................................................
211
2. Мәтіннен синоним сөздерді тауып, мағынасын анықтаңыз.
Сөздің атасы мен анасы
Қаздауысты Қазыбектің атағы шығып тұрған кезде аулына бір саудагер
келіпті. Түстеніп, тамақ ішіп болған соң Қазыбекке:
- Би, бір сөз сұрайын деп едім,- депті саудагер.
Қазыбек «сұраңыз» деп ырзалық білдіріпті.
-Бір керуен едік, өзара дауластық та, таластық та, ойластық та, бірақ
шешуін таба алмай қойдық. «Сөздің атасы кім, анасы кім?»-депті.
Қазыбек ойланып, толғанып жауап бергенше: «Япырай, бұл сөзді
саудагер ғана білмейді екен десек, қазақтың Қазыбегі де білмейді екен ғой;
биыл таппасаң, ендігі жылы табарсыз»,-деп үйден шығып кетті.
Қазыбек орнынан тұрып, іле-шала тысқа шықса, саудагер асығыс атқа
мініп қалған екен.
-Япырай, артыңа қарамай асығыс аттанғаның не? Әлгі сөздің шешуін
іздеп, ендігі жылы екі келіп саудаңнан қаларсың, артыңа қарамайтын болып
кет. Сөздің атасы- бірлік, анасы- шындық! Жолың болсын, жүрген жеріңде
айта жүр!- депті. Сондаааа саудагер атынан түсіп, Қазыбектің қолын алып,
қош айтысқан екен.
3. Берілген фразеологизмдердің мағынасын анықтаңыз, синонимін
Достарыңызбен бөлісу: |